Топқайың орта мектебі” КММ кітапханашысы Калмакпаева Кульзипа Мухтаровна
Тістелген алма (ел аузынан)
«Үзіліспен оқу» —оқырмандардың сыни ойлауын дамыту құралы
v Шақыру. Әңгіменің тақырыбын, қысқаша мазмұны мен көтерген мәселесін талдау.
v Ұғыну. Мәтіннен қысқа үзінділер оқып, әрқайсысының мазмұнын талдау және оқиғаның даму желісін болжау. (Мәтіннің көлемі 5-7 беттен артпауы тиіс).
v Рефлексия. Бұл кезеңде мәтін тағы біртұтас, бүтін күйінде беріледі. Ең маңыздысы – мәтінді дұрыс түсіну. Мәтінмен жұмыстың формасы әр түрлі болуы мүмкін: хат, пікірталас, бірге іздеу.
Мәтінді талдау үшін шамамен қойылатын сұрақтар:
vТақырыбына қарап әңгіменің не туралы екенін шамалаңыздар.
vБаяндалған жағдайда қандай оқиғалар болуы мүмкін?
vКейіпкерлердің аты-жөнін естігенде, не ойладыңыздар?
vҮзіндіні оқығанда қандай сезімде болдыңыз?
vКүткен ойыңыз сәйкес келді ме? Ойламаған нендей оқиға болды?
vӘңгіме қалай аяқталады деп ойлайсыз? Сіз қалай аяқтар едіңіз?
vӘңгіме оқиғасынан кейін кейіпкермен не болады?