Бойқожаева Үміт Мұхамырқызы
№181 жалпы білім мектептің музыка пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі әншілік мектептер, Ақан Сері, Біржан Сал.
Сабақтың мақсаты: Ақан, Біржан әндерін үйретіп, олардың әнге деген эстетикалық сана-сезімін ояту.
Сабақтың міндеттері:
а) Білімділік: Ақан Сері және Біржан Сал шығармашылығымен жеке әндерін оқушыларға үйретіп түсіндіру.
ә) Дамытушылық: Ақын әндерін оқыту арқылы өнерді түсіне білуге, салауаттылығын дамыту, “Көкек” әнін үйрету.
б ) Тәрбиелік: Ақындар әндеріндегі халықты, білімді, Отанды сүюге, бала бойына патриоттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Ақан, Біржан суреттері, “Көкек” әні жазылған плакат, музыкалық сауат.
Пән аралық байланыстар: Әдебие, тарих, географи
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу. Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
III. Жаңа сабақ. Дәстүрлі әншілік мектептер, Ақан Сері, Біржан Сал.
Мұғалімнің сөзі.
Кәне, оқушылар барлықтарымыз тақтаға қарайықшы. Бүгін біз “Дәстүрлі әншілік мектептер” Ақан Сері, Біржан Сал әндерімен шығармашылығымен танысамыз. Оқушылар “Дәстүрлі әншілік мектептер” өзара іштей топқа бөлінеді.
1. Арқа мектебі
2. Сыр мектебі
3.Жетісу мектебі
Осы үш мектептің ішінде біз “Арқа” мектебімен танысасыз. Арқа мектебіне жататын әншілеріміз-Ақан Қарамсаұлымен, Біржан Қашағұлұлы.
— Балалар, Ақан мен Біржан қай жылы дүниеге келген?
— Оқушылар жауабы айтылады
— Дұрыс айтасыңдар Ақан Сері 1843 жылы Көкшктау облысының Қолодаровка ауданындағы Қоскөл деген жерде дүниеге келген.. Шын аты Ақжігіт екен. Ата-анасы еркелетіп Ақан атандырып жіберген. 13 жасында Ақанды діни мектепке оқуға берген.
— Бір ақ ұғымталсергек ойлы бала дүмше молданың шалдыр-шатпазынан көнбей, оқуды тастап кеткен. Жасынан ән-жырға үйір жас жігіт 16-17-ге келгеннен кейін ақ қолына домбыра алып, ән салған, өлең шығарып айтқан.
— Маңына ақын, әнші, домбырашы, палуан неше түолі өнерлі жастарды жинап, серілік, салдық жолына түскен, ит жүгіртіп, құс салып, аңшылық құрған.
— Ақанның осындай өзгеше өмірімен, дарқан мінезін сырлы әнімен, өткір сөзін сүйген халық оны “Сері” аттандырған.
— Неге Ақанды Сері деп атаған халық?
(Окушылар жауабы айтады)
— Ақанның көп жырлаған тақырыбы- достық, махабат мәңгісі
— Ол сүйіспеншілікпен беріктік пен адалдықты махабат еркіндігін аңсайтын тамаша өлеңдерін әнге қосып айтқан. Эстетикалық сезімі толғанышы күшті, нәзік жанды ақын өмірден не бір сұлу , әдемінің бәрін әнге қосқан.
— Ол табиғатты да, алғыр қыран мен жүйрік атты да қызыға шығарған.
Ақынның “Жайықтың ақ түлкісі аралдағы”, “Ақ көйлек”, “Сырымбет” т.б. лирикалық өлеңдерінен сұлулықтың машықтай, сүйсіне жырлайтындығы айқын көрінеді.
— Ол адамдардың өңі де, ісі де, жаны да, сұлу болғандығын тілейді.
— Жайықтың ақ түкісі аралдағы
Алдымнан сен бір қашқан маралдағы
Формыңа төңкеріліп жайдым қана,
— Осындай жайықтың көңіл күйімен еркін жүріп, серілік өмір кешкен Ақан 30-дан аса бере-ақ қабат-қабат қайғыға ұшырайды.
— Сүйіп қосылған жары ұрқиядан айырылады. Қырын құсы қаратар бір түнде өледі. Оның артынан қасқырға салған күшаланы жеп, құмай тазысы Базаралы өледі.
— Сөйтіп жүргенде 1876-шы жылы жүйрік аты Құлагерден айырылады- ——-Керей руының пақ, Нұрмағанбет атанған үлкен бойы Ереймен деген жерде әкесі Сағынайға ас береді. Сол асқа Ақан Құлагерді бәйгеге қоспаққа алып барады. Бәйгеге 323 ат қатысады. Ақанмен өштесіп жүрек Батыраж, Қотыраж деген бай соққыға жыгып өлтіреді.
— Сонда Ақан:
Құлпырған күлге жібек құйрығың-ай.
Суырып топтан озған жүйрігім-ай.- деп, өзегін өртеген жаланым сыртқа шығарып, жасын төксе екінші жерінде:
— Шыныңмен өлгеніңбе, Құлагерім Сабырап саны аяқтай төменгі ернің- деп, атын өлімге қыймайтынын білдіреді.
— Ақан Ұрқиядан айырылғанын кейін, керей руының Жамал есімді бір қызға ғашық болады.
— Әкесі қызын Ақанға беруге қарсы болып, басқа бір бай кәрі шалға береді. Сонда Ақан:
— Аулым қонған Сырымбет саласына
Ғашық болдым ақсұңқар баласына
Бидайыққа қор болып барасыңба… .
Деп өзінің қайғысын өлеңімен жеткізген.
— Балалар келесі арқаның әншісі- Біржан Қошағұлұлы- 1834-ші жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Қожағұл құдығы деген жерде дүниеге келген. Асқақ ақын, жезтаңдай әндерімен байытып қана қоймай, оны жаңа белеске көтерген талантты композитор. Біржан әндері өзі өмір кешкен заманның кеше алуан оқиғаларын, адамгершілік ізгілік мәселелерін талдап, адам жанының нәзік есімдерін лирикалық әсем сазға бөлейді. Оның әндері дәстүрлі ән өнерінің ең таңдаулы, озық үлгісі болып санадады.
“Бұрылтай”, “Теміртас”, “Жонбай”, “Адасқақ,” “Шошып алды” т.б.
(Касета тыңдалады)
Біржан Сал әнші-композиторлығымен қатар талантты, әрі дарымды суырыпсалма ақын болған. Ақын Сарамен айтысқан. Оның ақындық өнерін кейінірек Сара, Әсет, Дөскей сынды ақындар жалғастырған.
— Бийті Степняк қаласының жанында. Жас шағынан әнге, өлеңге әуестенеді.Табиғи талант йесі көп ұзамай-ақ әнші, ақын Сал Біржан деген атқа йе болады. Еларалап, ән салып, айтысқа түсіп, ойын-көркі, тай көркі аталады. Біржанның әнін қатты сүйіп, өнерпаз жа ақын, әншілер оны, әннің пірі тұтып, ұстаз деп таниды.
— Оқушылар біз сіздермен “Көкек” әнін үйренеміз.
VI. Негізгі бөлім: Көкек
Аты жоқ құс болады көкек деген,
Алдымда тереземнің секек деген,
Дай-дай-дай-дай, дай-дарм-дай-ау
Ойымды үш ұйықтасам барма менің,
Айырылып сенен сәулем кетед деген.
Дай-дай-дай-дай, дай-дарм-дай-ау
Қайырмасы:
Ей, аты жоқ көкек,
Ей, аты жоқ көкек.
Кім сүймес шешек атқанкөкек айын,
Бейне жаз менің сүйген сәулетайым.
Дай-дай-дай-дай, дай-дарм-дай
Ақ қалқам отыр мекен, жатыр мекен,
Ей, көкек ұшып барып, білші жайын.
Дай-дай-дай-дай, дай-дарм-ау
Қайырмасы:
Ей, аты жоқ көкек,
Ей аты жоқ көкек.
Шекеңе селдіретіп айдар тағып,
“Көк, көк”-деп бос жүргенше секең қағып.
Дай-дай-дай-дай, дай-дарм-дай-ау
Қосайын өле-өлгенше мен әніме,
Қалқадан хабар әкел ұшып барып.
Дай-дай-дай-дай, дай-дарм-дай-ау
Қайырмасы:
Ей, аты жоқ көкек,
Ей аты жоқ көкек.
Оқушылар музыкалық сауат ашудан біз төрттік нотамен танысамыз.
Нота 1-ге саналады.
V. Қорытынды: — Сабағымыздың қайталай келе Біржан мен Ақан сал заманның ор ақыны деп айтсақ болады. Өйткені сол заманның байына да, болмас биіне де, жіміне де бас имеген.
— Ақан өлеңдері лирикалық тақырыпты жазылған жаны сұлу адам.
— Ақанның суреттеу үшін алғанең әдемі, нәзік суреттер, әпитет, теңеулер көп қолданылады. Ендеше Ақан да, Біржан да қиынның тейкнан шыққан әнші, композизор. Демек Біржан мен Ақан өз кезіндегі әнші, өмірдің көп мәселелерін шығармашылықтарына арқау етіп, өлеңімен де, әнімен детартқан, өзінің ерлік өмірімен туған халқының сүйікті ұлдарының бірі болды.
— Сабағымызды Қорытындылай келе.
1. Ақан мен Біржан қай жылы Қай жерде дүниеге келген?
2. Біржан, Ақан әндерін ата?
3. Ақанды неге сері, Біржанды Сал деп неге атаған?
4. Сырымбет әні кімге арналған?
5. Ақанның алғашқы жыры?
6. Сара мен Біржан рөлінде ойнаған ең алғашқы адамдар?
7. Көкек әні қалай орындалады.
VI.Үйге тапсырма: Ақан мен Біржан шығармашылығы.
“Көкек” әнін жаттау….
ІлмекАқан сері Біржан сал Дәстүрлі әншілік мектептер