Басы » Баяндамалар » «Сын тұрғысынан ойлау» стратегияларын технология сабағына қолдану

«Сын тұрғысынан ойлау» стратегияларын технология сабағына қолдану

Бөрлі ауданы

Ақсай қаласы

№6ЖОББМ технология пәні мұғалімі

Шамұратова Рысжан Шерниязқызы

 

«Сын  тұрғысынан ойлау» стратегияларын технология сабағына қолдану

 

Сабақ үйреншікті жай ғана нәрсе емес, жаңадан жаңаны ашу.

(М.Дулатов)

Сыни тұрғыдай ойлау- бұл  біздің ХХІ ғасыр талаптарын жақсылап орындап шығуға мүмкіндік беретін ерекше қабілет.

(Дэвид Клустер)

 

Өркениетке  ұмтылған  қазіргі  қоғам  талабына сай  Қазақстан  Республикасының  дамыған елдермен  иық  тіресіп   тұруы  және  еліміздің  болашағы  мен қазіргі  кезеңі  үшін  білімді, зерделі, өз  бетімен іс-әрекет  ете  алатын қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздардың міндеті.

Еңбек тәрбиесі – барлық тәрбиенің қайнар көзі. Еңбек ету арқылы оқушыны адамгершілік рухқа тәрбиелеуді басшылыққа алуда технология пәнінің орны ерекше. Қай пәннің болмасын білім сапасын көтерудің бірден – бір жолы білім беру  технологиялары мен оқу үрдісін ұйымдастыруды жаңа түрлерін қолданысқа енгізу. Осындай талапқа қол жеткізу үшін мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік  білімін үнемі толықтырып, үздіксіз ізденіс, өз мамандығын барынша жетілдіруі және осы саладағы жаңалықтар мен озық тәжірибені үнемі пайдалануы тиіс.  Әр шәкірттің жеке тұлға ретінде дамуына білім сапасының артуына ұстаздың өткізген әр сабағы шешуі роль атқарады. Оқушы білімнің сапалы болуы ұстаздың дәріс беру щеберлігі мен жаңа технологияларды тиімді пайдалана білуіне, яғни кәсіби құзіреттеілігіне байланысты. Білім беру сапасын арттырудың бір көзі жаңа технологияларды қолдану арқылы сабақты түрлендіріп өткізу. Менің өзекті тақырыбым да осы мәселені қозғайды.

Өз іс- тәжірибемнен түйгенім: көптеген инновциялар арасында білім беру сапасын арттырудың тиімді, қолайлы жобаның бірі- сын тұрғысынан ойлау.

Сын тұрғысынан ойлау- ашық қоғам негізі. Ол өз бетінше сұрқтар қойып, оған үнемі жауап іздеу, басқалар пікірімен санасу, дәлелдеу, дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Сыни ойлау- адам өмірінің бір саласы. Олай дейтініміз- шешімдер ішінен өздері үшін ненің тиімді, пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды жинақтап, жаңа білімді ажырата алуға көметеседі. СТО-ның дәстүрлі оқытудан айырмашылығы – білімінң дайын күйінде берілмеуі.

Бұл жобаның мақсаты – демократиялық қоғамда өз көзқарасы, пайымдауды бар, өзін — өзі жетілдіріп отыратын, айналадағы үрдістерге сыни көзбен қрап, жауап бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

Жоба авторлары шетелдік – Дженни Стил

Курт Мередит

Чарлз Темпл.

Сын тұрғысынан ойлау кезеңдерінің мақсаттары

 

Қызығушылығын ояту Мағынаны тану Ой толғаныс
Оқушыларды қызықтыру, белсенділігін арттыру, бұрыннан білетінін еске түсіну, жаңа мәліметті игеруге дайындық, оқушы біліміне ой – салу. Туындаған сұраққа жауап іздеу, білімді кеңейту, ойларын жүйелендіру, тақырыпты ашу, жұппен топпен жұмыс жасау, еркін сөйлеу арқылы ойын жеткізу. Білімді толықтыру тиянақтау, ортаға салу, талқылау, алға бағыттау.

 

«Сын тұрғысынан ойлау»  жобасын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – білім беру сапасын арттырудың, оқыту мақсатына жетудің бірден – бір жолы.

Сыни – тұрғысынан ойлау – сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Сынап оқушылары топпен жұмыс істеу арқылы өзара пікірлесіп, ұтымды жауаптарды тауып айтуға үйренеді. Тынымсыз іздене алады.топпен бірлесіп жұмыс жасау тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық – жауапкершілік, бірлесіп бір мәселені шешу секілді қазіргі кезде ауадай қажет екені айдан анық.

СТО жобасының көптеген стратегияларын қолданып келемін. Сабақтарымда Вен диаграммасы, ББҮ, ЭССЕ, ЖИГСО, семантикалық кесте «Кубизм» , «Тірек сөздер» «Галерияға саяхат», «Үш қадамды сұхбат», «Биум таксономиясы», т.б. стратегияларын қолданып келемін. Кезең – кезең арқылы ашып айтсам.

 

І ІІ ІІІ
«Топтастыр»

«Тірек сөздер»

«Галерияға саяхат»

«Сиқырлы қалам»

«Жолаушы күнделігі»т.б.

«Кубизм» тақырыпты жан-жақты ашуға.

«Блум таксономиясы»

«Джиксо» т.б.

«Бес жолды» өлең

РАФТ «Сәйкестік тесті», «Түртіп ашу»,

«Автор орындығы»

«Үш қадамды сұхбат»

«ББҮ» т.б.

 

СТО – білім берудің  сапасын арттыруда өте тиімді. Ол үшін ұстаз сабақтың мақсатын нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан келіп, оқушының білімділік, тәрбиелік, жағынан қызығуын арттырып, оның ой- өрісін дамытуда аянбай еңбектенуі қажет. Неміс педагогы А.Дистервергтің «Жаман мұғалім ақиқатты  өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзі ізденуіне жетелейді» деген болатын.

 

Осы технология бойынша өткізген сабақтарымның бірнешеуін көрсетіп отырмын.

Сабақ тақырыбы:   Құрақ құрау

Мақсаты:    —   Оқушыларды ұлттық қолөнерге қызықтыру.

  • Пэчворк туралы түсінік беру.
  • Құрақ түрлерімен таныстыру.
  • Білімдерін сарамандық жұмыс жүзінде жасай білуге дайындау.

Дамытушылық  мақсаты:  

-Сабаққа қызығушылығын арттыру,

— Білім-білік  дағдыларын қалыптастыру.

— Ойлау, есте сақтау, еркін сөйлеу, шығармашылық

қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік  мақсаты: Үнемділікке, еңбексүйгіштікке, тиянақтылыққа баули

отырып, эстетикалық тәрбие беру, ұлттық қолөнерімізді дәріптеп  насихаттауға,өз бетінше ,топпен жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Міндеттері:    —       Тәжірибеде өз мүмкіндіктерін қолдана білу. Тапсырмаға

талдау жасай отырып, өз бойларындағы   қасиеттерді тани білу.

Күтілетін нәтиже:     Оқушылар топта бірлесіп, қауымдасып жұмыс жасайды,  өз

ойларын ортаға салып, сыни тұрғыдан  талдау жасайды, тапсырманы өз бетінше, топта талдау жасап ойларын еркін жеткізеді, бір-біріне  сенімділікпен қарайды.

Формалары: СТО бағдарламасы стратегиялары.

«Галерияға саяхат»,  «Сиқырлы қалам» , «Жолаушы күнделігі» ,

 «Бес жолды өлең»,  «РАФТ», т.б

Пәнаралық  байланыс:  Геометрия, сызу, қазақ әдебиеті.

Көрнекілігі:  Суретте, перфокарта, таратпа қағаздар. Т.б.

Тех. құрал:  Интерактивті тақта.

Ұйымдастыру кезеңі:

  • «Үй жиһаздары»
  • «Менің бөлмем»  өзіндік жұмыс.
  • Қосымша сұрақтар арқылы үй тапсырмасын тексеру.

1-топ.

  1. Бөлмені жиһаздаудағы барлық уақытта ескеретін «Алтын қағида»
  2. Жиһаз сатып алмастан бұрын нені ескереміз?

3.Түстердің адам өміріндегі маңызы.

2-топ

1.Сары, қызғылт, қызыл түстердің ерекшелігі.

2.Бөлменің  төбесі қандай түспен боялған дұрыс.

3.Қазіргі заманғы  пәтерлердегі жарықтандырудың  мәселесін шешудің  неше жолы бар?

 «Галерияға саяхат».

             «Менің бөлмем осындай»  жұмыстарын  оқушылар тақтаға іледі.  Бір-бірінің жұмысына талдау жасайды және пікір жазып іледі. Бұл бір-бірінің жұмыстарына баға беруге ықпал жасайды және  пікір жазып іледі. Бұл бір-бірінің жұмыстарын бағалау мен талдай жасай алу үшін қолданылады.

Слайд1-2. «Үй жиһаздарының орналасуы және бөлме түрлері».

  1. Жаңа сабаққа кіріспе. (үнтаспадан)

Дархан даламыз бен қазақтың барлық болмысын көрсетін ұлтымыздың ұлттық қолөнері өнер мен мәдениеті, кеңдігі мен көңілі мінезін көрсететін сурет көрсетіледі.

Дыбыстық үн бүгінгі күн еншісіндегі тақырыпты былайша насихаттайды:

Дамып келе жатқан еліміздің, болашақ иелері біздер болғандықта, жан-жақты білім алып қана қоймай, ізденіп шығармашылықпен айналысатын,  бала көп оқып, өз туған елінің тілін, дінін, тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, терең зерттеп білуге, қолөнерін үйрену, адамгершілік асыл қасиеттерімізді бойымызға сіңіру басты мақсатымыз.

Табиғат пен етене біздер, әрине біздер үшін өз кішіге қамқорлық, көрші-қолаңға көмек жасау басты мақсатымыз. Өйткені біз жасымыздан ана әлдиінен бастап ұлттық құндылықтарды бойымызға сіңіріп келеміз.

«Өнер көзі -халықта» деген. Алдымен өнерді халықтан үйреніп, көне мұрасын жаңғыртып ізденіп іске асыру перзенттік парызымыз.

Басардай басқұр өрнек маған міндет.

Белгісі балғын шақтың қарап жебеп

Сүйеніп түскиізге тұрып қаппын.

Көз жазып сол өрнектен қалам ба деп.

                                   Ф.Оңғарсынова.

Олай болса бүгінгі сабағымыз ұлттық қолөнерімізге бағытталған сабақтардың бірі болмақ.

Слайдтан «Ұлттық қолөнер туындыларын көрсету».

Ендеше, Өнердегі намыс емес жылап сұрау.

Халқымның өнерімен таныспын — ау.

Бір-бірден санап бәрін айта алмаймын.

Біреуі сол өнердің құрақ құрау.

Жаңа сабақ.

І Қызығушылықты ояту.

1) «Жолаушы күнделігі».

2) «Сиқырлы қалам».

ІІ. Мағынаны тану.

Оқулықпен жұмыс.

(Слайдтан құрақ түрлерін көрсету)

І- топ.1) Құрақ дегеніміз не?

2) Құрақ техникасындағы нақыштар неден тұрады?

3) Квилт дегеніміз не?

4) Пэчворк дегеніміз не?

5) Құрақ құрағанда нені ескереміз?

ІІ-топ. 1) Колорит дегеніміз не?

2) Түстер қандай мәнге ие?

3) Құрақ құрауда не сақталу керек?

4) Түстер мен реңктердің 3 гвардиясын ата?

5) Құрақтарды пайдаланып қандай бұйымдар жасауға болады?

Перфокартамен жұмыс.

Бірнеше құрақ үлгілері беріледі. Оқушылар соған қарап отырып, әр құраққа ат қояды.

Тақтаға құрақтардың жасалу жолдарын қойып 2-топқа тапсырмалар беру.

І-топ.                                                 ІІ-топ.

    Төртбұрыш.                                                   Үшбұрыш.

Осы фигуралардан тұратын құрақтар құрау. (үйлесімділікке назар аудару).

 шеберлерінің жұмыстарымен танысу.

.

Ой толғаныс.

1)              І-топ.                                                           ІІ-топ.

«Бес жолды өлең»                                    «РАФТ»

Құрақ                                                    Қазақ қолөнері-ғасыр шежіресі.

 

 

2) Даналардан қалған сөз.

а) Өнердің таудың бұлағынан.

Қойдың құлағынан.

Апамның киізінен.

Ешкінің мүйізінен үйрендім.               Ә.Қастеев.

ә) Ою-өрнек, құрақ құрау – қазақтың келешегі бүгінгісі, ертеңі.

Б.Момышұлы.

б) «Өнер дегеніміз – адам бойындағы қабілеттің ең биік көрінісі.»

Л.Толстой.

Сарамандық жұмыс.

 

Мақсаты: Әртүрлі құрақ үлгілерінің эскиздерін құрастырып, үлгі дайындау.

а) Қауіпсіздік ережелерімен танысу.

ә) Оқушылармен өзіндік жұмыстары.

Қорытындылау.

  • Пэчворк қандай өнер түрі?
  • Квилт дегеніміз не?
  • Стипплинг деген не?

Бағалау.

Үйге: 1. Құрақ түрлерін құрастыру.

  1. «Менің ойымдағы құрақ» шығармашылық тапсырма.

 

Нәтиже:

І ІІ ІІІ
Пәнге қызығушылығы артады жаңа сабақ меңгеруге  талпынады. Оқуға белсенділігі артады, ақпарат білгісі келеді. Өз бетімен ізденеді, мәселелік жағдайды шешеді, білімі толық кеңейеді.

Сөйлеу қабілеті артады. Топтық жұмысқа үйренеді.

Ақпаратты сарлайды. Білімдерін нақтылайды. өз еңбектерін басқалармен салыстыралы.

 

СТО технологиясы  білім – берудің сапасын арттыруда өте тиімді жоба. Ол үшін ұстаз сабақ мақсатын нақтылап, оған шығармашылық тұрғыдан қарап, оқушының қызығушылық, тәрбиелік жағынан қызығуын арттырып ой өрісін дамытуда аянбай қызмет атқару керек. Неміс педагогы: Дистербергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзі сөйлеп, өз ойын айтып ізденуге жол береді деген»

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *