ШҚО, Катонқарағай ауданы «Топқайың орта мектебі» КММ шағын орталық тәрбиесісі Касымова Альмира Амировна
Тақырыбы: Математика еліне саяхат
Мақсаты:Балалармен бірден үшке дейінгі сандарды қайталау,өткен
сабақтарға сүйене отырып логикалық есептерді шығару,
жүйрік, ұшқыр қиялға жетелеу.
Әдісі: Сұрақ жауап.
Түрі: Ойын сабақ.
Сабақтын барысы.
Ұйымдастыру кезені:Арайлап таң атты
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз
Жарқырайды даламыз.
Қайырлы таң балалар
Қайырлы күн қонақтар.
— Балалар біздің сабағымызды тындауға келген қонақта-
рымызға сәлем беріп қарсалайық.
Балалар: Қуан шаттан алақай
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң достар
Қайырлы күн қонақтар
Күліп шықты күн бүгін
Сәлеметсіздер ме!
Ал енді балалар сабағымызды бастайық.Бастамас бұрын
тақпақты айтайық.
Балалар:Қолды көкке созайық,
Азайтайық, қосайық,
Сан есептін сарайын,
Бірге қане, ашайық.
-Балалар бүгін біз математика еліне саяхат жасаймыз.
Математика елінде сендерге дайындалған көптеген тап-
сырмалар,есептер бар. Соларды шешейік келген қонақ-
тарға білімімізді көрсетейік.
Көп отырмай мүдірмей
Сан санайық кідірмей.
-Біз қай санға дейін таныстық.
-3-ке дейін.
-Қане барлығымыз санайық(1-3-ке дейін тура және кері
санау)
-Кім маған осы сандар туралы тақпақ айтып береді.
Айназ:
Ай да біреу аспанда,
Күн де біреу аспанда.
Тұратын елжіреп
Бәрімізде бір жүрек: .
Мұхаметәли:
Сенбесеңіз, қараңыз
Бір ғана ба с бір ауыз.
Кім байқады кім сезді?
Мықты жандар бір сөзді:
Жалғап тұрған жұртыңды
Бәрімізде бір күндік:
Еркеназ:
Жаратқанның бергені
Екі көзім бар менің Екі құлақ қалқиып
Айтқан сөзді ал құйып Жоқ ешкімнің ортағы
Екі бүйрек бар тағы
Айша:
Жерін болса кел үйіп
Көтереді екі иық
Бар болғаны екі аяқ
Ек қолын қос қару
Керек дұрыс басқару
Аружан:
Жол бойында ел білер
Ұшбұрышты белгілер
Үшбұрышты тұмарда
Тегі емес бұларда
Ер кезегі үш қайда
Содан кейін күш қайда
«Қатесін тап» ойыны. Тақтадағы тапсырмаға көңіл аудару
-Балалар қарандаршы тақтада суреттер бар ал суреттердің астында
сандар бар екен. Кане қатесін табайық.(Бағдаршамның үш көзі 2саны, екі алмұрт 1 саны, бір балапан 3үш саны)
Сергіту сәті:
Қане, сергіп алайық.
Ойланайық, саспайы,
Қандай есеп болсада.
Шешпей оны қоймайық.
Шығармақ боп есеп
Жиналды үш мысық.
Екеуі ұйықтады
Нешеуі шығарды.
Бір-бірімен жарысқан,
Екі аю, бір қасқыр.
Барлығы неше аң.
Айшада бір алма,
Асқарда бір алма.
Барлығын қосқанда
Болады неше алма.
-Мына суретте қандай жеміс салынған?
-Сәбіз?
-Сәбіздің басында не жетпейді?
-Сабағы.
-Неше сәбіздің сабағы?
-Үш сәбіздің сабағы.
-Кане балалар желіммен жапсырайық.
-Мына суретте не бейнеленген.
-Мысық
-Мысықтын қай мүшесі жетіспейді?
-Құлақтары
-Мысықтын неше құлағы болады?
-Екі.
-Дұрыс қане желіммен жапсырайық.
-Келесі суретте не бейнеленген?
-Саңрауқұлақтар.
-Неше саңрауқұлақтын төбесі жоқ?
-Бір саңрауқұлақтын.
-Қане желіммен жапсырайық.
Жарайсындар балалар математика еліне саяхатымыз осымен аяқталды.Балалар сендерге сабақ ұнадыма?Сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Өздеріңнің ұшқыр ойларыңды,тапқырлықтарыңды көрсеттіңдер.Сабаққа жақсы қатысқандарын үшін мен сендерді жұлдызшалармен мараппатаймын. Сабағымыз осымен аяқталды.