Басы » Бастауыш сыныптар » Қартқожаның туған жері. Жүсіпбек Аймауытов

Қартқожаның туған жері. Жүсіпбек Аймауытов

Павлодар  қаласының  № 26  жалпы  орта білім беру мектебінің  бастауыш  сынып мұғалімі:  Нұрғалиева Гүлнар    Өкенқызы

Апта Күн               пән :        Әдебиеттік оқу                2-сынып
Сабақтың тақырыбы Қартқожаның туған жері  Жүсіпбек Аймауытов
Сілтеме Оқулық  әдебиеттік оқу 69-71 бет

Әдебиеттік оқу хрестеоматиясы   .

Жалпы мақсат Мәтінді түсініп оқуға үйрету. Шығарманың  тақырыбы мен идеясын ашу.
Міндеттері Білімдік: Оқушыларды шығарманың мазмұнын түсініп талдауға қатысуға , мәтін мазмұны бойынша өз ой-пікірін білдіре алуға үйрету, өз сөзімен айта алуға дағдыланыру.
Дамытушылық: Талдауға қатыса отыра ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру. Оқушылардың сөздікқорынбайыту.
Тәрбиелік: оқушыларды туған жерлеріне деген сүйісеншілікке баулу.
Күтілетін нәтиже 1.Түсініп оқу.

2.Түсінгендерін айта алу.

3.Сұрақ-тапсырмалар бойынша жұмысқа қатысу

  1. Дербес, жұппен, топпен жұмысқа қатысу.

3.Оқығандары мен өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіріп қорғай алу.

Сабақ түрі Жаңа сабақ , пәнаралық байланыс,
Сабақтың әдіс-тәсілі Дербес, жұппен, топпен  жұмыс.
   Тапсырмалар

топ бойынша

1.Сұрақ-тапсырмалар:-Кешкі ауыл қалай көрінеді?

-Туған жері Қартқожаның көзімен қалай көрінеді?

2.Туған жер туралы мақал-мәтелдер жазыңдар

  1. Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қой
  2. Қартқожа туралы оған дейін қандай шығарма оқыдың? Ол мәтінде қай жағынан көрінеді?
Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Сабақтың барысы   1мин 1.Ұйымдастыру кезеңі психологиялық ахуал.

 

 

1.Амандасу:

Досыңмен, сыныптасыңмен,көршіңмен амандасу

Тұсау  кесер

 3мин

АҚТ,СТО

Білу

Электрондық оқулық

-Бөлімнің аты «Неткен сұлу, неткен көркем, осы менің туған өлкем» деп аталады.

Сөзжұмбақ шешу. Нәтижесінде Отан сөзі шығады

-Отан сөзіне мәндес қандай сөздер бар? (туған ел, туған жер, атамекен т.с.с.)

-Адамға неге туған жері ыстық болады?

Әңгімелесу. Оқушылар сөзжұмбақ шешеді, Отан туралы өз білімдерін ортаға салады ( сұрақтарға жауап беру, өз ойларын айту)

 

 

Слайд 2 мин Жүсіпбек Аймауытов

1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген.1931ж дүниеден өтті.

Негізгі

5 мин

СТО, білім берудегі жаңа тәсілдер

Мәтінмен жұмыс

Әңгіме мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру

-Әңгіме кім туралы?

-Қай кезеңдегі ауыл көрінісі суреттелген? Т.с.с.

Түсініп тыңдау, кезектестіріп оқытып шығу.

Сөздік жұмысы

Сұрақтарға жауап беру

Жұппен, топпен жұмыс

8мин

Тапсырмалар тарату

Сұрақтарға жауап беру, жауаптарын мәтіннен мысалдармен дәлелдеу.

-Қосымша деректермен жұмыс: туған жер туралы мақал-мәтелдер жинақтау.

-Мәтінді бөліктерге бөлу:

 

Өз ой-пікірлерімен  толықтыру.

 

 

Өз білетіндерін айту.

 

І бөлім – Кешкі ауыл

ІІ бөлім -Қартқожаның туған ауылына көзқарасы, сүйіспеншілігі

Талдау

15мин

 

Тапсырма № 1

-Кешкі ауыл қалай көрсетілген?

-Туған жері Қартқожа көзімен қалай көрінген?

Тапсырма № 2

Туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Тапсырма № 3

-Мәтінді бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қой.

Тапсырма №4

-Қартқожа туралы бұған дейін қандай әңгіме оқыдық? Онда Қартқожа қай жағынан көрінеді

 

4 түлік ,табиғат , ауыл иісі, ауылдағы қайнаған  еңбек

 

(дәптерге жазу)

 

Жинақтау

7 мин

Өз ойларын ортаға салу, ой бөлісу

Тақырыпқа  байланыты қандай мақал –мәтелмен жинақтар едіңдер?

Пікір алмасу. Постер құру, қорғау

«Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық»

«Туған жердей –ел болмас,

Туған жердей –жер болмас»

Бағалау

3 мин

СТО

 Не істедім ?  Не істедік?

Топты  қалай бағалар едің ? не ұнады?

 

 Өзін-өзі бағалау

Өзара бағалау

Топ басшысының бағалауы

Үйге тапсырма 1 мин Үзінді жаттау « 2-ші азаттық жолды»; «Туған жер» тақырыбына  өлең құрастру;сурет салу;   (өз таңдаулары бойынша )

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *