Басы » Информатика » Модельдер түрлері

Модельдер түрлері

zhanarkulОңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Жуантөбе ауылы

С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектептің информатика пәнінің мұғалімі

Куандыкова Жанаркул Карибаевна

Сабақтың тақырыбы:  Модельдер түрлері

Сынып:  7а сынып

Сабақ мақсаттары:

Білімділік: оқушыларды модельдер түрлерімен таныстыру

Дамытушылық: объектінің ақпараттық және графикалық  модельдерін құрастыра алуға, айырмашылықтарын ажырата білуге үйрету

Тәрбиелік: топта жұмыс істеу кезіндегі ережелерді сақтау, ынтымақтастыққа жұмыс істеуге баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты ұсыну

Құралдар: интербелсенді тақта, оқулық, карточкалар,слайд

Әдіс-тәсілдер: «Сұрақ-жауап», «Мозайка», «Ақпараттық диктант», «Синквейн», «Телеграмма», жұптық, топтық жұмыс әдістері.

Оқыту нәтижесі: оқушылар ақпраттық, графикалық, материалдық модельдер ұғымдарын меңгереді, деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін толықтырады

САБАҚ БАРЫСЫ

Уақыты(мин) Кезеңдер: Мұғалімнің әрекеті Оқушылардың әрекеті Ресурстар
2 мин I.Ұйымдастыру  Оқушылармен амандасып, бір-бірімізге шаттық шеңберін құру арқылы тілек тілеп өрмекшінің торын құру.Сабақта жоқ оқушыларды  белгілеу;Оқушыларды 4 түрлі гүлдің суретімен топқа бөлу. Мұғаліммен амандасып,  бір-бірімізге шаттық шеңберін құру арқылы тілек тілеп өрмекшінің торын құрады.Сынып старостасы сабақта жоқ оқушылардың себептерін айтады;Оқушыларды 4 түрлі гүлдің суретімен топқа бөлу. Психологиялық дайындық 
2 мин ІІ.Үй тапсырмасын тексеру Үй тапсырмасыӨз қалауынша қандай да бір объектінің моделін құрастыру Оқушылар өз қалауынша құрастырған қандай да бір объектінің моделін көрсетеді. Қалай жасағанын дәлелдейді.  
3 мин ІІІ.Оқу-танымдық әрекетіне дайындық Жаңа сабақтың тақырыбы қандай?

1-топ

  1. Мысықтың баласы
  2. Біздің мектептің бақшасында өсетін көкеніс түрі
  3. Баскетбол, волейбол ойнауға арналған құрал

2-топ

  1. Ең төзімді үй жануары
  2. «Арыстан» сөзінің орысша аудармасы
  3. Жіңішкелік белгісі

3-топ

  1. Қу жануар
  2. Кішкентай сөзіне антоним сөз
  3. Теннис ойнауға арналған

Құрал

4-топ

  1. Ешкінің төлі
  2. Ең берік ағаш
  3. «Кемпірқосақ» сөзінің орысша аудармасы

Бүгінгі сабақта не істейміз деп ойлайсыңдар?

Сабақтың мақсаты қандай?

Жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында модель түрлеріне  «сөзжұмбақты» шешу арқылы сабақтың тақырыбын ашу.Мақсатымыз:-Модельдер түрімен  танысу-модель түрлерін ажырата алуды үйрену
10 мин IV.Жаңа оқу материалын таныту Жаңа ақпаратпен жұмыс жасау үшін 4 топтағы оқушыларды      1-2-3-ке санап үш жұпқа бөлу1-жұп: материалдық және ақпараттық модель2-жұп:Көрсету түріне қарай ақпараттық  модель түрлері

3-жұп: Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер

Берілгендерді жеке-дара оқып,  жұпта талқылайды.(3 мин)

Тақырыпты оқу барысында түсінбеген сұрақтары болса қызыл түсті  жалаушаны көтереді (мұғалім көмегін көрсетеді)

Жұптарда талқылап болған соң, үй топтарына оралады да, әрбір оқушының өзінің  оқығанын және жұпта талқылағанын топ мүшелеріне түсіндіреді (2 мин), постер бетіне түсіреді (3 мин), постерлерін қорғайды (2 мин)

Жаңа ақпаратпен жұмыс жасау үшін топтарды 1-2-3-ке санап үш жұпқа бөлу1-жұп: материалдық және ақпараттық модель2-жұп:Көрсету түріне қарай ақпараттық  модель түрлері

3-жұп: Компьютерлік және компьютерлік емес модельдер

Берілгендерді жеке-дара оқып,  жұпта талқылайды.  (3 мин ) Тақырыпты оқу барысында түсінбеген сұрақтары болса қызыл түсті  жалаушаны көтереді (мұғалім көмегін көрсетеді)

Жұптарда талқылап болған соң, үй топтарына оралады да, әрбір оқушының өзінің  оқығанын және жұпта талқылағанын топ мүшелеріне түсіндіреді (2 мин), постер бетіне түсіріп (3 мин), постерлерін қорғайды (2 мин)

Оқулық, дәптер, дидактикалық материалдар
9 мин V.Бiлiмдерін бекiту. Деңгейлік тапсырмаларІ-деңгей жұптық жұмыс(4 мин)

ІІ-деңгей топтық жұмыс (интербелсенді тақтамен жұмыс)

(6 мин)

Деңгейлік тапсырмаларІ-деңгей жұптық жұмыс(4 мин)

ІІ-деңгей топтық жұмыс (интербелсенді тақтамен жұмыс)

(6 мин)

3 мин Сергіту сәті «Қызыл өрік» әніне жаттығу орындау «Қызыл өрік» әніне жаттығу орындау
6 мин V.Бiлiмдерін бекiту. ІІІ-деңгей жеке-дара жұмыс(5 мин)Қосымша тапсырма

Әрбір оқушы информатика пәніні тақырыбы төңірегінде қандай да бір объектіге ребус құрастырып, оны жұбына жасырады, бір-бірінің ребустарының жауабын тауып, осы сөзге «5 жолды өлең»  құрастыру және  Paint графикалық редакторында осы объектінің графикалық моделін құрастырады

«5 жолды өлең» құрастыру талаптары:

  1. зат есім
  2. екі сын есім
  3. үш етістік
  4. төрт сөзден тұратын сөйлем
  5. синоним сөз

Мысалы:

  1. қуыршақ
  2. әдемі, үлкен
  3. сөйлейді, ойнайды, көзін жұмады
  4. Маған анам қуыршақ сыйлады.
  5. Ойыншық
ІІІ-деңгей жеке-дара жұмыс(5 мин)Қосымша тапсырма

Әрбір оқушы информатика пәніні тақырыбы төңірегінде қандай да бір объектіге ребус құрастырып, оны жұбына жасырады, бір-бірінің ребустарының жауабын тауып, осы сөзге «5 жолды өлең»  құрастыру және  Paint графикалық редакторында осы объектінің графикалық моделін құрастырады

«5 жолды өлең» құрастыру талаптары:

  1. зат есім
  2. екі сын есім
  3. үш етістік
  4. төрт сөзден тұратын сөйлем
  5. синоним сөз

Мысалы:

  1. қуыршақ
  2. әдемі, үлкен
  3. сөйлейді, ойнайды, көзін жұмады
  4. Маған анам қуыршақ сыйлады.

5.Ойыншық

«Ой жүгірту» 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 мин
  1. Бағалау.
Ақпараттық диктантТүсіп қалған сөздерді толықтырып жазу

  1. . . . . . . . . . – нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
  2. Модельдеу – объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың . . . . . . . . . . .  (макетін) құру.
  3. Вербальдық модельдегеніміз – . . . . . . . немесе . . . . . . . түрінде жасалған ақпараттық модель.
  4. . . . . . . . . . . .  – деп компьютердің көмегімен арнайы программалық орталар  іске асыратын модельдерді айтады.
  5. Геометриялық модель – . . . . . . . . . . .  пішіндер мен көлемді конструкциялар.

 

Бағалау парақтарына жалпы ұпайын есептеп, шықан  бағаларын дәлелдейді

Ақпараттық диктантТүсіп қалған сөздерді толықтырып жазу

  1. . . . . . . . . . – нақты объектіні, процессті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп көрсету.
  2. Модельдеу – объектілерді, процесстерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың . . . . . . . . . . .  (макетін) құру.
  3. Вербальдық модельдегеніміз – . . . . . . . немесе . . . . . . . түрінде жасалған ақпараттық модель.
  4. . . . . . . . . . . .  – деп компьютердің көмегімен арнайы программалық орталар  іске асыратын модельдерді айтады.
  5. Геометриялық модель – . . . . . . . . . . .  пішіндер мен көлемді конструкциялар.

 

Бағалау парақтарына жалпы ұпайын есептеп, шықан  бағаларын дәлелдейді

Компьютерде орындау.  Техникалық диктант
1 мин VII. Үй тапсырмасы туралы мәлімет. Үйге:  үш объектінің вербальдық, яғни, әңгіме түрінде және графикалық моделін құрастыруБерілген тапсырманы хабарлау, оның орындау әдiстемесiн түсiндiру. Оқушылар үйге берген тапсырманы күнделікке жазады. Сұрақтары болса сұрайды.
3 мин VIII.Қорытынды Мұғалімге сабақтың қаншалықты ұнағаны немесе ұнамағаны туралы телеграмма жазу Мұғалімге сабақтың қаншалықты ұнағаны немесе ұнамағаны туралы телеграмма жазу
2 минут Кері байланыс Кері байланыс парағын таратып береді. Сұрақтарға жауап жазады. Стикерлер. Маркерлер

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *