Басы » Информатика » Интернет бағдарламасымен жұмыс жасау. Электрондық пошта

Интернет бағдарламасымен жұмыс жасау. Электрондық пошта

М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледж

Информатика пәнінің мұғалімі

Жаржанова С

Тақырыбы:  Интернет бағдарламасымен жұмыс жасау. Электрондық пошта.

Сабақтың тақырыбы: Интернет бағдарламасымен жұмыс жасау. Электрондық пошта.
Құзіреттілікті қалыптастырудағы сабақтың мақсат-міндеттері:А) проблеманы шешу жолдары — Оқушыларды «жалпы желі» ұғымымен таныстыру және олардың электрондық поштамен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, электрондық адрес туралы түсінік беру;- Internet Mail бағдарламасымен жұмыс істеуді үйрету;

— Интернет туралы білімдерін толықтыру барысында, электрондық пошта туралы айту;

— Электрондық поштаның құрылысымен таныстыру. Мүмкіндіктерін айту. Элементтерімен таныстыру;
— Алған білімдерін практикада, өмірде өз бетімен қолдануға дағдыландыру;

— Интернеттің барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануды қалыптастыру.

Б) ақпараттық — Оқушылардың   интернет желісінен ақпарат алу,электрондықпоштамен жұмыс істеу мүмкіндіктерін қалыптастыру,

хаттарды қабылдау және жіберу дағдыларын қалыптастыру;

-Интернет желілері және электрондық поштаның құрылуы және жұмыс істеу жолдары жөнінде оқушыларға мағлұмат беру.

В) коммуникативтік — Ақпараттық-коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін үйрету арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру;- Интернет желілерін үйрету арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақта қолданылатын технологиялар: КОТ, АКТ, жеке оқыту әдісі, жазу, оқу арқылы ойлауды жан-жақты дамыту технологиялары.
Пәнаралық байланыс: Тарих,
Оқыту құралдары: тапсырмалар, «Х және О» ойыны, көңілді үзіліс, венн диаграмма
Сабақ барысы: Оқытушы іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті Күтілетін нәтижелер
І. Ұйымдастыру кезеңі — Оқушылармен сәлемдесу;- Аудитория тазалығын қадағалау;

— Сабаққа қажетті құралдарын тексеру;

— Сабаққа назарларын аударту;

— Оқытушымен сәлемдесу;- Аудиторияны сабаққа дайындау;

— сабаққа дайындық жасау;

— сабаққа назарларын аудару;

— Аудитория сабаққа дайын;- Сабақ құралдары дайын;

— Оқушылар сабаққа дайын.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру — дәптер тексеру(конспект);- бақылау сұрақтарын  қою;

 

— Оқытушыға дәптерлерін жинап беру;- бақылау сұрақтарына жауап беру және талдау;

— оқушылар өзара қателерін жөндеу;

 

— Оқушылардың дәптерлері тексеріледі, ескертулер жасалады.- Оқушылар өткен тақырыптар бойынша білімдерін еске түсіреді.

— Тез әрі дұрыс жауап беруге үйренеді.

— Өз білімін дәлелдеуге үйренеді.

— Бір-бірінің қателерін жөндейді.

ІІІ. Жаңа білім — Интернет бағдарламасы жұмыс жасау;- Интернеттен ақпаратты іздеу жолдарын пайдалану;

— Электронды поштамен жұмыс жасау.

— интернеттен ақпаратты ізеуді үйрену;- интернет түрлерімен жұмыс жасау,

— электронды поштамен жұмыс  бойынша білім алады.

-Ақпарат арнасын  іздеп олармен жұмыс жасауды үйрену;- электронды пошта құрып бір – бірімен хат алмасу жолдарын үйрену.
  1. Жаңа материалдарды түсіндіру
оқушылармен жұмыс: — Интернетке қосылу жолдары;

— Интернеттен ақпарат іздеу;

— Электронды пошта құру;

— Электронды пошта арқылы хабарлама жиберу.

компьютермен  жұмыс:

Жан бітірімді баптауды, презентацияны безендіру жұмыстарын  үйретеді.

— Интернетке қосылу  жолдарын  үйренеді;- Ақпаратты  іздеу  жұмыстарын  үйренеді.

— Электронды пошта құрып, хабарлама жиберу  және қаьылдау жолдарын үйрену.

— Оқушы  интернет арқылы өздеріне керекті ақпаратты іздеп өзіне пайдалу жолдарын  түсінеді.- электронды пошта құрып, хабарлама жиберу және қабылдау  жұмыстарын  біледі.

 

  1. Жаңа білімді меңгерту
Практикалық жұмыстар:- Лабораториялық жұмыс береді,

— орындауға нұсқау береді.

Сұрақтар:

— Бекіту сұрақтарын қояды.

— Лабораториялық жұмысты орындайды.- Түсінбеген тұстарын оқытушыдан сұрайды.

— Қойылған сұрақтарға жауап береді.

— Оқушылар интернет арқылы ақпарат  іздеу, хабарламалармен  жұмыс жасай біледі, маңызын түсінеді.- Өз бетімен мәлімет іздеп оны қолдана алады.
VІ. Үй тапсырмасын беру -Үй тапсырмасын береді, орындауға нұсқау бередіТеориялық: Үй тапсырмасына өз бетімен жұмыс. Электронды үкімет және интернет қызметтері туралы түсінік беру;

Практикалық:

Байжұманов «Информатика» оқулығын пайдаланып, №4 – 1, 4 – 2, № 5 -1,5-2,5-3,  53 -66 бет аралығындағы лабораториялық практикум, зертханалық жұмыстарды орындау;

Шығармашылық: www.rambler.ru іздеу порталына қосылып, «Қызылорда облысының тарихы» туралы реферат іздеп келу.

 

— Үй тапсырмасын алады,- Орындауға нұсқаулар алады. — Үй тапсырмасын орындайды.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Үй тапсырмасын қайталау ретінде, «Х және О» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беріледі. Берілген жауаптары дұрыс болса фигура салады.

  1. Модем дегеніміз не? (Модем дегеніміз – бұл компьютерге телефон желісі және сымдары арқылы мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін құрылғы.)
  2. Провойдер дегеніміз не? (Провайдер деп – бұл ұйым  мен жеке тұлғаларға Internet қызметтерін ұсынатын компания)
  3. Веб Браузердің қызметі не? (Веб-браузер – бұл веб-бетінің мәліметтерін сіздің компьютеріңіздің бейне бетіне шығаруды қамтамасыз ететін, интернет қор көздерін қарауға арналған бағдарлама.)
  4. Интернетке қосылу үшін не қажет? (Дербес  компьютер, Модем, Телефон жүйесінің желісі кодтық байланыс, Интернет  жүйесінің  номерін білу қажет.)
  5. Компьютерлік желі дегеніміз не? (барлық құрылғылардың бір бірімен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған компьютерлердің және басып шығарғыштар мен мәтіналғылар сияқты басқа құрылғылардың тобы)
  6. Браузер түрлерін ата? (Internet Explorer , опера, мазила, хром, )
  7. Web тораптар дегеніміз не? (Тақырып бойынша топтастырылған Web – беттерді  Web тораптар деп атайды)
  8. WWW дегеніміз не? (World Wide Web-Интернеттің қарқынды дамып келе жатқан технологияларының бірі. Интернет сервисінің ресурстарын қарауды ұйымдастырады. WWW мәні ол ақпаратты түрлі компьютерлерде орналасқан жекелеген мәтіндік, графикалық және т.б. файлдар түрінде ұсынудан тұрады. Бұл файлдар бір – бірімен гипербайланыстар арқылы біріктірілген. Файлдардың (немесе объектілердің) мұндай жиынтығы Web —  құжат (Web –сайт. Web-site ) ретінде түсінеміз. Web – құжат бөлшек Web — құжат бөлшек Web – тұрады.)
  9. Сайттардың түрлерін ата?

 

ІІІ. Жаңа сабақ:

Интернет пайдаланамыз. Не үшін, қандай мақсатта пайдаланамыз?
Интернет сервистеріне не жатады:

  1. Интернет байланыс
  2. Интернет теледидар
  3. Интернет радио
  4. Іздеу жүйелері
  5. Электронды пошта
  6. Интернет жарнама
  7. Интернет төлеу
  8. Интернет дүкен
  9. Электронды кезек
  10. Интернет тапсырыс

Интернет байланыс.

Қазіргі замандағы интернет байланыс түрлері – Skype, Mail.Агент, Chat, ICQ,  Fasebook, Tvitter.  Интернет видеотелефон байланысы. Адам арасындағы байланыс.

Интернет теледидар

Интернет арқылы бүкіл әлемдік теле арналарды онлайн режименде көруге болады. Мысал ретін мен сіздерге Қазақстан ұлттық теле арнасын онлайн қосып берейін.

Интернет радио

Интернет арқылы бүкіл әлемдік радио желісін онлайн режименде тыңдауға балады. болады. Мысал ретін мен сіздерге Радио FM онлайн қосып берейін.

Іздеу жүйелері

Интернет жүйесінде мәлеметтерді іздеуге арналған арнайы программалар бар. Көбінесе іздеу қызметтерін көлемді мәлеметтерді сақтай алатын серверлік компьютерде қуатты іздеу компаниялар жүргізіледі. Іздеу қызметі тегін атқарылады, дегенмен оны ұйымдастыру бизнестің ең пайдалы түріне жатады. Бірнеше жыл шінде ——- іздеу жүйелерінің ұйымдастыру жобаларының бюджеті 10-15 долларлы көлемді қамтыды, ал олардың қазіргі бағасы -15 миллионнан кем түспейді.

Іздеу жүйесінің негізі.

——— мәлеметтерінің тұтынушылары – үлкен кітапхананың оқырмандары сияқты. Кітапхана қаншалықты үлкен болған сайын, оның ішінен керекті кітап табуға қиын болатыны белгілі емес пе? Сондықтан жұмысты жеңілдету үшін әр түрлі салалар бойынша арнайы каталогтар дайындалады.

Желідегі керекті мәлеметтерді табу ісін арнайы іздеу жүйелері қамтамасыз етеді. Интернетті пайдалану үшін осы іздеу жүйесін пайдалану керек. —— қорларындағы іздеу жүйелері жұмысты гиперсілтімелер арқылы байланысқан —- тіліндегі құжаттарға негізделген. Іздеу жүйесіне сұраныс бергенде, қандай сөз тіркесін табу керек екендігін көрсетеміз. Олар табылғаннан кейін экранға сол ——— құжаттар тізімі шығады, қажеттілерін қарап отырып, өте керектілерін өз компьютерімізге көшіріп аламыз немесе адрестерін есте сақтаймыз.

Осындай атқарылған жұмыс нәтижелігінің бірдейлігіне қарамастан (тұтынушы гиперсілтемелер тізімін алады), іздеу қызметтерінің жұмыс істеу ерекшеліктері әр түрлі болуа мүмкін.

 

Компьютер желілерінің көмегімен тек бір қала аумағында ғана емес, дүние жүзі деңгейінде де ақпаратты жіберуге және алуға болады. Ақпарат хат, есеп беру, құжат, баяндама, электрондық кесте және т.б болуы мүмкін.

Мұндай желі арқылы хабар алмасу жүйесін электронды пошта (E-mail) деп атайды.

E-mail (Electronic Mail) -электрондық почта. Желі тұтынушылары арасында мәлімет алмасу ісін жүзеге асыратын қызмет жүйесі. Ол арнайы почта программалары көмегімен жүзеге асырылады, мысал ретінде, Outlook Express программасын атауға болады. Оның көмегімен сіз санаулы минуттар ішінде хабарды жеткізе аласыз. Ол үшін клавиатурада тиісті хабар мәтінін теріп, белгілі электрондық адреске жіберсеңіз болғаны. Осынау тәсілдеме арқылы достарыңызбен, әріптестеріңізбен араласуға болады.

E-mail адресі оңнан солға қарай оқылады. Мұнда да құрамдас бөліктері бір-бірінен нүктемен ажыратылады. Оң жақтағы шеткі бөлік – жоғары деңгейлі домен деп, ал келесі бөлік – бірінші деңгейлі домен есім@ мекеме.домен деп т.с.с.  аталады. Мысалы, zhan@rambler.ru,  zhan@mail.ru, dina_90@mail.kz т.б.

Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі — оның жылдамдығы. Электрондық поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы абоненттердің бір сәтте болуы қажет емес. Оған қоса мұнда хабарламаның көшірмесі жазбаша түрде жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке беруге немесе ары қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Электрондық поштаның хаттан да басқа сурет, бейнелік мәлімет, дыбыс, программа т.с.с. ақпарат түрлерін де тасымалдай алатынын айту керек.

 

Электрондық пошта тиімділігі:

Хаты кез-келген уақытта оқуға болады;

Хаты кез-келген уақытта жіберуге  болады;

Хаттың тез бару мүмкіндігі ;

Жаңа материалдарды түсіндіру 

  1. Жаңа білімді меңгерту

«Іздеген жетер мұратқа»  әдісі

ТАПСЫРМА №1

  • www.google.kz cайтынан  Интернет туралы реферат іздеу
  • В.Васнецовтың «Богатыри» деген картинасын тауып беріңіз
  • «джабог» сөзінің түсіндірмесін тауып беpіңіз

 

ТАПСЫРМА №2

  • Республикалық «Жас алаш» газeтінің серверін тауып көрсетіңіз
  • Қазақстан Республикасының «Құрмeт» орденінің суретін тауып көрсетіңіз.
  • «кабошoн» сөзінің түсіндірмеcін тауып беріңіз

 

ТАПСЫРМА №3

Электронды пошта ашу

Internet Explorer бағдарламасын ашамыз.

  1. Бағдарламаның іздеу адресіне mail.ru адресін теріп жазамыз.
  2. mail.ru пошта серверінің адресі ашылады.
  3. Ашылған терезеде «зарегистрироваться в mail.ru» батырмасын шертеміз.
  4. Пайдаланушыға арналған анкета терезесін толтырамыз «зарегистрироваться» батырмасын шертеміз.
  5. Барлығы дұрыс болса электронды поштаны пайдаланушының жеке парағына кіреміз.
  6. Поштаның логині мен порольді мұқият сақтап қою керек.

Енді электронды поштаны пайдаланып хат, хабар жібере берулеріңізге болады.

Көңілді үзіліс

 

 

1.Бүкіл жер шарын қамтитын көптеген әр түрлі компьютерлер және компьютерлік желілердің жиынтығы. (Интернет)

2.Әр түрлі қорларды, мысалы, бағдарламаларды, құжаттарды  және принтерлерді бірігіп пайдалану үшін бір-бірімен жалғастырылған компьютерлер тобы. (компьютерлік желі) 3.Компьютерге мәтін енгізу құрылғысы.   (Пернетақта)

4.Интернетке телефон арқылы шығу құрылғысы.   (Модем).

5.Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранына шығаруға арналған құрылғы. (Сканер)

6.Компьтердің экранына ақпарат қандай құрылғының көмегімен шығады? (Монитор)

  1. Компьютердің негізгі құрылғылары? (Монитор , пернетақта, жүйелік блок)

8.Компьютер іске қосылған кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа. (Операциялық жүйе)

9.Вирустарды жоюға және табуға мүмкіндік беретін программа.  (Антивирустық программа)

10.Көбейтілуге және басқа компьютерге жұғуға қабілетті, өлшемі шағын арнайы компьютерлік бағдарлама.    (Компьютерлік вирус)

 

ҮІ. Үйге тапсырма

 

Теориялық: Үй тапсырмасына өз бетімен жұмыс. Электронды үкімет және интернет қызметтері туралы түсінік беру;

 

Практикалық:  Байжұманов «Информатика» оқулығын пайдаланып, №4 – 1, 4 – 2, № 5 -1,5-2,5-3,  53 -66 бет аралығындағы лабораториялық практикум, зертханалық жұмыстарды орындау;

 

Шығармашылық:  www.rambler.ru іздеу порталына қосылып, «Қызылорда облысының тарихы» туралы реферат іздеп келу.

 

Сабақтың презентациясын жүктеңіз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *