Исатай ауданы
Абай орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Хайрова Айнаш Сатыбалдықызы
Тақырыбы: Ж дыбысы мен әрпі
Мақсаты: 1. Оқушыларды Ж дыбысы және әріпімен таныстыру. Ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. 2. «Ж» дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін дамыту. Логикалық ойларын, сөздік қорларын, танымдық дағдыларын дамыта отырып, дұрыс дұрыс оқи алуға, әдемі жазуға машықтандыру. 3. Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сурет көрнекілігі: Оқулық. Суреттер, Ж әрпінің баспа жазба түрі, кеспе әріптер, кеспе буындар суретті плакат. Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ, жаңа білімді игерту. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, көрнекілік
Көрнекілігі: Ж әрпінің баспа және жазба түрі, интерактивті тақта, кеспе әріптер, суреттер
Сабақ барысы
- Ұйымдастыру кезеңі.
а) психологиялық дайындық Балдырғанбыз-балдаймыз, Бақытты өмір таңдаймыз. Алған оқу-білімді, Болашаққа жалғаймыз. Әрқашанда біргеміз, Бөлінбейді іргеміз. Бүгінгі күнгі сабаққа, Біз сәттілік тілейміз.
- Өткен сабақты пысықтау
1) Ғ дыбысы бар сөздерді атаңдар 2) Ғ дыбысы қандай дыбыс? 3) Таға сөзіне дыбыстық талдау жаса. 4) «Ат тағалау» мәтінінде неше сөйлем бар?
3.Жаңа сабақ 1. «Ой шақыру» Суреттердің атын атау.
Жылан, Жапырақ, жаңғақ, жіп «Жж» дыбысымен танысамыз. Дыбыстату; «Жж» дыбысы дауыссыз дыбыс және оны көк түспен көрсетеміз. «Жж» Дыбысы сөздің басында, ортасында жазылатынын айту. 1) Ж-ұяң дауыссыз дыбыс 2) Жасалуына қарай-тіл алды дауыссыз 3) Айтылуына қарай-ызың дауыссыз.
Жаңа буындармен таныстыру, оларды хормен айу
ЖА ЖО ЖУ
Бағандағы сөздерді оқу, түсінік беру.
4.Оқулықпен жұмыс
Жамал мен Ажар диалогімен жұмыс
Тізбек бойынша оқыту
Қарыс мәндес сөздерді орына қойып оқу.
5.Сергіту сәті
6.Дәптермен жұмыс
а)Ауада жазу. Тақтаға жазу.
Элементтерін көрсету
ә) Дәптерге жазу
7.Шығармашылық тапсырма
Сурет бойынша сөйлем құрау
- «Ойлан тап» ойыны
Буындарды сәйкес суретпен біріктір
- «Ұйқасын тап!» ойыны. Іші толған шәрбәт, Дәмі қандайәйбат . Үзесің бірден жүзін, Оның аты — . . . (жүзім)
Сырты қандай қатты, Дәні сондай тәтті, Шағып қарап таңдап,
Оның аты — . . . (жаңғақ)
Құйрығы он қарыс, Бұл айбатты . . . (жолбарыс)
- Қорытынды:
Сурет арқылы топтастыру
Мадақтау
сабақ жақсы ұнады