Алматы облысы, Панфилов ауданы, Көктал ауылы
«Көктал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
тарих пәнінің мұғалімі
Еселбаева Ардақ Қанатқызы
11-сынып
Сабақтың тақырыбы: ТМД елдеріндегі қазақтар, олардың Тәуелсіз Қазақстан Республикасымен қарым-қатынасы. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы.
Сабақтың мақсаты:
ТМД елдеріндегі қазақтар, олардың Тәуелсіз Қазақстан Республикасымен қарым-қатынасы. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы туралы түсінік беру; Белсенділігін арттырып, білімін жетілдіру.
Ұлтжанды, елін , жерін сүйетін, адамгершілік қасиеттерді бойына жинақтаған, батыл, иманды жеке тұлға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар ТМД елдеріндегі қазақтар және Тәуелсіз Қазақстан Республикасымен қарым-қатынасы туралы біледі.
Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы туралы мағлұмат алады.
Топтық жұмыс арқылы оқушылар ынтымақтастықта жұмыс жасайды
Бір-біріне құрметпен қарайды.
Сабақтың түрі: топтық ізденіс сабақ
Сабақ типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақ әдісі: топпен жұмыс, сұрақ-жауап, сұрақты ұста әдісі.
Көрнекілігі: ҚР-ның саяси картасы, буклет, ғаламтордан алынған мәлімет, АКТ-ны қолдану, слайд, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
1.Шаттық шеңбері / Оқушылар өз есімдерінің мағынасын ашады/
2.Топқа бөлу/ тұрғындар мен үйшіктер ойыны арқылы/
3.Оқушыларға бағалау парақтары таратылады. Әр топ өз араларында топ басшыларын, хатшыларын саялап алады.
II Сұрақты ұста әдісі / топқа фасоль лақтыру арқылы үй тапсырмасын сұрау/
- Диаспоралогия нені зерттейді?
- Ирредента деген не?
- Қазақ диаспорасы деген ұғым нені білдіреді?
- Қазақ диаспорасы мәселесі қашан және неліктен көтерілді?
- Қазақтардың дүние жүзі елдеріне таралу кезеңдерін анықта?
- Қазақ халқының бір бөлігінің шетел асып кетуге мәжбүр еткен жағдай?
- Қазақ диаспорасының Еуропа мен Америкаға таралуы қай кезде басталды?
- Шетелдердегі қазақ ирредентасы мен диаспорасының пайда болуы?
- Қазақ диаспорасының қоныстану аумағының кеңеюі?
Видеорллик. Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығына 20жыл.
III Жаңа сабақты түсіндіру: Мұғалім сөзі: Кеңес Одағының әміршіл-әкімшіл басқару жүйесінің билігімен Қазақстанға зорлық-зомбылықпен қоныс аударылып келгендер Тәуелсіздік алған соң өз елдеріне қайта бастады. Сол сияқты украин, беларусь, армян, әзірбайжан, сияқты этностар да өз елдеріне қайтты. Көші-қонның 70% -ға жуығы орыстар болса, 10% -дан астамы- украиндар болды. Ең қиыны-қазақтардың 4,6% –ы ТМД елдеріне қоныс аударса, 1% -ы алыс шетелдерге көшіп кетті. Видеоролик. /Көші –қон мәселесі/ 3 топқа төмендегі сұрақтар беріледі.
1-топ
- Өзбекстандағы қазақтар
- Ауғанстандағы қазақтар
- Тәжікстандағы қазақтар
- Көші-қон мәселесі
2-топ
- Ресей Федерациясындағы қазақтар
- Қытайдағы қазақтар
- Туркиядағы қазақтар
- Қазақ диаспорасының көрнекті өкілдері
3-топ
- Монғолиядағы қазақтар
- Ирандағы қазақтар
- Еуропадағы қазақтар
- Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы
IV Сабақты бекіту: Постермен жұмыс . /видеоролик/ Оқушылар экраннан Отанына оралғандарға қандай кедергілер болғанын 3 топ постерге сипаттап береді.
Сергіту сәті
Қорыту « insert» әдісі бойынша
Білдім | Білемін | Білгім келеді |
V Бағалау: топтық бағалау, крийтериалды бағалау
VI Үйге тапсырма:ТМД елдеріндегі қазақтар, олардың Тәуелсіз Қазақстан Республикасымен қарым-қатынасы. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы туралы оқып, эссе жазып келу, тақырыптық тест құрастыру.