Сөз тіркесі

Шығыс Қазақстан облысы
Семей қаласы
«№3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат» КММ
Асанова Рыскуль Мырзахановна

Сабақтың  тақырыбы:  Сөз тіркесі.

Сабақтың  мақсаты:

  1. Оқушыларға сөз тіркесінен алған білімдерін тиянақтау, сұрақтар қоя білуге үйрету.
  2. Сөздік қорын, сөйлеу тілдерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту.
  3. Сауатты, көркем жазуға баулу. Адамгершілік, достық, экологиялық тәрбие беру.
  4. Көзге арналған жаттығу арқылы, көру мүшелерін жақсарту, жаттығу жұмыстарын орындату.

Сабақтың түрі:  саяхат сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ой қозғау.

Көрнекі- құралдар:  интерактивті тақта, компьютер, Microsoft Power Point презентациясы, сөз тіркесінің сызбалары, бағалар.

 

Сабақтың  барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1) Психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге ді сіз,

Баршаңызды құрметтеп.

Бас иеміз біз!

2) Керек құралдарын алғызу.

3) Назарын сабаққа аудару.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Қаптан шыққан нөмір бойынша сөз тіркестерін оқытқызу.

ІІІ. Білімді тиянақтау

Күнді жазу.

Көркем жазу.

Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз Зз

 

 

1-сызба.                             Сөз тіркесінің екінші сыңары

 

негізгі мағынаны              арқылы сөз тіркесінің

білдіреді                            бірінші сыңарына сұрақ қоямыз

 

 

2- сызба.                         Сөз тіркесінің бірінші сыңары

 

Екінші сыңардың негізгі мағынасын анықтай, дәлдей түседі

«Сиқырлы балықтар» әлемі

12-жаттығу.

Мөлдір бұлақ,(қандай бұлақ?), кең дала, үлкен үй, тәтті қауын, құрғақ жер, терең көл, ақылды бала, таулы жер, малды ауыл. (1 сыңарға қандай? Сұрағы қойылады.)

ІV. Сергіту сәті

  1. «Ойлау» айлағы

Сөз тіркестерін сызба бойынша көрсету.

◘ — зат есім
● – сын есім
◊ — сан есім
◙ — етістік

  • Әуезов көшесі ◘  ◘
  • Тікенек кірпі    ◘
  • Екі өркеш  ◊  ◘
  • Жүк тасыды   ◘  ◙

 

  1. Қол саусақтарына арналған жаттығулар
  • Алақанды уқалау.
  • Білезіктен айналдыру

 

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.
  • Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-4 рет айналым жаса. Соншалықты айналым солға қарай жаса.

14- жаттығу.

Бірінші сыңары сын есімнен болған бес сөз тіркесін құрастыру.

15-жаттығу.

Тай Нұржандікі, құдық терең, нөмір бес, жаттауды жаттады, оқуды оқыды.

 

16-жаттығу. Берілген сөз топтарының сөз тіркестері екенін кестені пайдаланып дәлелде.

Атаның өсиеті сөз тіркесінің екінші сыңары өсиеті сөзі негізгі мағынаны білдіреді;  өсиеті сөзі арқылы атаның сөзіне кімнің? сұрағын қоямыз, атаның сөзі сөз тіркесінің екінші сыңарының негізгі мағынасын анықтайды.

VII. Қорытынды

  • Сөз тіркесі жағалауына да жеттік. Бізге сыңдардан өтуге не көмектесті?
  • Білім.
  • Достық.
  • Өзара көмек.

VIII. Үй тапсырмасы

Күнделігімізді ашып үй тапсырмасын жазып алайық.

17-жаттығу, 47-бет. Ереже жаттау.

  1. Бағалау.

 — өте жақсы қатысқан балаларға беру.

— жақсы қатысқан балаларға беру.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *