Басы » Tәрбие сағаттары » Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

ШҚО, Катонқарағай ауданы, «Топқайың орта мектебі» КММ кітапханашысы Калмакпаева Кульзипа Мухтаровна

 «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» үздік кітапханалық видеосабақ.

Мақсаты:

Бүгінгі жас ұрпаққа Елбасының ерекше қасиет-қадірін, тұлғалық тұғырын түсіндіру, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолдары туралы түсінік беру, ерен еңбегін мақтаныш сезіммен оқушылар бойына сіңіру.

 

Көрнекілігі:

Интербелсенді тақта, слайдтар, Елбасының суреттері.

 

Сабақтың барысы:

Қазақстан республикасының Гимні орындалады.

 

Кітапханашы:

Сәлеметсіздер ме балалар! Бүгінгі кітапханалық сабағымыз ерекше сабақ болып өтеді. Өйткені біз бүгінгі сабағымызда өзіміздің Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туралы кең мағлұмат аламыз. Біз барлығымыз   білеміз, біздің сүйікті Қазақстанымыздың егеменді ел атануына Елбасымыздың қосқан үлесі зор. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымақтығын жарастырып отырған ұлы тұлға. Тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткізген табыстарын біліп жүру – біздің басты міндетіміз.

1 оқушы

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев  әрдайым халықпен бірге, ол өз халқына үлкен  қамқорлық көрсетеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы – мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін лауазымды тұлға. Мұндай көшбасшымыз бар біздің болашағымыз айқын.

2 оқушы

Төбемнен төңкергендей қара түнді,

Түлетті Тәуелсіздік қанатымды,

Елбасы арқасында ел жаңарып,

Арқаға Астанадай қала тұрды.

 

Ежелде елтұтқалар ел орнатқан,

Ұласқан ұрпағына олар – мақтан.

Елбасы – қасиетті аталы сөз,

Мазмұны, мағанасы терең жатқан.

 

Ту тіккен, еңсе тіктеп елдігің ғой.

Өзгемен терезесі теңдігің ғой.

Елетміш, Ататүрік даңқыменен,

Елбасы ұғымының орны бірдей.

 

Тоқтамас ғасырлардан озған дәуір,

Тынысын сезінесің жазғанда жыр,

Кеңестік көсемдерді мансүк етіп,

Кетті ғой көсем деген сөзден қадір.

 

Әр сөздің астарында осы арада,

Ағайын, ой жіберіп жете қара.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында

Тұлғасы Елбасының жеке дара!

 

Өмірдің судай ағып өзегімен,

Келеді Президенттер кезегімен.

«Елбасы — Назарбаев»  — егіз ұғым,

Жасайды мәңгі бірге өз елімен!

 

Нұр – ағам өзі салған нұр қаланың,

Сәулеті бағын ашты бұл даланың

Азаттық, Елбасыны, Астананы,

Белгілі «Бәйтеректе» жырлағаным!

 

«Бәйтерек» біреулерге ұнамайды,

«Билікті мақтадың» деп кіналайды.

Жырласам Елбасыны айып па екен,

Көтерген төбесіне ұлы Абайды!

 

Жырладым Абылайды, Қабанбайды,

Наурызбай, Бердіқожа, Бөгенбайды.

Хан Кене, Ақмоланың шежіресін,

Ту жайлы, теңдік алған заман жайлы!

 

Жырлаймын тілім барда тыңдаймында,

Астана еркін өмір, ел жайында!

Тұрғанда күнім туып аспанымда,

Биікке мен – дағы бір самғайын да!

 

Тіршілік жайнағанда таңғы аспандай

Жарқылдар жырым менің алдаспандай.

Көрмесек басымызға қонған бақты,

Болмай ма екі көзді шел басқандай…

 

Құлпырып құбылмайды күнде босқа,

Мінезі бұл заманның мүлде басқа.

Тұлғасы Кемеңгердің арқа-тірек –

Түбі бір, тілегі бір күллі Алашқа.

 

Азаптың артта қалды сан ғасыры,

Қазақтың жетті әлемге алғаш үні.

Дүниенің төрт бұрышы түгел көрді,

Төрінде көш бастаған Елбасыны!

 

Дананың жүзеге асып ойлағаны,

Дәуірдің қайнап жатыр тайқазаны.

Елбасы, Астананың туған күні,

Әр қазақ жүрегінде тойланады.

 

Жұлдызды жыр тумаса жарқылдаған,

Қайтеді құлақ түріп халқым маған,

Көк байрақ құдіреті Ер қоланда,

Қыранын күннің нұры алтындаған.

 

Бабасы көрмегенді көрді қазақ,

Қанатын кең жаһанға керді қазақ!

Атынан Ақорданың билік айтып,

Төраға Еуропаға болды қазақ!

 

Шығандап, қиыр шеттің танап бәрін,

Уа, жұртым, шартарапқа шарықтадың!

Бұл әлем қашан тұтас болып еді,

Қазақтай жер бетінде халық барын?

 

Табынған ата – бабаң көкбөріге,

Алысып ат үстінде өтеді ме?

Шығарды Нұрсұлтаның тайсалмастан,

Такаппар Еуропаның қақ төріне!

 

Аспандап атақ – даңқы көкке өрлеген,

Бүгінді салыстырма өткенменен.

Төрінде төрелік қып отырған жоқ,

Бабалар Еуропаға жеткенменен.

 

Бетіне берекенің шаң жұқтырмай,

Көп болып қуанайық тарлық қылмай!

Қазаққа дүниені жалт қаратқан,

Болған жоқ бұрын – сонды ерлік мұндай!

 

Жаңылып жүрер жолдың жүлгесінен,

Өрт шықты талай елдің іргесінен.

Дауысы сайыпқыран Нұр – ағамның,

Әлемнің саңқылдайды мінбесінен!

 

Сан ғасыр осы сәтті елім күтті,

Талайдың тіккен туын Тәңір жықты.

Батыры,Бейбітшілік көшбасшысы –

Данаға басын иді небір мықты!

 

Қаншама қасіретті жер көтерді,

Қаһарман өз ұлына ел де сенді.

Аждаһа полигонның аузын жауып,

Ғаламдық тұншықтырды зор қатерді.

 

Елбасы – төбеңдегі бақ жұлдызың,

Қаратты өз аузына жердің жүзін.

Сұңғыла саясатнен сара тіліп,

Ерітті тарихтағы тоңның мұзын.

 

Көп ұлттық Қазақстан ерді Ұлыға,

Ұрпаққа ер еңбегі – мәңгі мұра!

Бір жерде барлық діннің басын қосып,

Әлемнің ықпал етті тағдырына!

 

Тудырған қайталанбас алып тұлға,

Қазақтай бақыты зор халқының да.

Самғайды алтын топшы Самұрығы,

Қанатын болашаққа қағып тура.

 

Ұлт барда ынтымағы бұзылмаған,

Тарихтың өшіре алмас ізін заман.

Жел ескен айдарынан ел – жұртымды,

Тіл – көзден аман сақта, Қызыр бабам!

 

Адаспай салтымыздан халық тұтқан,

Елдіктің қасиетін таныттық сан.

Жеткізген осы күнген, уа,қазағым,

Өз улың өзегіңді жарып шыққан!

 

Секілді заңғардағы тау барысы,

Нұрсұлтан – ел тірегі, ел намысы!

Адамның бұл өмірде арманы жоқ,

Халқының бола білсе қорғанышы

3 оқушы:

1990 жылы Республикада Президент қызметі белгіленді. Жоғарғы Кеңестің сессиясында жабық дауыспен Нұрсұлтан Назарбаев президент  болып сайланды.

1991 жыл, 1 желтоқсан. Республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ КСР-нің Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.

 

4 оқушы

1995 жылы 30 тамыздағы бүкілхалықтық референдумда ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы байырғы қазақ жерінде мемлекеттік  құра отырып, еркіндік, теңдік және татулық мұраттарына берілген бейбітшіл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, қазіргі және болашақ ұрпақтар алдындағы жауапкершілікті сезінетін, егемендік құқықты ала отырып Ата Заңымызды қабылдады.

 

5 оқушы

Алтын Заңда парасатым, пайымым,

Алтын заңда күш-қуатым, жалыным.

Сен қорғайсың

Бостандық пен құқықты,

Анамдайсың елжіреген жаңа күн.

 

Ән: Үн таспадан ойнатылады «Қазакта ел қайда»

 

6 оқушы

Нұрсұлтан Назарбаев президент болғалы аз уақыт ішінде қаншама жетістіктерге қолымыфз жетті. БҰҰ-ға мүше болдық, Республикамыз әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енді, ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді, Мемлекеттік Рәміздеріміз белгіленіп, Ата Заңымыз қабылданды, Ұлттық валютамыз шығарылып, ЕҚЫҰ-ның саммитінде төрағалық етіп, 7 Қысқы Азиада ойындарының жалауы еліміздің көгінде желбіреді.

7 оқушы

10 желтоқсанда Қазақ КСР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев біздің мемлекетімізге Қазақстан Республикасы атауын беру туралы заңға қол қойды. 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдады.

 

8 оқушы

1992 жылдың 29 қыркүйегі мен 3 қазаны аралығында Алматы қаласында қазақтардың І дүниежүзілік құрылтайы болып өтті.

дайындау және өткізу туралы» қаулысы себеп болды. Құрылтайға Түркия, Иран, Моңғолия,  Қытай, АҚШ, Германия, Англия сияқты 30-дан астам елден барлығы 700-ден аса делегаттар келді. Бұл конгресті өткізу қазақ халқының өзіндік санасының дамуы үшін маңызы зор болды, мәдениеті мен дәстүрлерін қалпына келтіру және көтеруге ықпал етті.

Слайд   «Астана суреті»

1998 жылы 6 мамырда Елбасының жарлығымен мемлекет астанасы Ақмола қаласына ауыстырылды. Ақмола атауы Астана болып өзгертіліп, осы жылы 10 – шілде Астананың халықаралық тұсауы кесілді. ЮНЕСКО – ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» атағы беріліп, медальмен  марапатталды.

9 оқушы

Жаңарып ай, жылдарым,

Жаңарып күн,

Жаңарып есімдері сан алыптың –

Күншуақты Астана бой көтерді

Белгісіндей

Бейне бір даналықтың!

 

 

10 оқушы

Бүгінде  Елбасымыздың жолдауы белсенді талқылануда. «Стратегиялық Жолдау дегеніміз —  Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық даму деңгейін арттыруға, азаматтардың әл-ауқатын өсіруіне және  ел қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған ұзақ және қысқа мерзімді бағдарламалар жобасы. Қазақстан Конституциясы 44-бабының 1 тармағында  «Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқына елдегі жағдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын Жолдау арнайды» делінген.

12  оқушы

 

Би «Қара жорға»

 

11 оқушы

Әр халықтың тарихта қалуы ана тіліне байланысты. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Егемен Қазақстан елінде ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. «Тіл туралы»  Заң қабылданды.

Қуан халқым, күшіне енді «Тіл» заңы,

«Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады.

Ел елдігі бағаланар тілменен,

Сол арқылы құлпырады гүл бағы.

 

Слайд «Рәміздер».

 

12 оқушы

Қазақстан Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген. Шаңырақтың айналасында күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Оны аңыз-әңгімелердегі пырақтың қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз орналасқан, ал төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының реңдік бейнесі екі түсті: алтын және көгілдір түс.

Рәміздерім – елдігімнің белгісі,

Білу керек баладағы ең кіші.

Рәміздерім – Әнұран, Ту, Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген – жөн кісі.

 

13оқушы

Қадірлейік өзіміз алдыменен

Ән де болсын, рәміздер күй де болсын,

Мекемеде, көшеде, үйде болсын,

Алдыменен айта біл әнұранды,

Содан кейін өзге әнді үйренесің.

 

Көптік етпес жырласаң оны қанша,

Мақтансын ер елтаңба қолына алса.

Өміріміз де мәндене түсер сонша,

Солар қанша көңілден орын алса.

 

Туымызға көктегі бір қарасақ,

Жігер берер қол бұлғап нұр болашақ.

Елдік, ерлік, дербестік белгімізді

Кім құрметтер өзіміз құнттамасақ.

 

Рәміздердің қорғайтын ар, намысын,

Оның әлі көп елге арманы шын.

Президент те бола алар перзент сенсің,

Жан-жақты ойлап ұқ соның бар мәнісін.

Оразақын Асқар.

 

14 оқушы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – тік төртбұрышты көгілдір мата. Тудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген. Оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі алтын түсті бояумен берілген. Матаның сол жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар. Тудың ені – бір метр, ұзындығы – екі метр.

Сен неткен, Отан Анам, ғажап елдің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағының бақыты үшін,

Жайнай бер, ұлы Отан, қазақ елім!

 

15 оқушы

1993 жылы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы Теңге айналымға енді.

Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет,

Білдім дербес елімнің үлгісі деп.

Бейнеленген хан, ақын, ғалымдарым,

Беттерінен көз тартып тұрды сурет.

 

Теңдікті айтып тұр аты теңге деген,

Құт-береке болшы бір елге келген.

Өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар,

Айтыңдаршы енді елім кем де неден?

 

16 оқушы

«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіздік Қазақстан» деп Елбасымыз айтқандай кең байтақ Қазақстан – туған өлкеміз, оны сүйіп, құрметтеу —  барлығымыздың парызымыз. Елбасымыз – Қазақстан елін дамытып, одан әрі өркендеуіне басшылық етіп отырған ерекше тұлға. Біз Елбасымызды әрқашан мақтан тұтамыз!

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де әніміз.

 

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім, Елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

 

Ән    «Елім менің».

 

17 оқушы

Азиада, төрлет қазақ төріне,

Туды көтер қазағымның көгіне.

Бақыт болып келдің туған жеріме,

Қуаныш боп ендің бүгін еліме.

 

Қорытынды.

Құрметті оқушылар, бүгінгі кітапханалық сабақ барысында Егемен еліміздің 22 жыл ішіндегі жеткен жетістіктеріне куә болдық. Қазақстанның болашағы сендер, сондықтан да саналы, білімді, адами қасиеттерің зор болып ел сеніміне ие бола біліңдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *