Киясова Канслу Нуртазаевна
Тақырыбы: Ұлы Отан соғысындағы сандар
Мақсаты:Ұлы Отан соғысы және оның зардаптары туралы мәлімен беріп,Ұлы Жеңістің маңыздылығын ұғындырып,елжандылыққа,өз Отанын сүюге,патриотизмге тәрбиелеу.Алдағы жылы Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналғанына мән беру.
Көрнекіліктер: суреттер,шарлар,слайдтар.
Сабақтың барысы:
Мұғалім сөзі:
Қайырлы күн ұстаздар,оқушылар!Бүгігі «Ұлы Отан соғысындағы сандар» атты сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер!
Статистика – аяусыз ғылым. 1941 жылы мектеп бітірген 15-16 жастағы өрендердің тек 3 пайызы ғана соғыстан аман-есен оралған. Басқаша айтқанда, жүз жігіттің үшеуі ғана ата-ана, ағайын-бауырымен тірілей қауышқан. Суреттер сөйлей алмайды,ал ондағы сандар мен цифрлар егер ғайыптан тіл бітсе, талай сырға қанықтырар еді. Мәселен, мына бір ұяң жігіттің жау дзотын кеудесімен жапқандығын, қайсар мінез бозбаланың неміс окопын танкімен таптағанын, зеңбірек болып атылып, басқыншының басына бомба болып құлағанын құлағымызбен естір едік. Айтпақшы, соғысты тек ерлердің ісі деп кім айтты? «Отан» ұғымы ұлға да, қызға да ортақ емес пе. Суреттегі нәзік жандылардың арасында құралайды көзге атқан мергендер, мейірімді медбикелер, қаһарман барлаушылар мен байланысшылар да тұрған шығар, бәлкім. Біз бүгін олардың іс-әрекетін бір ауыз сөзбен «Көзсіз ерлік» деп бағалаймыз.
Сонымен бүгінгі сабағымызда 5а және 8а сынып оқушылырын екі топқа бөліп,жарыс түрінде өткіземіз.
Iтоп «Отан»тобы (Рықалиев Ә,ДушекеновА,Искаккова А,Мурадимов О, Сахипкереева Р,Қарекешова А,Ахмет А, Биятов Д)
IIтоп: «Жеңіс» тобы» (Рахымғалиева Қ,Кайыржан И,Брашева Б,Кенесарова А, Жантлесова А, Асылбеков А,Альбертов М,Танатаров Ж)
1 бөлім: Берілген тапсырмаларды орындап соңғы цифрларды атап,бұл цифрлар жиынтығы Ұлы Отан соғысындағы қандай жағдайды білдіреді? (1941ж 22маусымда соғыстың баталуы)
ЕҮОБ(4,6)=2 ЕҮОБ(6,8)=2 ЕҮОБ(36,42)=6 ЕҮОБ(7,9)=1 ЕҮОБ(81,72)=9 ЕҮОБ(16,20)=4 ЕҮОБ(13,15)=1
2 бөлім: Берілген теңдеулерді орындап шыққан мәндерінің цифрларды атап,бұл цифрлар жиынтығы Ұлы Отан соғысындағы қандай жағдайды білдіреді? ( Ұлы Отан соғысындағы қаза болған қазақ саны 410 мың)
4(2x+13)=84 (y+14)2-225=0 (x+69)•5=350
3 бөлім: Берілген тапсырмаларды орындап соңғы шыққан санды атап,бұл сан Ұлы Отан соғысындағы қандай жағдайды білдіреді? (Соғыс кезінде 900 күн мен түн Ленинградты қорғаған)
Егер бірінші дивизияда 250 танкі,ал үшінші дивизияда екінші дивизияға қарағанда 150 танкіге көп,ал барлық танкілер саны 2200 болса,онда екінші дивизияда қанша танкі болған?
4 бөлім: Берілген тапсырмаларды орындап соңғы шыққан санды атап,бұл сан Ұлы Отан соғысындағы қандай жағдайды білдіреді? (Ұлы Отан соғысындағы қызметкерлер мен жас балалардың күніне жеген нан тілімінің өлшемі 125гр)
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жұмысшыларға күніне 250гр нан тілімін берді.Ал 12 жасқа дейінгі балалар мен қызметкерлерге ½ бөлігін бергенде,олар күніне неше грамм нан тілімін жеді?
5 бөлім: Берілген тапсырмаларды орындап соңғы шыққан санды атап,бұл сан Ұлы Отан соғысындағы қандай жағдайды білдіреді? (Жатып атуға арналған бір адамдық окоп)
Бір адамдық окоптың ұзындығы 17дм,ені-6дм,биіктігі -3дм.Осы окоптың көлемін тауып,оның қандай окоп екенін анықтаңдар.
6 бөлім: Берілген тапсырмаларды орындап соңғы цифрларды атап,бұл цифрлар жиынтығы Ұлы Отан соғысындағы қандай жағдайды білдіреді? (9 мамыр 1995жыл Ұлы Отан соғысының аяқталған күні 9.5.1945ж)
1. (x+3)•2=24 2. ЕКОЕ(1,5)= 3.ЕКОЕ(1,19)=
4.Егер бір катеті 3см,ал гипотенузасы 5см болса,онда екінші катетін табыңдар.
5.Егер катеттерінің өлшемі a= 3см,b=4см болса,онда гипотенузасының ұзындығы неге тең?
Серігіту сәті (флешмоб)
7 бөлім: Берілген сөзжұмбақты шешіңдер:
1.Бұл кімдер? (М.А.Ларньтев,Ю.В.Ленник,А.А.Ляпунов)
2. « …….. ару қызы сен халқымнын,
…….. батыр қызы сен халқымның,..» қай әннің қайырмасы?
3.Тіктөртбұрыштың ұзындығы мен енінің көбейтіндісі неге тең?
4.Бір нүктеден бірдей арақашықтықта жататын нүктелер жиынын …….. атаймыз.
5.Тең бөліктер ……… деп аталады
6.Тікбұрышты үшбұрыштың элементтерінің бірі
8 бөлім: Логикалық есептерді шешіңдер:
а) Соғыста жоқ,Жеңісте бар. (ж,е,ң,і)
ә) Бір патша тұтқынға түскен дұшпан әскеріне былай деген: «Маған бірдене айт,егер айтқан сөзін өтірік болса,атып өлтіргізем,егер шын болса дарға асып өлтірем».Сонда әлгі тұтқын бір нәрсені айтып,аман қалыпты.Тұтқын не айтты екен? (Мені атып өлтіргізесің-депті,Егер оны атып өлтірсе,шындықты айтқан болғандықтан асып өлтірілуі қажет болады,егер асып өлтірсе өтірік айтқан болып қалады,атып өлтіруді қажет етеді)
б) Бір жас солдат көл жағасына барып шомылмақ болады.Көлге түсер алдында киімдері ұрланбауы үшін қағазға «Бұл киімдер ауыр салмақты кәсіптікбокс чемпионының киімдері» деп жазып киімдерінің үстіне қойып кетеді.Біраз уақыт жүзіп қайтып келсе,киімдерінің ұрланғанын көреді.Киімдерінің орнындағы қағазға не деп жазып кетеді? (Бұл киімдерді ұрлаған адам жеңіл атлетика,яғни марафон жарысының чемпионы деген мәтіндер жазып кетеді)
Жеңіске жеткен топты құттықтап,еліміз тыныш,нанымыз көп,уайым-қайғымыз жоқ болсын ағайын!