Басы » Бастауыш сыныптар » Жуан және жіңішке айтылатын сөздер

Жуан және жіңішке айтылатын сөздер

Қызылорда облысы,
Жалағаш ауданы,
№ 201 орта мектеп-лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі  Нурова Динара
Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке айтылатын сөздер.

Сабақтің мақсаты:  Оқушылардың жуан және жіңішке айтылатын сөздер
туралы түсініктерін кеңейту. Өз ойларын ашық айта
білуге үйрету. Ой-өрісін, сөздік қорларын және есте
сақтау танымдық қабілеттерін дамыту. Әдемі, көркемдеп
жазуға баулу. Тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту.
Адамгершілікке, ізеттілікке, білімді болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қима қағаздар.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, тапсырмалар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық.
Ұранымыз – жақсы оқу, үлгілі болу.
Мақсатымыз – Еңбектену, 5 – ке қолды жеткізу
— Жарайсыңдар балалар, олай болса бүгінгі біздің сабағымызға көптеген қонақтар қатысып отыр. Осы қонақтарға біз бар білімізді көрсете аламыз ба?
— Әрине көрсетуге дайынбыз.
— Ендеше сабағымызды бастайық.  Мен сіздерге бірнеше сұрақтар қойғым келіп отыр.
1. Қазақ тілінде неше әріп бар?
2. Оның нешеуі дыбыс, нешеуі белгі?
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді?
4. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? Оларды ата?(а, ә, е, о, ө, ұ, ү, ы, і, и, ю, я, ё, э, (у))
5. Жуан дауысты дыбыстарды ата? а, о, ы, ұ.
6. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата? ә, е, ө, і, ү
7. «У» қандай дыбысқа жатады?
8. Я, Ю, Ё  қандай дыбыстар?(қосарлы дыбыстар)
— Жарайсыңдар балалар, біз бүгін жуан және жіңішке дауысты дыбыстарға байланысты көптеген сөздер үйренеміз және тапсырмалар орындаймыз.
1-тапсырма. «Қай әріпті жоғалттым» ойыны.
Т…рғай, ағ…ш, сызғ…ш, әр..п, еңб…к, д…птер.
Осы жерде балалар ережені еске түсіріп алайықшы. Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады. Мыс: торғай, ағаш.
Ал, сөздегі дауысты дыбыстаржіңішке болса, онда сөз жіңішке айтылады.
— Ал енді жаңағы бірінші тапсырманы кім қорғайды?

  • Жарайсыңдар, балалар. Ендеше екінші тапсырмаға көшейік. Бұл тапсырма топтық жұмыс болады. Бәріміз біріге отырып,ойласып орындаймыз.
    2 – тапсырма.
    Мына сөздердің қайсысы жуан айтылады, қайсысы жіңішке айтылады? Жуан айтылатын сөздерді бірінші бағанға, жіңішке айтылатын сөздерді екінші бағанға бөліп жазамыз.
    Ауыл, бесік, ойын, мақта, кесте, тақта, перде, еден, қалам, қолғап, желім, сабақ, өзен.

Жуан                                                Жіңішке
________                                        ___________
________                                        ___________
________                                        ___________
________                                        ___________
________                                        ___________
________                                        ___________
________                                        ___________

 

ІІІ. Сергіту сәті.
Жаза, жаза жазуды
Талып кетті – ау көзіміз.
Бір, екі, үш
Бойға жинап күш,
Жалқаулықты тастайық,
Талапты бола бастайық.
— Тамаша, Балалар сабағымызды әрі қарай жалғастыруға дайынбыз ба?
— Дайынбыз.
— Олай болса бізге берілген үшінші тапсырма да топпен орындалатын тапсырма, бәріміз ұйымдасып, ойласа отырып орындаймыз.
3 – тапсырма. Буындардан сөз құрау
І — топқа жемістер.
Ал – ша, жү – зім.
ІІ – топқа төрт түлік.
Жыл – қы, еш – кі.
ІІІ – топқа адам аттары
Ай – ша, Зе – ре.
ҮІ – топқа оқу құралдары
Сыз – ғыш, дәп – тер.

ҮІ. Көркем жазу минуты. Оқушыларға көркем жазу дәптерлеріне жазу үлгісін жазғызу. Әр оқушы өз ойынан жуан және жіңішке айтылатын сөздер жазу
4 – тапсырма. Сәйкестендіру тесті.
Берілген сөздердің қосымшаларын схема сызықтар арқылы табу.

І – топ.
Өзен               лар
қой                 ді
кел                ге
бала              ды
ІІ – топ.
Әже             ға
Күн             дар
Қыз            ге
Сиыр          ні
ІІІ – топ.
Күн            ға
Сықыр       тер
Түс            лап
Қар            ге
ҮІ – топ.
Қыс           ден
Шана         ті
Төбе          та
Теп            ны

 

 

5 – тапсырма. Сөйлем құрау. Суретпен жұмыс.

І – топ.                                               ІІ – топ.

«дәптер»                                           «парта»

ІІІ – топ.                                            ҮІ – топ.

«қалам»                                             «терезе»

6 – тапсырма. Қорытынды.

Оқушылардың барлығына жуан және жіңішке сөздер жазылған таратпалар беріледі. Сол сөздерді оқушылар оқып, талдап, жуан дауысты дыбыстар ауылы, жіңішке дауысты дыбыстар ауылы болып екі топқа бөлініп, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін айтады.
Сырғанақ, әже, апай, сынып, немере, қар, балалар, бесік, гүл, ара, өзен, кеме, ұшақ, терек, қайық, балық, шана, түлкі, орман, торғай, шағала, емші. Бұл сөздердің екінші бетінен «Жуан айтылатын сөздер», «жіңішке айтылатын сөздер» арқылы оқушылар бүгінгі сабақты түсінгендерін білдіреді.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *