Басы » Баяндамалар » Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері – батырлық, ерлік, патриоттық құралы

Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері – батырлық, ерлік, патриоттық құралы

bbСағымбекова Бақыт Советханқызы
Алматы облысы, Ақсу ауданы
Абай атындағы орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері – батырлық, ерлік, патриоттық құралы

Момышұлы Бауыржан қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау ауылында 1910 жылы желтоқсанның 24-де дүниеге келді. Отан соғысына қатысқан, Кеңес одағының батыры ,ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Панфилофшы, даңты жауынгер, гвардия полковнигі 1928 жылы Шымкент қаласындағы жеті жылдық интернатты бітірген соң, бастауыш мектеп мұғалімі, ауаткомның хатшысы , милиция бастығы болды.
1932 жылы Қызыл армия қатарына шақырылды. Шымкент Алматы өнеркәсіп банкілерінде жұмыс істеді .
1936 жылы Ленинград финанс акдемиясы жанындағы курсты бітірген соң, Қызыл армия қатарына қайта алынып, взвод , рота командирі, полк штабы бастығының көмекшісі ал 1941 жылы Қазақ әскери комиссариатының нұсқаушысы болды .
Отан соғысы басталысымен 316 – атқыштар ( кейіннен 8- гвардия ) дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанды .Москва түбінде немістермен болған ұрыстарға қатысты.
Панфилов атындағы 8- гвардиялық дивизияның батальон , полк камандирі болды , соғыстың соңғы (1944-45 ) жылдарында осы дивизияны басқарды . Отан соғысы кезінде ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен ерекше көзге түсті, батырлық атақ-даңқы аңызға айналды.
1952 жылы Кеңес Армиясы Бас штабының жанындағы Жоғары әскери академияны бітірді.
1950-56 жылдарда әскери академияда сабақ берді және тұрақты әскери қызмет атқарды.
«Офицердің күнделігі», « Бір түннің тарихы», «Біздің семъя» атты алғашқы кітаптары сол тұста жарық көрді .
Момұшұлы еңбектерін орыс- қазақ тілдерінде бірдей жазды .
Ол әскери өмірбаяндық жайттарды арқау етіп, патриотизмді, адалдықты ерлікті ту еткен шығармалар
берді .
Бауыржанның ерлікке, адалдыққа, адамгершілікке , патриоттық сезімге шақыратын шығамаларының бірі болып, оның қанатты сөздері саналды .
Ержүрек батырдың Москва түбіндегі шайқаста жауынгерлерді жігерлендіру, рухтандыру үшін қолданған «Шегінуге жол жоқ , артымызда Москва » деген атақты қанатты сөзі сол кездегі Отан соғысына қатысушы ерлеріміздің, отандастарымыздың барлығын
жеңіске , батырлыққа жетеледі. Осы сөзді естіген бүкіл КСРО армиясы және тылдағы еңбеккерлер жігерлене түсті . Мұндай сөз ұлты орыс халықтан емес, қазақ азаматының аузынан шығуы ұлттар арасындағы бауырластықты , ынтымақтастықты , достықты күшейте түсті .
Ол өзі туралы « Мен 25 жыл әскерде болдым . Біле білген кісіге бұл — үлкен университет. Осы 25 жылдың ішінде мен талай қолбасшымен кездестім , са бақ алдым, талай генералдың қол астында қызмет істедім , тәрбие көрдім . Өйткені, командир деген әскери педагог қой . Өзімнің әр ұлт адамдарымен қызметтес болғанымды үлкен мектеп деп бағалаймын. Себебі, чуваш мынадай екен – ау қырғыз мынадай болады екен –ау деп ойлайсың.
Ана халық анадай дәстүрін қадірлейді, мына халық мынадай дәстүрін қастерлейді екен –ау деп толғанасың. Мен осы 25 жыл ішінде қарамағымда болған, үстеріне шинель киген солдаттар арқылы барлық халықтардың жанын ұқтым деп ойлаймын » деп толғайды .
Бауыржан соғыс кезінде «Красная Звезда » газетіне « Өз халқын құрметтеп ,сүймеген адам — опасыз , оңбаған адам » деп жазады. Осы арқылы батыр әр солдатты ,әр офицерді , әр адамды өз халқын , өз Отанын , өз елін- жерін сүюге ,оны сыртқы жаудан қорғауға шақырады. Соғыс кезінде мұндай үндеулерді , қанатты сөздерді тыңдап , оқып жүрген әр азаматтың ,әрине , жүрегінде — туған жерге, елге деген үлкен сезім ұялап ,олар басын өлімге тіге отырып өз елін – жерін қорғауға бел буған. Олар біздердің ата – бабаларымыз .
Бауыржан Момышұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен
біздің ата- бабаларымызды алға ұмтылдырумен қатар , оларды өзінің сан алуан қанатты сөздері арқылы жігерлендіріп отырды.
Ол : « Отан үшін отқа түс күймейсің », « Ел үмітін ер ақтар – Ер намысын ел сақтар » деген сөздер арқылы жаужүрек сарбаздарымызды ерлікке бастады .
Бірде Бауыржан аға :
Сенбеймін жарық жұлдыз сөнуіне,
Елімнің құл – күңдікке көнуіне .
Жау бізді тықсырса да түпкірлетіп,
Сенбеймін жаудың бізді жеңуіне
деп толғана отырып , ол « Жарымның опсыздығына сенбеймін » деп айтады да « Ее могут сломать, но не гнуть» , — «Иілмейді адалым , сынса сынар » деп өзінің жан- жүрегінен шыққан сөзі арқылы жауынгерлерді батырлыққа ер жүректілікке, тылда қалған жауынгерлердің жарларын адалдыққа , төзімділікке, шыдамдылыққа үндейді ,
жеңіске жігерлендіреді .
Өзінің өлең жолдары мен қанатты сөздері арқылы өз Отандастарын ел бірлігін сақтауға, кең байтақ туған жерді сыртқы жаудан ада етуге шақырды .
Бауыржан өз қанатының астындағы сабаздарын өзінің адуынды қанатты сөздерімен, туған елге – жерге деген адал, патриоттық сезімімен осы соғыста жеңуге жетелей отырып, шабуылдарда « Жаным – арымның садағасы »,
«Ерлік – батырлықтан туады » деп ұрандатып ,алдыңғы сапта жүрді . Мұндай рухты, қанатты сөздер мен әрекеттер жауынгерлерді тек қана алға ұмтылдырды. Осындай сөздермен қанаттанған олар өздерінің суықта тоңғандары мен бораған оқ астында жүргендерін ұмыта отырып , жеңіс күнін жақындата түсті .
Біз үшін олардың ерлік істері мәңгілік , ұмытылмас мұра .
Келешек ұрпаққа өнеге , үлгі боларлық іс .
Қазіргі күні тек қана, компютерленген, техналогияланған заманда адамға адамның игі сезімі, Отанға адамның игі сезімі өте тапшы. Сондықтан, жастар арасында, жас өспірімдер арасында Отанға , туған жерге , туған елге ,
жан –жағындағы ортаға деген сүйіспеншілік кемде – кем .
Міне, осыларға деген сүйіспеншілікті арттыруда біздің атақты адамдарымыз – жазушыларымыз бен ақындардың,
қоғам қайраткерлерінің , ардагер батырлардың қанатты рухты сөздері үлгі болмақ .
Мұндай сөздердің бірі және бірегейі — Бауыржан батырдың сөздері .
Бұл сөздер ұрпақтан –ұрпаққа тарап, ғасырлар бойы өз құндылығын жоймақ емес. Қазақ халқы бар кезде, оның жанкешті батырлары мен олардың ұран сөздері өлмек емес .
Батыр сөзін ұрпақтары жаттап өсіп ,оның қанатты сөздері мен ерлік істері туралы ашық сабақтар, түрлі шығармашылық кештер, ғылыми конференциялар өткізіп жатса , батырларымыздың ұрпақтары — патриоттық сезімі мен туған жерге деген сүйіспеншілігін ешқашан жоғалтпақ емес .
Бауыржан Момышұлының адам баласының ой -өрісін, ерік – жігерін рухтандыратын, қанатты ұран сөздері бүгінгі ұрпаққа үлгі, келешекке даңғыл жол болып мәңгілік жасай бермек .
Момышұлының қаһармандық ерлігі туралы белгілі орыс жазушысы А. Бек «Волокаламское шоссе» (1947,160,1962,1988; қазақ тілінде «Арпалыс» 1948,1959,1977, ауд .Қ.Сағындықов) повесінде жан-жақты жазды. Б.Момышұлының өміріне арналған Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» (1976) роман-дилогиясы жарық көрді, «Қазақфильм» киностудиясы «Ел басына күн туса» (1967) көркем фильмін түсірді. Москва академиялық драма театры Бауыржан туралы «Волокаламск тас жолы» спектаклін қойды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *