Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Олжас Сүлейменов «Қыз қуу»

Олжас Сүлейменов «Қыз қуу»

 

Қарағанды  қаласы

КММ ЖББО №53  мектеп-лицейі 

Уалибекова   Қарақат  Бексейтовна

Қазақ  тілі   мен  әдебиет  пәні  мұғалімі

 

Сабақтың тақырыбы:   Олжас Сүлейменов «Қыз қуу»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік Тәрбиелік Дамытушылық
Халық жазушысы Олжас Сүлейменов туралы оқушылардың таным, білім көкжиегін кеңейту. Өлеңнің мазмұнын ұғындыру. Оқушыларды  ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге   тәрбиелеу. Өлеңдегі негізгі ойды түсіне білуге, ой қорытуға, бейнелі сөздерді таба білу дағдыларын дамыту.

 

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ

Сабақтың әдісі:  әңгімелеу, талдау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, жинақтау,  ойын, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Олжас Сүлейменов портреті,  интерактивті тақта, слайдтар. Сабақтың барысы:    І.   Ұйымдастыру кезеңі.

                                      ІІ.   Үй тапсырмасын тексеру.

Сұрақтар қою арқылы өткен сабақты бекіту.

  1. Ашаршылықты ашық айтқан Алаш азаматтары кімдер еді?
    2. Ғабит Мүсірепов туралы мағлұмат.
    3. Мұташ Дәулетқалиев туралы мағлұмат.
    4.Мансұр Ғатаулин туралы мағлұмат.
    5. Қадыр Қуанышев туралы мағлұмат.
    6. Емберген Алтынбеков туралы мағлұмат.
    7. “Бесеудің хаты” қай жылы, қай күні, кімнің үйінде жазылды?

О. Сүлейменов туралы жалпы мағлүмат беру.

Ой шақыру.

  • «Қыз қуу» дегенде ойларыңа не келеді?
  • Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

«Қыз қуу» туралы видео көрсету.

«Қыз қуу» дегеніміз не?

Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан-балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын — сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсаң ,ол ойын – сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс – тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесіне көңіл бөлуге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке, адамгершілікке баулиды.

1.«Қыз қуу» өлеңін мәнерлеп оқу.

Өлеңнің мазмұнын ашу. (Ақынның айтпақ ойы не?)

Өлеңде көсіліп жатқан дархан далада көсіле шапқан арғымақ және осыған орай ақынныңкөл-көсір қуанышты сезімі астасып тұр. Даланың әсемдігі мен кеңдігіне, арғымақтың ұшқыр арманы, жан-сезімі, дүниетанымы, мақсат-мұраты айқын көрінеді.

  1. Өлеңді оқушыларға мәнерлеп оқыту.

Топпен жұмыс.

І кезең.

І топ.

Өлең құрылысына талдау.

Авторы:

Тақырыбы:

Жанры:

Басты кейіпкерлер:

Тармақ:

Бунақ:

Буын:

Шумақ:

Ұйқас:

Идеясы:

ІІ топ.

Өлеңнің көркем тілін табу. (Эпитет, аллитерация, ассонанс)

ІІ кезең. Мақал-мәтел жарысы.

І топ.

Жігіт туралы мақал- мәтел айтыңдар.

ІІ топ.

Қыз туралы мақал-мәтел айт.

ІІІ кезең.

І топ.

Қыз, жігіт, жылқы сөздеріне бес жолды өлең құрастырыңдар.

ІІ топ.

«Қыз қуу» тақырыбына ойтолғау жазу.

ІVкезең.

І топ
Хронологиялық кесте  бойынша өсу ретімен орналастыр:

Бесін                                          Қой жасы

Тай                                             Патша   жасы

Құлын                                        Қозы  жасы

Жабағы                                      Жылқы  жасы

Құнан

Дөнен

ІІ топ.

Ақынның тіл шеберлігі.(Ой тереңдігі, түңілу, өнеге)

Сабақты қорытындылау:

«Ақын өлеңінен алған әсерім» эссе жазу.

Үй тапсырмасы:

О.Сүлейменов туралы мәлімет жинап келу.

“Қыз қуу ” өлеңін жаттау.

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *