Басы » Cыныптан тыс » Қош бол, сүйікті Әліппем!

Қош бол, сүйікті Әліппем!

Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы
«№15 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Асембаева Сая Капашевна

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі «Қош бол, сүйікті Әліппем!»
Мақсаты:
Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.Әр оқушының іс-әрекеттері  арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту.Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру,
Оқушылардың ата-ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі», оқулықтарының мұқабасы,  шарлар, тақырып жазылған банер.
Барысы:

1ж:

Ассалаумағалейкум алтын халқым!

2ж:

Амансыз ба, ақ сақалды аталарым!

1ж:

Салем замандастар, қарлығаштар!

Құрбы-құрдас достарым.

Бүгінгі той жиынға жиналған күллі қауымға

1-2ж:

Баршаңызға мың сәлем!

2ж:

Той-той демекші

Тойға бүгін себепші

Тойда өзі болмаса,

Ортаға өзі шықпаса

Қай сәні бұл тойдың?

1ж:

Уа халайық!

Сахнаға шақырайық қол соға,

Сүйікті біздің ұстазды,

Шәкірттермен ортаға.

(әуенмен ортаға шығып ретпен тұра қалады)

1 оқушы: Еламан

Білімнің кәусәр бұлағын,

Жүресің құйып санама,

Біз үшін сенсің мұғалім

Ұстаз да, ғалым да, дана да.

2 оқушы: Еркін

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу — сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы.

 

Мұғалім:
Армысыздар құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар!

Бүгін 1 «Е» сыныбының «Қош бол, сүйікті Әліппем» атты ертеңгілігіне  келіп отырсыздар. Осыдан 4 ай бұрын кішкентай бүлдіршіндеріміз алғаш мектеп табалдырығын жүрексіне аттаса, бүгін міне Әліппені аяқтап , сауатты болып, өздері жазып, өздері оқи алатын болды. Өмір алдарында әлі талай белестері бар, сол белестердің биік шыңынан көрінсін деп, шәкірттеріме ақ жол тілеймін! Мерекеге қош келдіңіздер!

2ж:

Санасына шәкірттің

Шуағын төккен шапағат

Білімнің асқар шыңына

Әліппе болған баспалдақ!

1ж:

Әліппемен қоштаса

Салтанатты ашайық

Тойымызға бүгінгі

Ән-би шашу шашайық

(шашу шашылады)

2ж:

Ернұр сен білесің бе? Бала тілі – бал дегенді. Ол олардың былдырлап сөйлегендерін айтады екен. Ендеше,  біздің балалардың бал тіліне құлақ салайық.

1 оқушы: Баһар

Ай, күндерді санадым,
Күнтізбеге қарадым.
Бойым өсіп кішкене,
Қолқанатқа жарадым.

2 оқушы: Нұрсұлтан
Алты жасар баламын,
Мен мектепке барамын.
Сабағымды қалдырмай,
Жақсы оқушы боламын

3 оқушы: Ақерке

Мектеп деген білім кені, жыр кені
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені

4 оқушы:Карина

Соқ, соқ қоңырау

Сыңғырлайды қоңырау

Сылдырлайды қоңырау

Сыңғырлайды, сылдырлайды алғашқы қоңырау.

1ж:

Міне осылай естідік алғашқы қоңырау үнін,

Сол күндер де артта қалды

Ия ғой, достар!

2ж:

Дұрыс айтасың,

Тез-тез 4 ай өте шықты

Әліппені бітірдік,

Енді қостасайын деп жатырмыз.

:Ендеше әнмен шашу шашайық,
Хор» Мектебім»

Хор: «Мұғалім ол біздің»

2ж:

Қане достар келіңдер

Шақырайық ортаға

Кітаптардың анасы

Бастау болған баршаға

Әліппеміз міне бүгін ортада

Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Әліппе:
Армысыздар жас достар!
Армысыздар, ата-ана!

Құтты болсын тойларың!

Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!

Хормен:Қош келдің сүйікті Әліппе!

:Әліппе, сізге арналған балалардың ән шашуы бар

Әліппе:

Ал, достар. Оны тыңдамас бұрын менің сендерге біраз сұрағым бар. Соған жауап беріңдер.

2ж:Кел, достарым! Біз дайынбыз ба?

Хормен: Иә, дайынбыз!

Әліппе: Олай болса, Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42 әріп)

— Қанша дауысты дыбыс бар?

— Қанша дауыссыз дыбыс бар?

— Жақсы, балалар. Сендер өте ақылды екенсіңдер! Қой мен сендердің өнерлеріңді тамашалайын.
1-оқушы: Әділбек
Әліппем менің Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
2-оқушы: Жанна
Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!
3-оқушы: Арай
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
4 оқушы: Назым

Бар кітапқа бас болған,
Әліппе-ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.

5 оқушы: Жалғас
Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдап алтыннан
Әліппе — білім бесігі

6 оқушы: Еркін
Әліппе сауатыңмен санамды аштың
Достарыммен теңдес араластым
Үйреніп әріптер мен әңгімені
Күн сайын алға қарай қадам бастым.
7 оқушы: Нұрай

Жақсы кітап Әліппе

Үйретеді әріпке

Қуыршақпен қоштастым

Әліппемен достастым

8 оқушы: Шалқар

Іші толы әріпке,

Мынау айбат әліппе

Барлық ілім, білімнің

Әжесі осы әліппе

 

1ж:  Хор: «Әліппе»

 

(сахнадан балалар кетеді)

 

2ж: Жез таңдай әншіміз

Келді «Тұлпарым» әнін айтуға

Ернұр деген досымыз

Келсін міне ортаға.  

Ән: «Тұлпарым»

 

2ж:

Әліппеден оқыдық

Мысалы менен ертегі

Санаға оны тоқыдық.

Көрініс: «Саңырауқұлақ саясында»

 

1ж:

Ән мен биден жаралған

Мына кештің қызығы

Әнші қызды қол соға

Шақырайық ортаға

Ән: «Біз көңілді ұланбыз» Каринаның орындауында

 

1ж:

Аққу қаздай қалқыған

Вальс биін билейді

Таң қалады ата-ана

Би: Вальс

 

1ж:

Кешімізді жалғастырар

Мың бұралып билейтін

Әдемі де сүйкімді қыздарымызды шақырайық.

Би: «Қазақша»

 

Оқушылар қайта сахнаға шығады.

 

Әліппе:- Ал достар, бүгін сендер менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.
Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.
Әліппе:

Білімнің көп қой саласы,
Әліппе соған  жолбасшы
Ғылымның қиын жалғасын
Басқа кітаптан табарсың!
—    Қош болыңдар, балалар! Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Сабақты жақсы оқыңдар!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер таратады)
Хормен: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!

1 оқушы: Мунира

Қош бол, құтты Әліппем,
Көп нәрсені үйреткен!
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеткен.
2оқушы: Баһар
Қош Әліппем биіктеткен асқарға
Қанат берген шарықтауға асқарға
Қоштасақ та, ұмытпаймыз өзіңді
Тапсырамыз іні — қарындастарға
1ж:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
2ж:Иә, енді біз ана тілі кітабын жалғастырамыз! Кәне, онымен жақынырақ танысайық!

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
1ж:Ана тілі отырып оқушылардың өнерін тамашалаңыз.
1 оқушы: Еламан

Әріптерді үйретіп,
Жақын болған кім бізге,
Жамандықтан жирентіп,
Ақыл болған кім бізге!
2 оқушы: Арай

-Әліппе оқуға,
Үйреткен әр күні
-Үйретіп санауды,
Көп еңбек сіңірген
Мұғалім апай ғой!
3 оқушы: Жанна

Үйретіп мұғалім бізге әліппені,
Мұғалім ғылымға жол салып берді.
Адамның ақыл-ойы, мақсаттары,
Оқудың сәулесімен жарық көрді.
2ж:Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз:
 1ж: Достар, біз үшін түн ұйқысын төрт бөліп, қуансақ-қуанып, ренжісек-жұбататын асыл адам – Ана!
-Ана- біз үшін ең ардақты адам. Ананы сыйлау-біздің парызымыз.
1 оқушы:Ақерке
Анам екеуіміз
Қолға қалам аламыз,
Бірге жазу жазамыз.
Сұрақтарға берілген,
Бірге жауап табамыз.
Бірге сурет саламыз,
Соған мәз боп қаламыз.
Бірге ойланып есепке,
Қосып, бөліп, аламыз.
Бірге өсіп, толамыз,
Биіктерге қонамыз.
Мектепке де күн сайын,
Қол ұстасып барамыз.
2 оқушы: Карина
Оқитұғын баланың,
Қадағалап сабағын.
Ойынын да ойнатып,
Дайындайтын тамағын.
Менің анам – жаны ізгі,
Әрбір сөзі маңызды.
Меніменен оқитын,
Сыныптасым тәрізді
Алақаның аялы,
Бесігімді тербеткен.
Дәл осындай ананы,
Таба алмаспын жер — көктен

2 — жүргізуші
Мен қазақпын, ұланымын елімнің,
Мен қазақпын, тірегімнің жерімнің
Ұланымын туын көкке көтерген,
Ертеңімен Егеменді елімнің.
«Егемен ел – Қазақстан» әні

Ана тілі:

Рахмет балалар, Өте ақылды екенсіңдер!

Сендердің болашақтарың зор екендігіне сенімдімін.

Мына сыйлығымды қабыл алыңдар!

Сау болыңдар, балалар!

Хормен. Сау бол Ана тілі, кездескенше!

 

1 жүргізуші:

Сабағымды жақсы оқып,
Бүгін тағы бес алдым.
Жарайсың деп аташым,
Жарайсың деп апашым,
Маңдайымнан иіскеп,
Беріп жатыр батасын

Атамыздан бата сұраймыз.

Ата бата береді

 

 

2 ж:Оқу-ісінің меңгерушісі Майра Калымовнаға сөз береміз.

 

:Ата-аналарға, ата-апаларға сөз береміз.


Қорытынды сөз
Қымбатты шәкірттерім! Білім әлемінің беташары Әліппені табысты аяқтауларыңызбен құттықтап, білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын демекпін, мерекеміздің соңын да ертегімен аяқтағымыз келіп тұр. Мектебіміздің мақтанышы болыңдар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *