Басы » Бастауыш сыныптар » 7 санының құрамы

7 санының құрамы

7_12  Алматы облысы

Ақсу ауданы

Т.Тоқтаров атындағы орта мектебі,

мектепке дейінгі шағын орталығының

бастауыш сынып мұғалімі Г.С.Түбекбаева

Тақырыбы:7  санының құрамы

Мақсаты: 1. 7 санының құрамы жеті бірліктен тұратынын түсіндіру.

  1. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,

тілдік, сөздік қорларын  байыту.

  1. Ептілікке, шапшандыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:  слайд, тақта ,бор,карточкалар,кесте,постер.

Әдістер: Диалог:(зерттеушілік, сұрақ қою,қайта бағыттау,түрткі болу).

ОүБ және оқуды бағалау ,бақылау,формативті

бағалау(ауызша). Джигсо әдісі.ТЖ,ЖЖ.

Күтілетін нәтиже (критерийлер):

Оқушылар  7 санының құрамын танып біледі.

7 саны жеті бірліктен тұратынын түсінеді.

Өз ойларын ашық айта алды,топта бірлесіп амалдардың орындалу ретін талдай алады.

Өздерін-өздері  бағалай алады.Кері байланыс орната алады.

қ/с Мұғалім іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті  Уақыты      Ресурс-тар
1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқу құралдарын түгелдеу.

Терең ғылым саланың,

Тегі деп ой саламын.

Қызықты деп оқимын,

Математика сабағын.

 

2мин Компью-тер
2 Есте сақтау.

*Психологиялық дайындық.

*«Миға шабуыл» ойыны.

Жауаптарына қарай бағалау.

 

*Топқа бөлу: мезгілдер арқылы(қыс, көктем,жаз, күз)

а)Дәптер тексереді,ауыстырады.

 

 

ә)Сұрақтарға жауап береді.

-Балалар қазір қай мезгіл?

-Бүгін аптаның қай күні?

-Қазір бізде қай сабақ?

-Өткен сабақта неше санымен таныстық?

1-топ:қыс

2-топ:көктем

3-топ:жаз

4-күз

10мин Оқулық
Үй тапсырмасын сұрау 1-топ: 0-7 –ге дейін тура және кері санау

2-топ: қосу компоненттерін атау

3-топ:азайту компоненттерін атау

4-топ:фигураларды атау.

5 мин Таратпа
3 Түсіну.Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс.

№1 Өзіндік жұмыс.

 

Сергіту сәті.

 

Оқулықты ашады.

Таратпамен жеке жұмыс жасайды.

Би билеп сергіту жаттығуын жасайды.

Солға, солға түзу тұр.

Оңға, оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым

Артқа қарай бір адым

Жоғары төмен қарайық

Орнымызды табайық.

 

10 мин Оқулық

Кесте

4 Қолдану.

*Дәптермен жұмыс.

*Тақтамен жұмыс

 

Мысалды дәптерге орындайды.

 

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтықтан қашайық,

Әдемі етіп жазайық.

 5 мин Дәптер
5 Талдау.Шығармашылық тапсырма.(қосымша 7 саны туралы не білетіндерін айту) Джигсо әдісі Постермен жұмыс:есепті шығару және суретті  бояу.

1-топ:көбелек

2-топ:гүл

3-топ:тал

4-топ:бүлдірген

10 мин Постер
6 Жасау.

Ойын: «Ғарышқа ұшу».

Қосымша тапсырма

Ойынның шарты: Балаларға қағаздан сәндеп жасалынған ракета үлгісі көрсетіледі де кім ғарышқа ұшқысы келсе, мұндағы тапсырмаларды дұрыс орындау керектіп ескертіледі

1-топ: санамақ санау

2-топ: апта күндерін санау

3-топ: тақпақ айту

4-топ:жұмбақ жасыру

3 мин Макет
7 Бағалау.Бағалау парағын тарату Өзара   бағалау(қол шапалақ, бағалау парағы, мадақтау).Жиынтық бағалау. 2 мин
8 Бағалау крийтерийлері: 1.Тапсырмалардың жүйелі орындалуын

  1. Өз ойларын толық айта алуларын

3.Сұрақтарға толық жауап берулерін және  есепті шапшап шығаруларын.

4.Тақтаға  жазу барысында әдемі жазуларын.

5.Топпен, жұппен жұмыс жасаудағы белсенділігін.

9 Кері байланыс Стикерге өз ойларын жазып, «Бүгінгі сабақта» айдарына жапсыру. 3 мин
10 Үйге тапсырма 7 санының құрамы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *