Басы » Tәрбие сағаттары » Кітап — білім бұлағы

Кітап — білім бұлағы

kitapШҚО, Катонқарағай ауданы, «Топқайың орта мектебі» КММ кітапханашысы Калмакпаева Кульзипа Мухтаровна 

                          Кітап —  білім бұлағы

(Кітапханалық сабақ)

Кітапханалық сабақтың мақсаты:Оқушылардың кітапқа деген сүйіспенщілігін арттыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, ой – өрісінің дамуын, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: Кітап қөрмесі, кітап туралы қанатты сөздер.

Кітапханашы: Кітап араптың «жазу» деген сөзінен шыққан.

Ол тарих шежіресі, оқу – тәрбие құралы болып табылады Кітап рухани қазына, өмір айнасы, замана сыры.(Оқымасаң ой тоқымайды» кітап оқымағанның ойы таяз, санасы төмен болатынын дәлелдейді. Біздің елімізде көптеген мерекелер бар. Олар біздің салт – дәстүрімізді, тарихымызды жаңғыртып отырады. Ал кітап дүние жүзі көлемінде аталып өтетін маңызды өте жоғары рухани байлық болып табылады.Алғашқы кітап жазу құпиясына тек дінбасылар мен монахтар ғана білген. Сондықтан дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар-еврей еліндегі «Таурат»,қытай тіліндегі «Конфуций», парсы тіліндегі «Авеста», грек тіліндегі «Інжу», араб тіліндегі «Құран».Алғашқы кітап басылымы ағаштан жасалды.

2 – сәуір – «Халықаралық балалар кітап күні» және 23 – сәуір «Дүниежүзілік кітап күні» болып табылады.

Кітап құрылымымен таныстыру:

  1. Кітаптың мұқабасы
  2. Кітаптың беттері
  3. Кітаптың не туралы екендігін түсіндіретін аңдатпалық анықтама.
  4. Баспаның шыққан жылы және авторы
  5. Мазмұны

«Кітаптар әлемі» атты кітап көрмесіне шолу.

Кітап туралы мақалдар:

Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы.

Кітап – ақыл ойдың айдыны.

Кітапсыз үй – терезесіз бөлме

Кітап жинай берген мұрат емес, ақыған мұрат.

Көп жасағаннан емес, көп оқығаннан сұра.

Қанатты сөздер: кітаппен дос бол, оның жомарт беттері көзіңді ашар, адал дос жоқ одан тегі. (Расул Гамзатов)

Талап қыл артық білуге, артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге.(Абай).

Әрбір адамның ең жақын досы, өмірлік досы кітап болуы тиіс. (Мұхтар Әуезов)

Мен өз бойымдағы барлық жақсылық үшін кітапқа борыштымын.(Максим Горький).

Кітап – өмір ұстазы. Кіиап- рухани құндылық. Кітап біздің досымызғана емес, мәңгілік тұрақты серігіміз. Кітап ел мен жерді сүюге, талапты, кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды. (Мұзафар Әлімбаев).

Кітаптың шығу тарихы.

Алғашқы кітап осыдан бірнеше жылдар бұрын пайда болған. Ол біздің қолымыздағы кітапқа ешқандай ұқсамаған. Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалады. Жұмсақ балшыққа үшкір затпен жазып, оны кептіріп сосын күйдірген. Ол кірпіш сияқты болған. Бамбук деп аталатын өсімдіктен таяқшалар әзірленіп, соған да жазған. Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған. Кейіннен жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып, кітап соған жазылған. Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XІІІ ғасырда пайда болған. Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдармен ғасырларды артқа тастаған.

Қағаз туралы қысқаша түсінік. Қағаздың негізгі материалы- ағаш. Ағаш орманнан кесіледі, жүргізушілер жүк машиналарымен фабрикаға жеткізеді, фабрика жұмысшылары ағашты өңдеп одан қағаз жасайды. Дайын қағаз кітап шығарылатын баспаханаларға жеткізіледі.

Кітап қалай жазылады? Жазушылар, ғалымдар кітаптың мәтінін құрастырады, оны әріп терушілер кітап бетіне түсіреді, суретшілер кітаптың мазмұнына сай суретермен безендіреді. Осылайша кітап сауда орындары мен білім мекемелеріне таратылады. Ал, балалар кітап шығару ісінде мыңдаған адамдардың маңдай терінің бар екенін және көп мөлшерде қаржы бөлінетінін үнемі естен шығармау керек. Сондықтан кітапқа үнемі құрметпен қарап, таза ұстауға дағдыланған жөн.

Кітап туралы толғау. Кітап туралы сөз қозғағанда әдеби кітаптарды көп оқитын оқырманның ойына әдемі ойлар мен мазмұнды сөйлемдер келеді. Ал, балалар енді сол толғауларға назар аударайық.

1-оқушы: Біздің ата-бабамыз «Кітап ғажап дос», «Кітап білім бұлағы» деп бекер айтпаған. Біз барлық білімді кітаптан аламыз. Ол бізді қайырымдылыққа, әдептілікке, зұлымдылықтан күресе білуге үйретеді.

2-оқушы: Кітап арқылы біз өткенге көз жібереміз. Жақсысынан тағлым аламыз, оны қымбат мұра ретінде бағалаймыз. Араб жазушысы әл-Жиһаз кітап туралы «Мен одан артық қайырымды көршіні, одан әділ досты, одан асқан елгезек жолсерікті, одан артық көнбіс ұстазды, одан асқан дарынды ақылшыны ділмеймін» деген екен.

3-оқушы: Кітап қай заманда да өзінің құндылығын жоғалтпаған. Ол-өлмейтін дүние. Кітаптан асқан қазына жоқ. Ешқандай байлық, ешқандай дүние оның орнын баса алмайды. Пайдасы жоқ кітап болмайды. Кітап біткеннің бәрі ерте заманнан бері азамат баласының тек пайдасына ғана жарап жаты. Кітапханаша: Сонымен, балалар, біз кітап туралы өз ойларымызбен таныстық. Жақсы ойлар, пайдалы пікірлер айтылды.Әлемдегі қызықтың барлығын, табиғат ғажайыптарын, жаратылыс қырларын, тарих шежіресін біз кітаптан ғана табады екенбіз. Бірақ күнделікті өмірде біздің кітап туралы ойымыз үйлесім тауып жата ма? Осы сұрақ туралы ойлансақ, бұл сұраққа «жоқ » деген жауап аламыз.

Алдымызда екі кітап жатыр: жақсы ұстаған және лас, жыртылған оқулық. Ал, балалар қай оқулыққа жандарығ ашиды? Неге? Оқулықтың қай жері ауырады? Бұл оқулықты қандай оқушы ұстаған? Ол оқушыға ризасыңдар ма?

Тапсырма. Енді осы кітапты ұстаған оқушыға қандай жаза қлдануға болады?

  • Келесі жылы ескі оқулық берілсін.
  • Мектеп кітапханасына жаңа оқулық алып берсін.
  • Бұл оқушының ата-анасына ескерту беру керек және т.б

Алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбас үшін әр оқушы мына ережелерді сақтау керек.

Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал.

Кітаптың бетін жыртпа, оған сурет салма, суреттерді бояма.

Тамақ ішіп отырып кітап оқыма.

Кітапты күн көзіне қойма, беттері сарғайып кетеді.

Кітаптың арасына қалам, қарындаш, дәптер, күнделік салма.

Кітапты лқығанда арнайы қыстырма қағазды қолдану керек.

Викториналық сұрақтар.

  1. Кітаптар тұрағы қалай аталады? (Кітапхана)
  2. Кітаптармен жұмыс істейтін маманды қалай атаймыз? (Кітапханашы)
  3. Кітапханаға барып үнемі кітап оқитын адам қалай аталады? (Оқырман)
  4. Балаларға арналған қанадй газет журналдарды білесіңдер? (Балдырған, Айгөек, Мөлдір бұлақ, Ақ желкен т.б)
  5. Кітап басып шығаратын жер қалай аталады? (Баспахана)
  6. Мектеп оқулықтары қандай баспалардан шығарылады? (Атамұра, Алматы кітап , Мектеп)
  7. Кітапты жазған адам қалай аталады? (Автор)
  8. Халықаралық балалар кітабы күні қай күн? (2 сәуір)
  9. Дүниежүзілік кітап күні қай күн? (23 сәуір)

Қорытынды. Кітап- шебер ұстаз. Ол- тілсіз мұғалім.

Сонымен бүгінгі іс-шарамыздың кейіпкері- кітап. Ол- бүкіл адамзаттың ұстазы.

Іс-шарамызды мына өлең жолдарымен аяқтайық.

Оқы талай, түй санаңа, жас ұлан,

Сыр құямын, жыр құямын санаңа,

Білм-қару, білім керек адамға,

Ал білімді мен құямын санаңа.

  • Балалар, енді мұнан былай сендерді өз кітапханамызда жиі көреміз, сендермен әлі талай кештерді бірге өткіземіз,- деп кешімізді аяқтаймыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *