Қостанай облысы
Аманкелді ауданы Есір ауылы
«Н.Мейірманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Өтегенов Олжас
Сабақтың тақырыбы: Кірме сөздер
Сабақтың мақсаты: кірме сөздер туралы түсінік беру,сөздікпен жұмыс жасай білуге үйрету, сөйлем ішінен кірме сөздерді таба білуге үйрету,оларды қатыстырып сөйлем, мәтін құруға үйрету.Топтық жұмыс,деңгейлік тапсырмалар және формативті бағалау арқылы үлгірімі төмен оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру,оқу үлгірімінің жақсаруына ықпал ету.
Табыс табыс критерийлері: А В С деңгейлі оқушы : 1.кірме сөздердің ажырата алады
2.Мәтіннен кірме сөздерді таба алады
- Берілген кірме сөздерді қатесіз жаза алады
В С деңгейлі оқушы : 4. Жаңа тақырыпты түсіндіре алады. Әңгіме құрастырады.
Сабақтың кезеңдері Уақыт | тапсырмалар | Мақсаты,нәтижесі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушы әрекеті | |
1 | Ұйымдастыру кезеңі
3 минут
|
Сурет қиындыларын құрастыру
|
Топқа бөлу. Құрастырылған суреттерге ат қою, с/қ өткен тақырыпты қайталау. Көнерген сөздер мен неологизмдерді қатыстырып әңгіме құрастыру | Оқушыларды топқа бөлуге арналған үлестірме парақшаларды үлестіреді, нұсқау береді,бақылайды
|
Берілген қиындыларды пайдалана отырып сурет құрастырады, топ ішінде ақылдаса келіп суретке ат қояды, әңгіме құрастырады. |
Психологиялық дайындық
2 минут |
Әркім өзінің бір жақсы қасиетін айтады. | Сын есімдерді қолдану арқылы сөздік қорды молайту. Сыныптастары туралы жағымды көзқарас қалыптастыру, үлгірім төмен оқушының өзіне деген сенімділігін арттыру. | -Оқушылардан шеңберге тұруды өтінеді.
-Әрқайсысың өздеріңнің бір жағымды қасиеттеріңді айтыңдар. Және айтпас бұрын алдыңда айтып кеткен оқушының қасиетін мұқият тыңдап қайтала.(үлгірімі төмен оқушының алғашқы болып тұруына түрткі болу) ……. осындай жақсы қасиеті бар екен деп сөзбен мадақтау.
|
Шеңбер құрып әркім өзінің және сыныптастарының жақсы бір қасиеттерін айтады.
Қол шапалақтайды |
|
2 | Үй тапсырмасын тексеру\
5 минут |
Эссені оқыту | Шығармашылғын арттыру | Оқушыларды бағыттайды. | Екі топ мүшелері бір біріне эсселерін оқып, ақылдыса келе ең жақсысын оқуға ұсынады. |
3 | Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау. 5 + 3 минут | Аяз атаға хат. | Жаңа сабаты түсінуге қызығушылығын ояту. Тақырыпты өздері анықтауға итермелеу. | -Оқушылар. Жаңа жыл жақындап келеді. Әр бала жаңа жалды сыйлық күтеді. Ендеше сендер де Аяз атаға сыйлық сұрап хат жазып көріңдер.
Хатты тыңдап,ішінде кездескен зат атауларын тақтаға жазады. -Оқушының қорытынды жасауына түрткі береді.Кірме сөздер деген атауды таныстырады. |
Хат жазады
Хатты оқиды. Өздері сұраған зат атауларын оқып, сөздіктен мағынасының түсіндірлімін оқиды.Қорытынды жасайды. |
4 | Жаңа сабақты меңгерту | «Мен мұғаліммін» ойыны. оқушы мұғалім бейнесіне енеді.
|
Рөлге ену арқылы жаңа сабақты өз бетінше меңгереді. | -ӨЗдерің мұғалім болып жаңа тақырыпты түсіндіруге дайындалыңдар. (Әр тілден енген сөздердің мағынасын түсіндіруге екі топқа бөліп беруге болады)
Екі топтан екі оқушыға түсіндіруге шығуын сұрайды. |
Тақырыпты оқып танысып болған соң әр топтан жақсы оқитын оқушы жаңа тақырыпты түсіндіреді.
|
5 | Сергіту сәті 3 мин | Музыкалық сергіту сәтін орындату | Музыкалық сергіту ұсынады | Оқушылар бой сергітеді | |
Пысықтау.
|
172- жаттығу Білімді бақылау,кері байланыс 5 мин | Сөздікпен жұмыс | Бағыттаушы | Сөздік арқылы жаттығу жұмысын орындау. | |
Сөздік диктант
Қорытындылау
|
Жазылуы қиындық келтіретін сөздер беріледі. Оқушылар «қараймын» есте сақтаймын,жазамын,өзімді өзім тексеремін» тәсілі арқылы өзіндік диктант жазады.
«Морфологиялық қорап» тәсілі. Естерінде қалған кірме сөздерді парақшаларға жазып қорапшаға салады. |
Жазылуы қиындық келтіретін сөздердің жазылуын есте сақтау.
Меңгерген сөздерді сөздік қорға қосу |
Нұсқау жасайды
Қорапшалар береді. Түсіндіреді |
Парақшаларда жазылған сөздерді бір-бірлеп жазылуын есте сақтай отырып жазады да өзін өзі тексереді. Неше қате кеткендігін және өзіне қанша ұпай беретінін айтады.
Өздері білетін сөздерді жазып жинақтайды |
|
Үйге тапсырма | 180- жаттығу | ||||
Рефлексия 2 мин | Табыс критерийін толтыру | Оқушылардан кері байланыс алады | Бүгінгі өткен сабақтың тақырыбы жайында екі жұлдыз бір ұсыныс береді |