Жарбұлақ орта мектебі КММ-нің музыка пәні мұғалімі: Байшойынов. Ғ. С.
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Қабанбай ауылы.
Ж Ұ Л Д Ы З Д Ы С Ә Т
Өнерлілер сайысы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың музыка сабағынан алған білімдерін
дамыту, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру.Қазақ халқы-
ның ән-би, күйлерін бойларына сіңіру, қазіргі таңдағы өнерге де-
ген көзқарастарын қалыптастыру. Шапшаңдыққа, алғырлыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды үш топқа бөліп, әр топтың басшысын
тағайындау, әр топқа ат беру.
- Сайысты бастау.
Бүгінгі 5 «ә»- сынып оқушыларының арасында өткізгелі отырған «Жұлдызды сәт» өнерлілер сайысын бастайық. Сайыс 4 бөлімнен тұрады.
- Ән сайысы.
- Сұрақ-жауап.
- Кім көп біледі.
- «Тіл-өнер» мақалдың жалғасын табу.
Бірінші сайысымыз ән сайысы. Бұл бөлімде әр топ бір-бір әннен айтады.
Екінші бөлім: Сұрақ-жауап.
Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Сұрақтар музыка пәнінен өткен тақырыптар. Егер сұрақтың жауабын білмей қалған жағдайда келесі сұраққа көшіп отырамыз.
Бірінші топтың сұрақтары:
- Музыкада неше дыбыс бар?
- Д. Нүрпейісованың туған жылы?
- Қандай қазақ күйшілерін білесіңдер?
- «Кішкентай» күйі кімдікі және кімге арналған?
- Наурыз туралы қандай әндерді білеміз?
- Құрманғазының қандай күйлері бар?
- «Сүйікті мектебім» әнінің бір шумағын қайырмасымен айту?
- Әнұранның авторларын атаңдар?
- Дәстүрлі ән өнері дегеніміз не?
- 25-қазан қандай күн?
Екінші топтың сұрақтары:
1.А. Құнанбаевтың қандай әндері бар?
2.Ән дегеніміз не?
- «Ақ көгершін» әнінің бір шумағын қайырмасымен айту?
- Дәулеткерей қай жылы, қай жерде туған?
- А. Жұбанов кім?
- Балет өнері дегеніміз не?
- Қазақтың қандай халық әндерін білесіңдер?
- Наурызда пісірілетін ұлттық тағам?
- П. И. Чайковский қай елдің композиторы?
- Тәттімбеттің қандай күйлері бар?
Үшінші топтың сұрақтары:
- Күй дегеніміз не?
- Дәулеткерейдің қандай күйлерін білесіңдер?
- Ана туралы бір мақал айтып беріңдер?
- Қазақтың қандай ұлттық билерін білесіңдер?
- Ықылас қай жылы дүниеге келген?
- 8-наурыз қандай мереке?
- Көгершін қандай құс?
- Күй неше түрге бөлінеді?
- «Домбырасыз ән қайда» әнінің бір шумағын қайырмасымен айту?
- Д. Нүрпейісова кімнің шәкірті?
Үшінші бөлім кім көп біледі деп аталады. Әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, тақтадағы дыбыс аттарын қатыстыра отырып сөз құрау.
Мысалы: Си нотасын алатын болсақ
- Сиыр
- Сипа
- Сила
- Такси
Т.с. сияқты жалғаса береді
Ендеше әр топтың дыбыс аттары:
1 – топ ДО 2 – топ РЕ 3 – топ МИ
- Доп. Реп 1. Мимино
- Домино Рең 2. Домино
- Бушидо Терезе 3. Помидор
- Домалақ 4. Ребус Әмина
- Домбыра 5. Репутация 5. Мирас
- Помидор 6. Решетка 6. Мишень
- Документ Берет
Төртінші бөлім «Тіл-өнер» деп аталады Әр топқа мақалдың жартысын айтамын, қалғанын әр топ жалғастырады. Әр топқа үш мақалдан келеді.
Бірінші топқа
- Ерлік білекте емес – жүректе.
- Атаның баласы болма, адамның баласы бол.
- Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.
Екінші топқа
- Оқу-білім азығы, білім-ырыс қазығы.
- Бай болмасаң, бай болма,
Білім, өнерге сай бол.
- Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Үшінші топқа
- Көзі соқырдан қорықпа,
Көңілі соқырдан қорық.
- Ақылың болса, ән тыңда.
- Анасын силамағанды адал деме,
Ұстазын силамағанды адам деме.
Осымен бүгінгі «Жұлдызды сәт» өнерлілер сайысы өз мәресіне жетті. Енді әр топтың бағасын шығарайық.