Тасимова Айнур Сериковна
Қарағанды қаласы
КММ ЖББО №53 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
3 «Б» сынып
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық тағам. Бауырсақ.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тақырып бойынша білімдерін жинақтау.
Білімділік: Оқушылардың ауызекі тілін дамыту.
Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс жүргізу дағдыларын қалыптастыру, ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық тағамын білуге, оны қастерлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: аударма, түсіндірме, сұрақ-жауап, әңгімелеу т.б.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, сызбалар, кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
— Оқушыларды түгендеу
— Сабаққа бағыттау
ІІ. Үй жұмысын талдап, бекіту.
- ауызша
- сұрақтар арқылы
ІІІ. Жаңа сабақ
Жаңа сабақты баяндау
Сөздік.
ұлттық – национальный
бидай ұны – пшеничная мука
домалақ – круглый
қуыру – жарить
тойымды – сытный
сәні – роскошь
сүйсініп – с удовольствием
- тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар.
Бауырсақ – қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық тағамы. Бидай ұнын ашытып, домалақ етіп кесіп, майға қуырып, пісіреді. Басқа нан тағамдарына қарағанда, бауырсақ өте дәмді әрі тойымды. Бауырсақ – дастарқан сәні. Адам оны сүйсініп жейді.
- тапсырма.
Диалог: балалар, бауырсақты кім әзірлеп, пісіреді?
Бауырсақтың жасалу әдісін видео арқылы көрсету.
Сұрақтар арқылы бауырсақтың түр түсін сапасын сұрау.
- Бауырсақ қандай? Жұмсақ
- Бауырсақтың көлемі қандай? Домалақ
- Бауырсақтың түсі қандай? Сары
- Бауырсақтың дәмі ше? Өте дәмді
Пысықтау сұрақтары:
- Бауырсақты илеу үшін не керек?
- Бауырсақты жаю үшін не керек?
- Бауырсақты қуыру үшін не керек?
ІV.Сергіту сәті
3-тапсырма. Мақал – мәтелдерді түсініп оқып, жаттап ал.
- Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті.
- Ас атасы – нан
- Нан – киелі ас
- Нан болмаса, ән де болмайды
- Алтын- күміс тас екен,
Арпа — бидай ас екен.
4-тапсырма. Симантикалық кестені толтыру.
Сапасы | Көлемі | Дәмі | Етістік | Неден жасалған? | Қуырылады | ||||||
қат
ты |
жұм
сақ |
домалақ | жал
пақ |
ащы | дәмді | Іше
міз бе? |
Жей
міз бе? |
Ұн
нан |
Қант
тан |
суға | майға |
- «Бауырсақ» ертегісінің қойылымы
5-тапсырма. Жарыс ойын: Түрлі суреттер арқылы бауырсаққа қажетті суреттердің тізімін ретімен қою
VІ. Қорытындылау: Тест арқылы оқушылардың білімдерін жинақтау
- Бауырсақ илеу үшін не керек?
а) қант
ә) ұн
б) күріш
- Бауырсақты жаю үшін не керек?
а) қасық
ә) ожау
б) оқтау
- Бауырсақты қуыру үшін не керек?
а) кесе
ә) қазан
б) шәйнек
- Бауырсақты пісіру үшін не керек?
а) май
ә) сүт
б) шырын
- Бауырсақ қандай тағамға жатады?
а) сүт тағамдары
ә) нан тағамдары
б) ет тағамдары
VІ. Бағалау: —
VІІ.Үйге тапсырма: Мәтінді әңгімелеу.