Маңғыстау гуманитарлық колледжі
Оқытушы: Қойшығұлова Айна Кемелқызы
Тақырыбы: Шығармашылықпен шыңдаламын.
Мақсаты: Білімділігі: Адам бойындағы шығармашылық туа бітті емес екенін, ол іздену , қызығушылықтың арқасында келетінінін ұғындыру.
Дамытушылығы : Студенттердің бойындағы бір –біріне деген қатынастардың, сонымен қатар олардың бойындағы күш –қуатты
еңбектенуге ,шеберлікке бағыттау арқылы шығармашылықтарын дамыту.
Тәрбиелілігі: Қоғамда, қоғамдық орындарда өздерін ұстай білуге, мамандық таңдауда кәсіби бағыт беру. Өмірдегі қиыншылықтарға мойынсынбай, төтеп беруге рухани тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілігі: үлестірме қағаздар, әуен, интерактивті тақта, суреттер, түрлі –түсті қарандаштар, ойындарға қажетті құралдар.
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру бөлімі.
- Тыныштық сәті.
- Әңгімелесу.
- Шығармашылық жұмыс.
- Пікірлесуге арналған сұрақтар
- Сергіту сәті
- Дәйек сөз.
- Тест .
- Ұлылардан ұлағат .
- Шығармашылық жұмыс.
- Ойын .
- Жаңа ақпарат .
- Қорытынды .
- Жүректен –жүрекке .
- Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлеметсіздерме?
( Студентерді жинақтау, түгендеу,сабақ бастап кетуге дайындау)
- Тыныштық сәті ( баяу әуен қойылады )
Ыңғайланып отырыңыз.көзіңізді жұмыңыз.Денеңізді босатып,тынышталыңыз.Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз.Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз.Таза ауа,сылдырлаған мөлдір бұлақ суы,құстардың сайраған даусы естіледі.Сіз жеңіл демалудасыз,сіз күш-қуатқа толысыз.Жер-Анаға,табиғатқа деген махаббат,сүйіспеншілік барлығы өзіңе деген махаббатпен тығыз байланысты.Күн шуағы сіздің денеңізге сәуле шашуда,самал жел сіздің шашыңызды тербетіп,сізге көрік беруде.Бүкіл табиғат күші сізге өз махаббатын сыйлап,сізді таң нұрымен қарсы алады.Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге қуат беріп тұрғанын сезініңіз.Бұл күшпен өзіңізге жақын адамдармен,достарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз.Бұл қуат сіздің өміріңізбен тығыз байланысты.Сіз әлемдегі ең бақытты жансыз!
- Дәйексөз
Шынайы шығармашылық –ешбір тыйымға көнбейтін, керенулі фонтан
М. Әлімбаев
- Ой қозғау
- Шығармашылықпен қалай шыңдалуға болады?
- Шығармашыл достарымыз барма арамызда?
- Шығармашыл шыңдалған тұлғалар деп кімдерді айтуға болады?
- Жаңа ақпарат.
Шығармашылық –бұл ізденіс, кез –келген іске үлкен жауапкершілікпен, терең көзқараспен қарау. Оны жаңартуға, өзгертуге, толықтыруға ұмтылу. Шығармашылық ой еңбегі және дене еңбегі арқылы жүзеге асады. Шығармашылықпен айналысу барысында адамның таланты, қабілеті ашылады. Оның рухани жан дүниесі байиды және іс –әрекетіндегі белсендіолігі артады. Ал, адамның белсенділігінің артуы оның өміріндегі кедергілер мен қиындықтарға бой алдырмауына көмектеседі. Шығармашылық адамның тұлғалық сапасын шыңдайды.
- Шығармашыл топтар
Студентер 4 топқа бөлініп әр топ шығармашылық туралы үзінділердің берілгенін оқып, талқылаңыздар.
- «Шығармашылық адамы» (кітаптан 67 –бетте)
- «Өзіңдегі шығармашылық» (кітаптан 68-бетте)
- «Өз талантарыңызды көрсетіңіздер» (кітаптан 69 бетте)
- «Шығармашылық тактикасы» (кітаптан 70 бетте)
- Пікірлесуге арналған сұрақтар.
- Оқылған материалдардан өзіңіз үшін қандай жаңалық аштыңыздар?
- Шығармашылық деген не?
- Шығармашылық адамы қандай адам?
- Өзіңдегі шығармашылық дегеннің мәні неде? Бұл жағдайда біз нені тудырамыз?
- Біз кейде өзіміздің неге дарындылығымыздың, қабілеттілігіміздің бар екнін байқаймыз. Адам өз таланты мен мүмкіндіктерін қалай аша алады?
- Табысты шығармашылық процесс үшін не қажет деп ойлайсызда?
- Адамның кәсіби іс –әрекетіне шығармашылық қажетпе?
- Педагог өзінің шығармашылығын қалай көрсете алуы мүмкін?
- Сергіту сәті. ( аутоагентті жаттығу)
Кірпіш
Көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстаңдар, алдарыңа кірпішті елестетіп, кірпішті бар күшімізді салып екі қолмен итереміз. Бойымыздаға шығармашылық қабілетімізді шыңдап, жақсы қасиеттерімізге жол ашамыз. Енді көздерімізді жәйлап ашамыз.
- Ұлылардан ұлағат ( Дәптерге жазып алу.)
Адам үшін ең тамаша , ең қымбат нәрсе өзара жайланыстажүзеге асырылатындығын анықтаңыздар. Ондай ой түйіп, дәптерлеріңізге жазып алыңыздар.
Г.М.Кржижановский
Еңбекті жан –тәніңмен жақсы көрусіз талантар да , данышпандар да жоқ.
Д.И.Менделеев
Кез-келген істе шығармашылыққа орын бар.
С.Д. Довлатов
Еңбек адамдардағы творчествалық күшті оятады.
А.Н. Толстой
Талантты әрі еңбек сүйгіш адамдарға тосқауыл жоқ.
Л. Бетховен
- Шығармашылық жұмыс
Енді студенттер 3 топқа бөлінеміз.
- Шығармашыл тұлға туралы өлең жолдарын жазады.
- Сурет салады кез-келген бір кезеңді еске ала отырып
- Көрініс қояды ішінде мұңаюда қуанышта болуы керек.
- Ойын ( Тақ)
Ойынның шарты : 3студен шығады тақтаға біреуі отырады екеуінің бірі оң жағында екіншісі сол жағына барып оның жақсы және жаман қасиеттерін айтады. Ал студенттің өзі сол айтылғандар мен келісеме әлде жоқпа соны айтып отырады қалғандары егер айтылғандар рас болса шапалақтап келіспесе үнсіз отырады.
- Корытынды .
Студентер сіздердің баршаңыздың бойыңызда әйтеуір бір ерекше дарыныңыз барына мен сенмін. Сол дарындарыңызды, шығармашылық қасиеттеріңізді сыртқы ортағада көрсетіп болашақта қоғамда өз орталарыңызда ерекше орындарың боларына сенемін.
- Жүректен –жүрекке.
Жүрекшелер беру арқылы бір –біріне игі жақсы тілектерін білдіру .
Сау болыңыздар!!! Сабақ ұнады деген ойдамын.