Технология пәні кабинетінде қауіпсіздік техникасы
Темір арамен жұмыс жасағанда
қауіпсіздік ережесін сақтай біл!
Жұмыс істер алдында мұқият жұмыс орнын тексер. Жұмыс орнында адамға кедергі келтіретін артық зат болмауы керек. Станок полотносы мықты бекітілген және тісі өткір болуы қажет. Дайындаманы кесетін бөлігін іскенжеге бекіт. Дірілдемес үшін жұмыс басында өзіңе 2-3 рет тартудан баста. Сосын бір қалыпты түзу қозғалыс жасауға тырыс, болмаса полотно ұшы сынып, көзді зақымдауы мүмкін. Металдардың қасиеттеріне байланысты минутына 30-дан 60-ретке дейін қозғалыс қажет. Темір қалдықтарын үрлеп немесе қолмен сипауға тыйым салынады. Ол көзіңді немесе қолыңды жарақаттайды. Оны щеткамен немесе сыпырғымен тазала. Жұмысты арнайы киіммен істе.
Технология пәнінің мұғалімі: ___________
Технология сабагындагы кауипсиздик ережелер
Технология
НЕЕККЕКЕЕ
ЖАҚСЫ