Басы » Баяндамалар » ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 Сюзанна Жаржанова,

М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің

 информатика пәнінің оқытушысы

 Информатика пәнінің басқа мектеп пәндерімен тығыз байланысы оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Бұл тұрғыда информатика пәнін философия  ғылымымен салыстыруға болады. Себебі, оқушылар информатика сабағында алған білімдерін басқа  пәндерді оқып-үйрену барысында жан-жақты қолдана алады. Оның тағы бір ерекшелігі пән мазмұнындағы тақырыптардың арасындағы пәнішілік байланыстың  күштілігінен көрінеді. Себебі, информатиканың бастапқы  ұғымдары  алгоритм, функция, тағы басқада математикадан алынған. Математикада дәлелдеулер алгоритмдік құрылымға негізделген, ал информатикада осы алгоритмдерді құрайтын бөліктерді ерекшелей білу мақсаты қойылады.

Информатиканың физика, химия пәндеріне ұқсастығы оның тәжірибеге, экспериментке (латын тілінен exspermentum-тексеріп көру, тәжірибе) негізделгенінен көрінеді. Компьютерде программаны жүктеу мен жүргізу эксперимент  ретінде әсіресе, программадағы қатені  іздеуде айқын байқалады. Физикалық көзқарас тұрғысынан компьютер приборлар  секілді қарастырылады. Оның  жан-жақты сипаттамасын зерттеуге және тәжірибелер жүргізуге байланысты  әдістерді физика пәнінде алып қолдануға болады.

Информатикаға қос сипаттылық тән. Бұл біріншіден, оқушыларға алгоритмді құру менталдау әдістерін үйрету барысында байқалады, екіншіден, программаларды іске  қосу кезіндегі экспериментке сәйкес “тәжірибе” жасау әдістері кезінде айқын көрінеді. Физикалық құбылыстарды математикалық моделдеу кезіндегі сандық  эксперимент бұл жағдайларды өзара бірлікте қарастырады.

Информатика пәнінің психологиямен байланысы оқушылардың компьютермен қарым-қатынас мәселесінде көрінеді. Сұхбаттық программалармен, компьютерлік ойындармен  жұмыс істеу үшін “компьютерге жан біткендей” әсер етеді.

Информатикада  таңбалар мен белгілеулер кең қолданылатындықтан оларды түрлендіруде компьютердің ролі ерекше. Оқушылардың ақыл-ойының дамуына компьютердің әсері әлі зерттелуде. Оқытуда  компьютерлік ойын элементтерін шектеулі түрде пайдалануды информатиканы оқытуда жоққа шығармайды, кейде тіпті ұсынады. Мысалы, программаларды үйлестіруді “кім ақылды” компьютерлік ойыны арқылы жүргізуді ұсынып, оқушылардың ой-өрісін кеңейтуді көздейді.

Компьютерді оқыту процесіне енгізу, жағдайында танымдық  ақыл-ой әрекеттері – анализ, синтез, индукция, дедукция, жалпылау, салыстыру, аналогия тағы да басқа  әдістері ескертіледі. Мұнда оқытудың білімділік, тәрбиелік мақсаттары жалпы дидактикадан  алынып, информатика материалдарының мазмұны арқылы жүзеге асырылады. Дидактикалық принциптер информатиканы оқыту әдістемесінде пән ерекшеліктеріне сәйкес айқындалып, оқу процесінде қолданыс табады.

Информатика пәнінің шет тілдерімен байланысы аударма жасау, текстерді өңдеу кезінде көрінеді. Сондай-ақ формальды  тілден мазмұндылыққа көшу информатика ғылымының жетістіктері негізінде табысты шешілуде.

 

 

 

 

 

Информатиканың кибернетика ғылымымен байланысы

Информатиканың дамуына  байланысты  оның кибернетикамен байланысы мен айырмашылықтары туралы  сұрақ туады. Осыған орай кибернетиканың тақырыбын дәлірек  анықтап, оның мазмұнын  айқындау қажет.

Кибернетиканың 1948 жылы американ математигі Норберт Винердің “Кибернетика: жануарлар әлемінде  және машинадағы басқару  мен байланыс” деген  атақты кітабының  шығуымен  байланыстырады. Бұл жұмыста  басқарудың  жалпы теориясының жасалу жолдары мен әртүрлі  жүйелерге арналған басқару және байланыс проблемаларын зерттейтін әдістердің негізі қаланды.

Кибернетика ЭЕМ-мен қатар дами отырып, уақыт өте жалпы ғылымға-информацияны өңдеу туралы  ғылымға айнала бастады. Кибернетикада информацияның  төмендегідей  анықтамасы қабылданған: информация  дегеніміз  қайсыбір жүйенің қоршаған ортадан қабылдайтын, керісінше қоршаған ортаға беретін  және өзінде сақтайтын сигналдардың,  әсерлердің  немесе мәліметтің кез келген жиынтығы.

Кибернетика өзінің дамуында  бірталай тартысты кезеңдерді  басынан өткізді. Академик А.И. Берг жазғанындай, “…1955-57 жылдары, кейін де біздің әдебиеттерде  кибернетиканың  маңызы мен мүмкіндіктерін  бағалауда өрескел  қателер жіберілген. Бұл біздің еліміздем  ғылымның  дамуына  үлкен зиянын тигізді, көптеген теориялық жағдайларды  жете зерттеудің және  электрондық машинаның өзін  жасаудың тоқтап қалуына  әкелді” ,-дейді өзінің “Возможное и невозможное в кибернетике” атты еңбегінде.

Сондай-ақ, философиялық сөздіктің 1959 жылғы басылымында  кибернетиканы “буржуазиялық  жалған ғылым” деп көрсетті. Мұның басты себебі,  біріншіден, қарқынмен дамып келе  жатқан  ғылымды “классикалық  бағыттағы” кейбір  ғалымдар  жете бағаламаудың  салдарынан, екіншіден, кейбіреулер іс жүзінде қолданылатын  әртүрлі облыстарда кибернетиканың нақты проблемаларын  жете зерттеудің орнына шамадан тыс бос сөздер айтылды, кибернетиканың шексіз  мүмкіндіктері жайлы жартылай  фантастикалық болжау жасалды, осылайша  ғылымның беделі түсті. Кибернетиканы  қолданудың  қызықты перспективалары халық  шаруашылығында  математикалық  әдістер  мен ЭЕМ-дерді жоспарлау мен басқару мақсатында кеңінен қолданудың ұсынысын тудырды.

Сонымен, кибернетика термині  пайда болғанннан кейін дүние жүзілік ғылымда ағылшын сөзі “computer science” қолданыла бастады,ал одан кейінірек, 60-70 жылдар деңгейінде француздар “informatigue” терминін енгізді. Орыс тілінде информатика терминінің ең алғашқы қолданылуы ғылыми техникалық информация  мен документалистиканың пайдаланылу  саласына байланысты болды. Сондай-ақ, 1976 жылы А.П. Ершовтың басқаруымен неміс тілінен аударылған  жоғарғы оқу орындарына арналған информатика курсының оқулығы мен есептер жинағының шығуынан бастап “информатика” термині басқа  мағынада пайдаланыла бастады.

 

Педагогикалық информатика технологиясы

Ғылым мен техника дамыған сайын мыңдаған жаңа ұғымдар пайда болып жатады. Бүгінгі күні информатика пәні жаппай оқытыла бастады. Бұл ғылым тиісті  ғылыми ұғымдарсыз, сол ғылыми ұғымдарды білдіретін арнайы терминдерсіз меңгерілмейтіні анық. Бұл міндетті  орыс немесе басқа шетел тілдерінен аударылған оқулықтар атқарады. Оның пайдалы да,  зиянды да жағы бар. Жалпы ғылыми-техникалық терминологияның даму бағытын белгілеу күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

Педагогикалық информатика – жаңадан құрылған және өте қарқынды дамып келе жатқан білім саласы. Осы облыста зерттеушілер мен педагог тәжірибешілердің  саны өте қарқынды дамып келе жатқан білім саласы. Осы облыста зерттеушілер  мен педагог  тәжірибешілердің  саны өте  жоғары. Бірақ, педагогикалық информатика терминологиясы  толық орнатылған жоқ. Осыған байланысты кейбір термин сөздердің толық болмауы немесе тіпті  жоқтылығы үлкен қиыншылық туғызады. Сондықтан, бұл мәселе шеттен тыс болмауы  керек. Бұл мәселе авторлар тобымен, ұжымдық жұмысты  біріктіре отырып талқылауды талап етеді. Терминология мәселесі  адамзат  білімінің барлық саласында кездеседі. Бұл мәселені зерттеушілер арасынан Ә.Б. Алаев монографиясын алуға болады. Оның монографиясы географиялық терминологияны  сипаттауға арналған.

Бірақ, ол өзінің еңбегінің  бастапқы бөлімінде адамзат білімінің кез келген саласында терминология  үлкен мәселе болып табылатынын жазып өткен. Білімнің  барлық саласында терминология негізі ретінде “терминологиялық жүйе түсінігі” концепциясы жатыр. Терминологиялық жүйе түсінігі деген кезде термин немесе түсінік бірінші  орында тұрады. Бұл жерде бізге термин керек, бірақ дегенмен ол  екінші фактор  болып табылады. Әрбір жаңа түсінік жалпылама түсініктен  алынуы керек. Педагогикалық информатикада терминологиялық  жүйе түсінігі иерархиялық болып келеді. Кез келген білім саласындағы терминологиялық жүйе түсінігі адамдар қолданатын терминмен, соның түсінігімен, біліммен байланысты болуы керек.

Терминологиялық жүйе түсінігінің әр аймақта өзінің әр түрлі ұғымы болады. Кейбір терминдерді мамандар өздері ойлап  шығарады. Бұдан, әрине, кейде кемшіліктер тұрады.

Олар:

-Терминдердің көпмағыналылығы, яғни, бір термин әр түрлі түйсік береді;

— Синонимия. Мұнда, керісінше бір түсінікке бірнеше терминдер сәйкес келеді;

-Термин сөздерінің нақты анықтаманың жоқтығы;

-Басқа тілдерде кейбір терминдердің эквивалентінің болмауы.

Жоғарыда аталып өткен кемшіліктер педагогикалық информатика білім саласында жиі кездеседі. Информатика саласында көптеген сөздер ағылшын тілінен алынған, мысалы әдебиеттерде ағылшынның PLAIN термин сөзі жиі кездеседі. Ол  сөз көбіне PLAIN TEXT сөзімен біріктіріліп  қолданылады. Ол ASCII кодта терілген “қарапайым мәтін” дегенді білдіреді. Бірақ, көбіне көпшілік  қауым  оны PLAIN – тегіс сөзімен шатастырады. Осыдан “тегіс”,  “мәтін”, деген мағынасы   “іздеу” дегенді білдіреді, бірақ, оны көбіне “бума” деген мағынада түсінеміз, “принтер” сөзінің аудармасы, “сандық баспа” болса да, әдебиеттерде әлі күнге дейін “принтер” деп жазылады, “файл” сөзі екі түрлі мағынада қолданылады: “құжаттар сақтайтын бума” және “жеке іс-қағаздар”. Осындай жағдайлар ағылшын тілін дұрыс білмейтін жандарға осындай  сөздер үлкен қиындықтар туғызады. Термин жасау үшін ешкімге арнайы құқық берілмейді, сондықтан, термин  жасаушылар оған үлкен жауапкершілікпен қарауы керек.

Педагогикалық информатика  саласындағы термин сөздер тек шетел тілдерінен емес, қарапайым  педагогика  ғылымында алынды. Шетел тілінен алынған сөз тек аударылып қана қойылса, ал педагогика саласынан алынған сөз қиындық туғызады,  себебі, ол гуманитарлық  саланың барлығында  қамтиды. Сонымен қоса, көптеген жағдайларда осы салаға жаңадан келген автор өзінің бұрын қолданыста болған термин сөздерін жаңартады.

Қорыта келегнде Информатика пәнінің басқа мектеп пәндерімен тығыз байланысы оның негізгі ерекшеліктерінің бірі болып табылады. Оқушылар информатика сабағында алған білімдерін басқа  пәндерді оқып-үйрену барысында жан-жақты қолдана алады. Информатиканың маңызды ерекшелігі-оның қоғамдық қызметтің барлық негізгі түрлеріне қолданылуы: өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде, жоспарлауда және сауда операцияларында, қоршаған ортаны қорғауда, крименалистік  медицинада және тағы басқа  орындарда қолданылуы. Информатика көптеген нақты информациялық процестердің, технологиялардың  барлығына  ортақ мәселелерді зерттейді. Осы технологиялар информатиканың обьектісі болып табылады.

Информатиканың тақырыптары оның әртүрлі салада қолданылатындығымен анықталады. Қоғамдық өмірдің көптеген  салаларында қолданылатын әртүрлі информациялық технологиялардың жалпы сипаттамаларымен қатар әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Осыған байланысты операциялар мен процедуралардың  әртүрлі жинақтарына,  кибернетикалық  жабдықтардың  әртүріне және әртүрлі  информациялық  тасымалдаушыларға  негізделген “пәндік информатикалар” пайда болды.

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

  1. Мемлекеттік білім беру стандарты. Информатика 7-11 сынып, Алматы 1998, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті.
  2. М. Лапчик, И. Семакин, Е. Хеннер Методика преподование информатики. Москва, 2001,
  3. Гейн А. Линецкий Е, Сапир М, Шолохович М. Информатика. – М: Просвещение, 1991.
  4. Кушниренко А, Лебедев Г, Сворень Р. Основы информатики и вычислительной техники. М: Просвещение, 1993.
  5. Бочкин А. Методика обучения информационному поиску. ИнфО.2000.№ 3.
  6. Ершов А. Компьютеризация школы и математическое образование. Основные направления работ по программе «Информатизация образования», ИнфО. 1992. № 5,6.
  7. Кузнецов А. О разработке стандарта школьного образования по информатике. ИнфО. – 1994. — № 1.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *