Басы » Алғашқы әскери дайындық » Қарауылдық қызметті ұйымдастыру

Қарауылдық қызметті ұйымдастыру

Екібастұз қаласы
№22 гимназиямектебі
алғашқы әскери дайындық пәнін
оқытушы-ұйымдастырушы
ИСКАКОВ Жақсылық Бүркітбайұлы

Мақсаты: ҚР Қарулы Күштерінің гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысымен таныстыру. Жарғының әскери қызметшілердің қызметіндегі маңызын ұғындыру. Оқушыларды қарауыл құрамымен таныстырып, міндеттерін білу.

Қарауыл, пост, сақшы анықтамаларын беру арқылы  оқушыларға қарауылдық қызметтің жоғары қырағылықты қажет ететін  жауапты әскери қызмет екендігін түсіндіру арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Оқушыларды Отанымыздың шекарасын, жауынгерлік туды, аса маңызды әскери және мемлекеттік объектілерді қорғауға дайын болуға және еліміздің қауіпсіздігі мен гүлденуіне деген жеке жауапкершілік сезімге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

 1.       Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

А)  Взвод басшысының баяндамасын қабылдау, жеке құрамның сабаққа дайындығын тексеру;Ә)   Сап элементтерін тексеру;

2.  Үй тапсырмасын тексеру: Саптық жарғы, Ішкі қызмет жарғысы, Тәртіптік жарғылардың анықтамасын, мағынасы

1-слайд саптық жарғы (бейне фильм)

2-слайд  Ішкі қызмет жарғысы (погон үлгілері бойынша жауап беру)

3- слайд Тәртіптік жарғы әскери қызметшілерге қолданылатын тәртіптік жазалармен көтермелеулер түрі

  1. 2.     Негізгі бөлім:  Жаңа тақырыпты хабарлау    
Бірінші оқытылатын сұрақ        (қарауыл, сақшы анықтамасы, құрылымы)Әскери және мемлекеттік объектілерді сенімді күзету мен корғау үшін карауыл кызметі тағайындалады. Карауылдык кызметті атқару жауынгерлік тапсырманы орындау болып табылады және жеке кұрамын осы Жарғының барлык ережелерін дәл орындауды, мейлінше тыңғылықты, батыл шешімді бастамшылықты  талап етеді.

Қарауылдық кызмет талаптарын бұзуға кінәлі адамдар тәртіптік немесе кылмыстык жауапкершілікке тартылады.

12-17-слайд (кесте қарауыл құрылымы)

Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ак гауптвахты және тэртіптік батальонда ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қарауыл деп аталады. Қарауылдар гарнизондык және ішкі болыпбөлінеді.

Гарнизондық қарауыл жалпы гарнизонды маңызы бар объектілерді, кұрамалар объектілерін  немесс бір-біріне жакын орналасқан бірнеше әскери бөлімдердін объектілерін корғау үшін, сондай-ак гарнизондык гауптвахтада ұсталып отырған адамдар күзету үшін тагайындалады.

 Ішкі карауыл бір әскери бөлімінің объектілерін күзету   мен   корғау   үшін тағайындалады

 (сақшы, пост  анықтамасын беру)

Қарауыл кұрамына: қарауыл бастығы посттылар мен ауысым саны бойынша карауылдар,  жұмысқа тартушылар, карауыл бастығының көмекшісі техникалық күзет жөніндегі карауыл бастығының көмекшісі немесе операторлар ауысымы, карауыл иттері кызметі жөніндегі қарауыл бастығының көмекшісі және көлік кұралдарының  жүргізушілері тағайындалады. ОбъектІлерді тікелей күзету мен корғау үшін қарауыл кұрамынан сақшылар тағайындалады

Объектілерді тікелей күзету мен қорғау үшін жауынгерлік міндеттерді орындаушы каруланған карауыл кұрамынан сақшылар тагайындалады.

Сақшы дегеніміз өзіне тапсырылған постыны күзсту мен қорғау жөнінде жауынгерлік міндеттерін орындаушы қаруланған карауыл.

Гарнизондық қарауылдар гарнизон бастығына, карауылдар бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне, гауптвахты жанындағы қарауыл гауптвахты бастығына бағынады.

Ішкі қарауылдар әскери бөлім командиріне эскери бөлім бойынша кезекшіге және оның көмекшісіне бағынады.

18-19 слайд Екінші  оқытылатын сұрақ   (пост макетін көрсету, түсіндіру)

Пост Пост дегеніміз сакшыга күзету мен корғау үшін тапсырылған барлық объектілер, сондай-ақ ол өз міндеттерін орындап жүрген орын немесе жергілікті жердің бір учаскесі. Күзететін объектілер орналасқан аумақтың сым коршауларының арасы: төменгі бөлігі 5 см-ден жоғарғы бөлігі 15 см-ден аспайтын аракашыктыкпен биіктігІ 2 метр-ден кем емес ішкі жэне сыртқы коршаулары болу керек. Сырт кы және ішкі коршаулардың ара кашыктығы жергілікті жағдайға карай 10метр жэне одан да көп болуы мүмкін. Қоршаулар арасыпан сақшылардың жүруіне арналған сүрлеу жэне ені 5 метр-ден кем емес коршаудың сыртқы жағына өтетін бақылау кадагалау жол жабдықталады. Күзетілетін объектілерге кіре берісті бақылауға ыңгайлы болу үшін коршаулардың арасына ок өткобейтін қоршауы бар байланыс дабыл жүйесі кұралдармен және найзағайдан сақтану кұрылсыларымен жабдыкталған бақылау мүнаралары орналастырады. Күзетілетін объектілері бар аумакка кіре берісте түнде және күндіз жаксы көрінетін жазуы бар көрсеткіштер койылады. Айналып жүру көрсеткіштер арқылы көрсетіледі. Бүл көрсеткіштер тәуліктің белгілі бір уакытында койылуы мұмкін.

20-21 слайдтар Үшінші  оқытылатын сұрақ       

1)    Қарауылда  қаруды оқтау және оғын алу ретін көрсету

2)    Посттағы сақшыны ауыстыру тәртібін корсету

 22— слайд  Бекіту кезеңі: 

  1. 1.     Қарауылдың тағайындалу мақсаты?
  2. 2.     Қарауыл кімдерден тағайындалады?
  3. 3.     Гарнизондық және ішкі қарауылдың айырмашылығы қандай?
  4. 4.     Сақшы дегеніміз кім? Пост және оның жабдықталуы.
Бағалау, үй тапсырмасын беру Қосымша материал:  Қазақтың батырлары

      Халық Қаһарманы      Хиуаз Қайырқызы   Доспанова 

            (оқушылар дайындаған материал)

 

Презентацияны жүктеңіз

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *