Басы » Дене шынықтыру » Шынықсаң- шымыр боласың

Шынықсаң- шымыр боласың

?????????????????????????????????????????????????????????????????Алматы облысы, Панфилов ауданы, Көктал ауылы

«Көктал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

шағын орталық тәрбиешісі

Нұрмұхамбетова Бағдаш Мырзахметқызы

Тақырыбы: Шынықсаң- шымыр боласың

Мақсаты:

  • балаларды жүру мен жүгіруден кейін қатардағы өздерінің орындарын табуға үйрету;
  • ұжымда ойнауға тәрбиелеу;
  • құрсаудан – құрсауға секіргенде аяқты сәл бүгіп түсуге жаттықтыру; бір – біріне доп домалатуды және қозғалыс бағытын дәл өзгерту дағдыларын бекіту.

 

Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: доптар (диаметрі 10-12 см),  құрсаулар,  балалардың санына қарай беторамалдар.

 

Мотивациялық – қозғаушылық  кезеңі

 

Зал мерекеге сай безендірілген, жалаушалар ілінген. Спорт киімін киген балалар маршпен залға кіреді.

Кел балалар, кел бері,

Қыздырайық, денені

Орнымызда тұрып- ақ

Жүрейік бір уақ

Бір, екі, үш- жүре түс,

Бір, екі, үш- жүре түс.

 

Ұйымдастыру – іздестіру кезеңі

 

Балалар бір қатармен жүреді. Қолдарын екі жаққа созып, аяқтың ұшымен жүру.  Қолдарын белге қойып, өкшемен жүру.  Баяу жүгіру.  Жүгіру.  Жылдам жүгіру. Тыныс алу жаттығулары. «Қонжықтар» жүрісі (аяқтың қырымен жүру).  «Көжектер» жүрісі (қос аяқпен секіру).

Бір қатармен жүру  кезінде балалар қолдарына беторамалдарды алады да үш қатарға тұрады.Тәрбиеші түзу тұрғандарын тексереді.

 

Беторамалдармен жасалатын жалпы жамыту жаттығуларын жасауға көшеді.

 

Б.қ.: өкшені түйістіріп тұру, беторамал төмен түсірілген. Қолды алға созу, жоғары көтеру, оған қараймыз, алға түсіру, бастапқы қалыпқа қайту (5-6 рет).

 

Б.қ.: аяқ иықтың қатарында, беторамал түзу қолда. Қолды жанына көтеру,арқа тұсына алып барып беторамалды келесі қолға ауыстыру. Қолды жанына көтеріп, бастапқы қалыпқа қайту. Енді беторамал сол қолда (5-6 рет).

Б.қ.: беторамалды кеуде тұсына ұстап, тізерлеп тұру. Қолды алға созып, оңға (солға) бұрылу, бастапқы қалыпқа қайту (4 реттен).

 

Б.қ.: аяқты иықтың қатарына қойып, тұру,беторамал оң қолда төмен түсірілген. Еңкейіп, беторамалды сол қолға аламыз, түзелу,бастапқы қалыпқа қайту (5-6 рет).

 

Б.қ.: аяқты алшақтатып отыру, беторамал кеуде тұсында. Беторамалды жоғары көтеру, аяқтың арасындағы еденге еңкею және тию, беторамалды жоғары көтеріп, бастапқы қалыпқа қайту(3-4 рет).

 

Б.қ.: аяқ иықтың қатарында, беторамал кеуде тұсында. Отыру, беторамалды алға созу,бастапқы қалыпқа қайту(5-6 рет).

 

Б.қ.: беторамалды оң қолға ұстап тұру. Беторамалмен бұлғап, бір орында секіру (әр қолмен 3-4 рет).

 

Тәрбиеші:

Қазір біз ептілік пен шыдамдылықтыдамыта отырып, секіріп жаттығамыз.

 

Негізгі қозғалыс түрлерін түсіндіруге және көрсетуге көшеді.

 

  1. Құрсаудан құрсауға қос аяқтап секіру ( 3-4 рет).

Тәрбиеші балаларға екі қатарға тұруды ұсынады және әр қатардың алдына зал бойына 6-8 құрсауды бір-біріне жақындатып қояды. Балалар шетіне тиіп кетпей құрсаудан-құрсауға секіріп, қатарларының соңына барып тұрады. 2-3 баланы шақырып, жаттығудың қалай жасалатынын көрсетулерін сұрайды. Жаттығудың дұрыс жасалуын қадағалайды.

 

Тәрбиеші:

Міне, жарайсыңдар! Біздің жаттығуымыз жалғасады. Енді біз мергендікті дамытамыз.Бір-бірімізге доп домалатамыз.

 Екі қатарға тұрғызады.

 

  1. Допты бір-біріне екі қолмен домалату

Бастапқы қалып: тізерлеп тұру. Қатарлардың арақашықтығы 2м. Алдын ала дайындалған екі бала немесе бір баламен жаттығуды көрсетеді. Тәрбиеші бір қатарға допты таратады. «Домалатамыз» деген белгі бойынша бірінші шағын топтың балалары екінші шағын топтың балаларына допты домалата бастайды.  Тәрбиеші балалардың допты қатты сермеп лақтыруларына және бағытына көңіл бөледі. Әр шағын топ 10-12 рет домалатады.

 

 

 

«Өзің жұп тап» қимылды ойыны

Мақсаты:

  • берілген белгі (түс) бойыша өз жұбын табу;
  • жолдастық сезімге тәрбиелеу;
  • арақашықтық сақтап, бір-біріне кедергі келтірмей жүгіру дағдыларын дамыту.

Ойынның шарты:

Әр бала бір беторамалдан алады. Тәрбиешінің белгісі бойынша (ысқырықпен немесе музыкалық сүйемелдеумен) балалар жан-жаққа шашырай жүгіреді. Тәрбиешінің «жұбыңды тап» деген сөзінен кейін, қолдарындағы беторамалдары бір түстегі балалар жұп болып тұру керек. Егер жұбын таба алмаса, қатысушы балалар былай дейді:

«Ерлан, Айжан тоқтама,

Шық жұбыңды таңдауға»

Ойын жалғасады.

 

Рефлексивті-түзетушілік кезеңі

 

Тәрбиеші ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытындылайды, сұрақтар қояды:

  • Бүгін бізге көңілді болды ма?
  • Балалар, бүгін біз қандай жаттығулар жасадық, есімізге түсірейікші?

Бір қатарға тұрып тобымызға барайық.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *