Басы » Tәрбие сағаттары » Мұқағали Мақатаев — ХХІ ғасыр ақыны (Презентация)

Мұқағали Мақатаев — ХХІ ғасыр ақыны (Презентация)

tarbia    «Т.Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі»

Мақтарал ауданы

Оңтүстік Қазақстан облысы

Тарих пәні мұғалімі Алибекова Тарбия

Тәрбие сағат тақырыбы:

 «Мұқағали Мақатаев — ХХІ ғасыр ақыны »

  1. Білімділік: Оқушыларды қазақтың лирик,мұзбалақ ақыны,өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын атанған Мұқағали бейнесімен таныстыру.
  2. Дамытушылық: Оқушының шығармашылық ізденісін қалыптастыру.
  3. Тәрбиелік: Халқына қалдырған шоқтығы биік туындыларына шәкірт жүрегінде сүйіспеншілік сезімін ояту, үлгі алуға,құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: ізденіс,зерттеушілік сабағы,»өрмекші торы» ойыны,шығармашылық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Мұқағали суреті, шығармалар көрмесі,слайдтар,Мұқағалидың жанды дауысы жазылған бейнежазбалар.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет,тарих,музыка,сурет.

Сабақтың эпиграфы: «Өзге емес, өзі айтады, өз жайында»:

«Ей, безілдектер, Сендер емессіңдер маған баға беретін! Нағыз бағалаушылар әлі алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді, біздің әрқайсымызды өз орнымызға солар қояды. Ежелден солай болып келген, солай болады, бола береді  де«

І.Ұйымдастыру кезеңі.Сергіту сәті.»Өрмекші торы» ойыны.

Оқушылар жіпті кезекпен бір-біріне ұсына отырып,Мұқағали өмірі мен шығармашылығынан сұрақтарға жауап береді.

1.Мұқағалидың шын есімі?

2.Мұқағали дүниеге келген ауыл?

  1. Мұқағалидың анасының есімі?

4.Мұқағалидың қандай әндерін білесің?

5.Мұқағали өмір сүрген жылдар?

6.Мұқағалидың қандай өлеңі саған ұнайды?

7.Мұқағалидың туған күні?

8.Мұқағалидың туған жері?

9.Мұқағалидың әкесінің есімі?

10.Мұқағалидың балаларының есімі?

 

ІІ.Мұғалімнің кіріспе сөзі:Ой-қозғау.

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (1931-1976, шын аты Мұхаммедқали) – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын. «Қарасаздан ұшқан қарлығаш»-деген өлеңінде:

«Мен өзім жайында мынаны айтам:

Мен ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын.

Бәлкім,одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да …»- деп жазған екен.

ІІІ.Тұсаукесер.Мұқағали Мақатаевтың жанды дауысы жазылған бейнежазбаны тамашалайды.

ІҮ. Оқушылар ақын өлеңдерінен үзінділар оқиды.

— Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім,-
деп ақынның өзі жырлағандай Мұқағали өлгенімен жез қылыштай жырлары өлгені жоқ.Оқушылар ақын өлеңдерінен үзінділар оқиды.

 

Ү.Мағынаны тану: 1-оқушы:Ол 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа былай деген: «Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз»

2 оқушы:Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9 ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен».Азан шақырып қойылған аты — Мұхаметқали.

3-оқушы:Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туылған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері — Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады(«Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?»). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.

4-оқушы:1948 — 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті;

1948 — оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;

1949 — көктемде жары Лашынмен отау құрады;

1949 — «Советтік шекара» газеті ақынның «Қырман басында», «Қойшы бала — Әкітай» деген өлеңдірін жариялады;

1950 — Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түседі.

5 оқушы:1954 — Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады, осы жылы ақынның үш өлеңі «Әдебиет және искусство» журналында жарияланды;

1957 — Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;

1960-62 — «Советтік шекара» газетінің бөлім меңгерушісі;

1963-1965 — «Мәдениет және тұрмыс» журналында жұмыс істейді;

1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды.

6-оқушы:Поэзиядағы алғашқы қадамдары.

Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді (“Қазақ әдебиеті”, 18.3.1960).

7-оқушы:Шығармалары мен аудармалары.

Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды.

8-оқушы:Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы [“Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді.

9-оқушы:Поэмалары:

Мұқағалидің “Ильич”, “Ақ қайың әні”, “Ару-ана”, “Мавр”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қырандастар, қош болыңдар”, “Чили-шуағым менің”, “Шекарада”, “Большевиктер”, “Өмірдастан”, “Арман”, “Шолпан”, “Досыма хат”, “Алтай-Атырау”, “Отаным, саған айтам”, “Райымбек! Райымбек!”, “Қашқын”, “Жер үстінен репортаж”, “Моцарт. Жан азасы” атты поэма-толғаулары бар.

10-оқушы:Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы: “Мен жырламаймын, Сырласамын.Сыры бір замандаспен мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын, Келмейді жыр жасағым” немесе “Тіпті де мен емес-ті “Мен” дегенім… Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін, Өзімді зерттегенді жөн көремін” дейді. Мұқағали шығармашылығының тіні “өзін-өзі” зерттеуден тұрады.

11-оқушы:Ол әсіресе тауды, қазақ ауылын көп жырлайды (“Тауда өстім”, “Тау бір аңыз”, т.б.). “Өлмесін деп берген ғой тауды маған, Мен күңіренсем, күрсініп тау жылаған”. Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлентті. “Қазақтың қара өлеңі құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген” дейді ақын.

12-оқушы:ҚР Жазушылар одағы Мұқағалидің атындағы әдеби сыйлық тағайындады (1985), оған ҚР Мемлекеттік сыйлық (1999), “Ғасыр ақыны” атағы берілді.

ҮІ. Ой толғау.Топтық шығармашылық жұмыс.

Оқушылар ақын өмірі мен шығармашылығы туралы плакатқа постер құрады.

ҮІІ. «Жазылар естеліктер мен туралы…»

13-оқушы:Тұманбай Молдағалиев, Қазақстанның Халық жазушысы:

«Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жаршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен, шын шабыттан, шын қуаныштан туған».

14-оқушы: Қадыр Мырзалиев, Қазақстанның Халық жазушысы:

«Әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат,көк тіреген күмбез,сұлулық сарайы деп есептесек,сен соның таланттытас қалаушыларының бірі едің».

ҮІІ.Сен қазақтың қазақтығын жырладың,

Ашып айттың қазағымның мұң-зарын.

Сол даңқыңды ұрпағыңа жеткізген

Қара өлеңнің – жалындаған жырларың.

Зулап күндер, жылдар аунап барады,

Жырларыңнан қазақ бақыт табады.

Қадіріңді сәл кешірек білсек те,

Мәңгі есімің жадымызда қалады.

(«Есіңе мені алғайсың» әні орындалады)

Қорытынды.

Ақын мұрасы, маржан поэзиясы – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін қазынасы.

Осымен кешіміз аяқталды. Келіп тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош, сау болыңыздар!

 

             

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *