Басы » Бастауыш сыныптар » Күрделі сөздер

Күрделі сөздер

 КММ №44 орта мектеп

 Бастауыш сынып мұғалімі: Ташимова С.С.

Қазақ тілі пәнінен АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы: Күрделі сөздер 

Мақсаты:

  1. Білімділік:Оқушылардың сөйлесу негізінде білімдерін ортаға салу, өткен сабақтарда алған білімдерін пысықтау, тиянақтау, оқушыларда өздеріне деген сенімділіктерін қалыптастыру.
  2. Дамытушылық: танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізу және ой қортуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
  3. Тәрбиелік. Сыныптасының білімін тыңдай білуге, әділ бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:   ойын сабақ

 

Әдістері: Әңгімелесу, салыстыру, оқулықпен жұмыс, жаттығу, тест, топтық жұмыс.

Көрнекіліктер: Сюжетті суреттер, интерактивті тақта, слайдтар, сызбалар.

 

Сабақ барысы:

І.Үйымдастыру бөлімін өткізу.

  1. Кіріспе бөлім.

— Балалар, бүгінгі сабағымыздың барысын алдағы уақытта келе жатқан Президент күні  мерекесіне арнап, «Білгіштер » атты ойын желісімен өткіземіз. Сынып екі топқа бөлініп сайысады. Әр дұрыс орындалған тапсырмамаға күлнгештерді алып отырасыңдар, әр біреуі 5 ұпай болып есептеледі. Сабақтың соңын да қай топ көп ұпай жинағанын есептейміз.

 

Ойын шарты: Алдымызда тапсырмалар тұр.

Әр басқыштың өз тапсырмасы бар. Оны өз деңгейінде орындаған топ ұпай жинап сабағымыздағы «Білімді топ » болып атағын алады.

Дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді жазып қоямыз.

 

  1. Үй тапсырмасы. Тест жұмысы

2.2- жаттығу.“Жасырынды сөзді табу”

3.4- жаттығу.“Жаңа сабақтың түсіндірмесі”

4.Бекіту.

5.Шығармашылық тапсырма

ІІ.1- басқыш. Тапсырманың мақсаты: ережені еске түсіріп, тест бойынша үй тапсырмасын бекітеміз.        

 

  • Тест
  • Құрмалас сөйлемді тап .
  • А) Қыздар терезе жуды.
  • Ә) Қайрат сыртқы шықса, далада қар жауып тұр.
  • Қыстырма сөзі бар сөйлемді табыңыз
  • А) Біз бүгін күндегіден ертерек шығамыз.
  • Ә) Жаңылмасам, сені бір жерден көрдім .
  • Бірыңғай мүшелер дегеніміз не?
  • А) Сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысып тұрған сөздер.
  • Ә) Сөйлемнің барлық мүшелерімен байланысып тұрады.
  • Бірыңғай мүшелерден жасалған сөйлемді тап.
  • А) Тауда гүлдер, жемістер, өсімдіктер өседі.
  • Ә) Болат жазғы демалысын жазда өткізді.
  • Қарама-қарсы мағыналы сөздерді тап.
  • А) Бала, байлық.
  • Ә) жылы-суық.
  • Б) есептеу, санау.

 

Кілті

  1. Ә
  2. Ә
  3. А
  4. А
  5. Ә

 

                                                  Бағалау.

 

                                              “5”  – 0  қате

                                              “4” – 1,2  қате

                                              “3 – 3,4  қате

ІІІ. Жасырынды сөзді табу.

 

ІV. Жаңа сабақ.

 

-Оқулықпен жұмыс.

 

2 – тапсырма 3 жаттығу.1 топтың тапсырмасының мақсаты: Сөздерді оқып, екі түбірдің, тіркесуінен, қосарлануынан жасалған күрделі сөздерді топтастырып жазады.

       2 топтың тапсырмасының мақсаты Көп нүктенің орнына мағынасына сай келетін бірыңғай мүшелерді қосып жазу.

Жалпы екі тпқа тапсыпма.

Есту диктанты: бір оқушы дауыстап оқып  тұрады.(бір-бірінің дәптерлерін тексеру)

 

  1. Сергіту сәті

Кім жүйрік?

Шарты: Жұмбақтың жауабын тауып, дыбыстық талдау жасау қажет.

1.Лақтың басында,

Бұлақтың қасында,

Құлақтың ортасында,

Қойдың қолқасында.

Л – үнді, дауыссыз

2.Дуадақта екеумін,

Құсы болған даланың.

Үйде жоқпын,

Добындамын баланың.

Д – ұяң, дауыссыз

3.Кезіктірдім тиыннан,

Бірін таптым қиыннан.

Талай жерге сабылып,

Таптым бірін миымнан.

И – жіңішке, дауысты

4.Тоғай менен торғайдың

Бәрінен де безінем.

Орман менен қамыстың

Ортасынан кезігем.

М – үнді, дауыссыз

5.Табылмаймын Қорқыттан,

Кезігемін қобыздан.

Бесте бармын, таппайсың,

Қанша іздесең қобыздан.

Б – ұяң, дауыссыз

6.Өзінде бар шопанның,

Табыламын ойыннан.

Кезігемін тағы бір,

Өрістегі қойынан.

О – жуан, дауыссыз

7.Аралда бар,

Түбекте жоқ.

Маралда бар,

Түмекте жоқ.

Р –үнді, дауыссыз

8.Еменде екі,

Желде бір.

Еденде екі,

Ерде бір.

Е –жіңішке, дауысты

9.Нанда екі,

Жанда бірмін.

Тамырда жоқ,

Қанда жүрмін.

Н –үнді, дауыссыз

10.Баста жоқ,

Бөрікте бар.

Таста жоқ,

Өрікте бар.

Ө – жіңішке, дауыссыз

11.Әке де,

Ән де.

Әже де,

Сән де.

Ә – жіңішке, дауысты

12.Бұлбұлда екі,

Құста бір.

Ұлытауда,

Тұста жүр.

Ұ – жуан, дауысты

 

 тапсырма

1.Қарамен жазылған сөздердің қай сөзі артық? Неге?

Қайшыауыз, суықторғай, көкқұтан, күркетауық қараторғай — жыл құстары.

/Күркетауық,себебі ол үй құсы/

  1. Қарамен жазылған сөздердің қай сөзі артық? Неге?

Жолбарыс, тауешкі, ақбөкен, қасқыр – жабайы аңдар.

/Қасқыр, себебі,ол күрделі сөз емес/

3.Қарамен жазылған сөздердің қай сөзі артық? Неге?

Алатау, Ұлытау,Оқжетпес, Тянь-Шань,Гималаи – Казакстан таулары.

/Гималаи, себебі,ол Қазақстанның тау емес/

4.Қарамен жазылған сөздердің қай сөзі артық? Неге?

Қазақстан елінің калалары — Петропавл, Көкшетау, Теміртау, Екібастұз, Астана

/Астана,себебі, ол күрделі сөз емес/

 

 

 

 

 

 

 

VІІ . Шығармашылық тапсырма.

 — Берілген сөздерден мәтін құрастыру.

Екі-үш, биік-биік, жап-жарық, теп-тегіс, түп-түзу, аққасқа, жолсерік,

Күш-көлік, үлкен-үлкен.

Карочкамен жұмыс

VІІІ Қорыту

Атқар қыз

мысал

Сөз тірк Жалаң

Сөйлем

Мәндес

сөйлем

Қаратпа

сөйлем

қыстырма күрделі Біріккен
Зерек,

Алғыр

             
Қалам

Дәптер

             
Келе

Жатыр

             
Меніңше              
үлкен-кіші              
Суық торғай              
Тұнық су              

 

 

ХІ  Үйге: 1. 5- жаттығуды түсіндіріп беру.  65бет.

  1. Ережені жаттау.

 

Х . Жеңімпаз топты анықтау. Білімдерін бағалау.

   

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *