№64 мектеп-гимназиясының Бастауыш сынып мұғалімі
Шымкент қаласы
«МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ІС- ӘРЕКЕТІНДЕГІ АТА-АНАЛАРЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ БАЙЛАНЫСЫ
Қандай мемелекетте болмасын өзінің заңды тұлға, азаматы болғандық-тан дүниеге келген мүмкіндігі шектеулі азаматтарына қамқорлық жасау-ға, өз қатарларымен бірге жүріп, өмірден тиісті сыбағасын алуына жағдай жасап жатады. Ал дүниеге алпыс екі тамырын идіріп, алып келген бала-сының мүмкіндігі шектеулі болуы, кез-келген ата –ана үшін психология-лық тұрғыдан үлкен соққы болары да, анық. Есін біле, өзін қоршаған ор-тамен араласа бастайтындай жасқа келген ондай балалар ше, әрине олардың да ішкі жан дүниесі (психологиясы) аласапыран күйде болуы табиғи заңдылық.
Осы орайда, адамның ең басты игілігі — жеке басының бостандығы мен құқықтары болып табылады. Бұл құқықтар мен бостандықтарды қорғау, әлеуметтік қолдау, оны іске асыру механизмдері конституциялық – құқықтық жарлықтар да және адам құқығы туралы халықаралық құ-жаттарда белгіленген .
Кемтар балаларды, әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы Заңның 4 тарауында кемтар балалардың құқық-тары бекітілген, нақты ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің міндеттері мен құқықтары көрсетілген.15 бап кемтар балалардың әлеу-меттік және медициналық- педагогикалық түзету арқылы қолдауды кепіл ретінде тегін алуға құқығын бекітті. Осыған қарамай, кейбір ата-аналар балаларына мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықтарды мойынұсынғысы келмей, баласын, көпшілік ортасына араластырмай, өз беттерінше әрекет жасап, баласының есейіп кеткеннен кейін, барып, тиісті орындарға шапқылайтындары да кездесіп жатады.
Бұл кезеңдегі тәрбиенің негізгі міндеті – бала тілін дамыту. 9-10 айлық балалар көп сөзді түсінеді, олармен сөйлескендердің сөз сарынын айыра алады; «қой» деген сөзге құлақ асады. Ұзақ уақыт әлденені был-дырлап сөйлеген болады. Ересектердің айтқандарын ұға бастаған бала енді өзі «мама», «папа», «әже», «аға», «бер» сияқты және басқа да сөз-дерді айта бастайды. 1 жасқа толғанда бала 10-ға жуық осындай сөздерді айта алады. Бұл айналасындағы адамдармен ымдап әр түрлі қимылдары арқылы қарым-қатынас жасауға көмектеседі. Тамақты, ойыншықты көргенде балалар «бер», «бер» деп талап етеді.
Осы орайда қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсаринның «Өкініш» деген әңгімесінің кейіпкері еріксіз еске түседі. Әңгіменің желісіне назар салсақ, енді ғана еңбектеп, жылжи бастаған баласы жер ошаққа нан пісіріп отырған анасының қасына келіп, жерде жатқан пышақты алмақ болады, бірақ анасы оны бір жеріңді кесіп аласың ,-деп бере қоймағаннан кейін,бала емес пе, бақырып, бар даусымен жылай бастайды, амалсыздан аналық жүрегі елжіреп, жұмыстан қолы босай алмай тұрғаннан кейін, әлігі жылауын қоймай отырған баласына пышақты ұстата қояды. Шамалы уақыттан кейін ойын баласы пышақ-пен көзін жарақаттап, соқыр болып қалады. Бала есейе келе, қатарлары-мен ойнап жүргенде, «соқыр» -деген әжуаны жиі ести берген соң, жүгіріп анасына келіп, көзінің неге соқыр екенін сұрайды, сонда анасы енді еңбектей бастаған кезде, пышақты көріп бере қоймадың деп жылай бергеннен кейін, қолыңа ұстата қойғанымда, абайсызда көзіңді жарақаттап алып, соқыр болып қалдың, -дейді. Осыны естіген баласы анасына, мен тіпті кешке дейін жыласам да пышақты бермей қоймадың ба? Мен өмір бақи жылаумен өтетін болдым ғой!- деп өкінген екен. Осы сияқты өкінішті жағдайлар, баласы кемістікпен дүниеге келген ата-аналар арасында жиі кездеседі. Олар баласының кемтарлығына намыстанып, оны дер кезінде дәрігер- маманға апармай, кейінен, баяу қозғалады. Осы орайда көптеген ата-аналар дамуында мүмкіндігі шектеулі балалардың мемлекеттік заңнамаларда қорғалатынын, олар үшін әлеуметтік, медициналық – педагогикалық сараптамалар мен тексерулердің және оңалту мекемелерінде тегін екендіктеріне жете мән бермейді.
Балалар үлкендермен қарым-қатынас жасауға өте ықыласты болады. Әртүрлі сұрақтар қойып, өздері білетін ертегілерді бар ынтасымен айтып береді. Танымдық қызығушылығы белсенді болады. Үлкендермен қарым-қатынас жасау қажеттілігі қанағаттанбаған кезде, олардың ара-сында эмоционалдық жатырқаушылық пайда болады. Төрт жасқа қарай бала құрдасын ортақ іс-әрекетке қатысушы есебінде қабылдайды.
3-4 жасар баланың өзін-өзі бағалауы өте жоғары деңгейде болады. Бұл — біреу оның тұлғалық қасиеттерін дұрыс бағаламаған кездегі өз-өзін қорғаудың «тұлғалық» механизмі болып табылады.
3 жас пен 4 жас аралығында баланың сенсорлық үдерісінің — сезіну мен қабылдау түрлері қалыптасады. Фонематикалық есту, түсті ажырату, көз қырағылығы, заттардың пішінін ажырату қабілеттері жетіле түседі.
Балалар заттарды ұстап көріп танудан, көзбен көру арқылы тануға көшеді. Жаңа заттарды қарап, көзбен көріп танудан сипап-сезу, есту, иіскеп көру арқылы қабылдауға ауысады.
Сөз — 3-4 жастағы балалардың сенсорлық үдерістерін дамытуда жетекші орын алады. Балалардың сөздік қорын заттардың сынын, бір-бірімен қарым-қатынасын білдіретін, мазмұнды қабылдауын қалыптас-тыратын жаңа сөздермен байытады.
3-4 жастан бастап баланың есі еріксіз сипатта болады. Бала материалды өзі іс-әрекетке тікелей қатысу арқылы есіне сақтайды. Бұл жастағы ба-ланың ойлау қабілеті сапалық өзгешелігімен ерекшеленеді.
Оған қиял мен шындықты ажырату қиынға соғады. Ол — өзімшіл. Оған анимастикалық түсініктер тән. Айнала қоршаған заттардың бәрін өзімен салыстырады, олар да өзі сияқты ойлауға және сезінуге қабілетті деп ойлайды.
Нысандарды қарастыра отырып әдетте, ол заттың едәуір ашық бөлігін ажыратады.
Мектепке дейінгі кіші жастағы балаларда кеңістік, уақыт, сан туралы қарапайым түсініктері қалыптаса бастайды.
3-4 жасар балалар ауа- райы құбылыстары мен оның салдары арасын-дағы қарапайым байланыстарды түсіне бастайды.
Тек қана өзі ғана емес, басқа да тіршілік иелері де тағаммен судағы қажеттілігі бар екенін түсінеді. 3-4 жасар балаларда құрастыру әрекеті әлі де ойынмен бірге ұштаса отырып жүргізіледі. Әр түрлі материалдарды қолдану барысында балалар олардың қасиеттері мен құрастырудың ерекшеліктерін танып — біледі. Бұл кезеңде балалар қара-пайым қол еңбегі түрлерінің әдістерін меңгереді (бүктеу, умаждау, жыр-ту және ұсақ-түйектерді қолдан жасау).
Төрт жасқа қарай балалар көркем шығарма мәтінін эмоционалды және тұтастай қабылдайды. Оның материалды қаншалықты түсінгендігі сөйлеу тілінде ғана емес, заттарды ажырату және ойын әрекеттері үстінде байқалады.
Бала үшін бейнелеу өнері — өзі жасаған бейнелер. Бұл бейнелер баланың өзі сияқты дербестігімен, а шықтығымен ерекшеленеді.
Мүсіндеу, жапсыру, сурет салу барысында сызықтар мен пішіндер тіріліп, баланың көз алдында жағу, сызу арқылы бейнеге айналады. Бала сызықтарды, пішіндерді, түсті дақтарды, жағуларды қолданып, қарапайым сюжеттерді бейнелей алады.
Осы тұрғыдан алып қарағанда ата-ана баласының болашағына сеніммен қарап,оның әрбір іс-әрекетіне, қызығушылығына барынша, ынтасымен мән беріп, жағдай жасап отыруы тиіс. Мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасы мен мектеп мұғалімдері өзара келісіп, баланы түрлі жарыстарға, хайуанаттар саябағына, саябақтарға т.б. апарып, адамдармен қарым-қатынасын арттыру баланың өзіне деген сенімін, елдің бұған деген көзқарасын тұрақтандыру психологиясы қалыптасады.
Сондай-ақ «Балалардың құқықтары туралы Конвенция» мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда толық құқылы өмір сүруін қамтамасыздан-дыру мазмұны 23 бапта белгіленген.
Осыған байланысты қоғамдағы мүгедектердің жағдайы, олар бастан өткеруге мәжбүр қиындықтар туралы пікірталастар жиі орын алып келеді. Алайда , ересек мүгедектердің өз құқықтарын іске асыруына байланысты мүгедектік проблемалары жиі іске алынып жатады, ал кемтар балалардың жағдайына тиісті көңіл бөлінбейді. Бұл кемтар бала-ларды психологиялық бейімдеу және қоғамға кіріктіру мәселелерінен бастап, олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне дейінгі саладағы проблемалар санының көптігіне қарамастан орын алуда. Бұл баланың адамзаттық ар — ожданын кемсітетін , оның дамуға және тіпті өмір сүру-ге құқығын іске асыруына кедергі келтіретін әр түрлі кемсітуші көрініс-тер болып табылады.
Осы мақсатты жүзеге асыруда біз оқушының деңгейіне мән бермейміз , нәтижесін де көптеген оқушылар осы деңгейге жетпей қалу салдарынан үлгермеушілер қатарына жатады.
Мектептегі үлгермеушіліктің негізгі себебі мектептегі білім беру жүйесінің баланың интеллектуалдық жүйесіне сәйкес келмеуі. Ал біз болсақ, білім беру бағдарламаларын күрделендіру үстіндеміз. Баланың меңгеру деңгейін , оның жас ерекшелігін назарға алмай, бір жағынан баланың жаңа бағдарламамен оқуы қиынға соғатынын түсіне отырып, оны беделді мектепке , мықты мұғалімге беруге тырысамыз. Қазіргі уақытта арнаулы білім берудегі нақты прогресске бірнеше факторлар : мүгедек оқушыларға қатысты үміттің аздығы, жоқтығы , инклюзивті білім беруге мектептердің дайын еместігі кедергі келтіруде.
Арнаулы білім беруді кез келген білім беру реформаларының бағдар-ламаларына енгізу, жоспарлау кезінде мүгедек балалардың нақты мүм-кіндіктерін ескеру, білім сапасын жақсарту және оны алуға қол жет- кізуді қамтамасыз ету, арнаулы заңдарды әзірлеу, ерекше білім алу қажеттіліктері бар адамдардың санаттарының құқықтарын қамтамасыз ету осының барлығы жағдайды едәуір өзгертіп, барлық адамдардың бі-лім идеяларын іске асыру үшін алғышарттар жасап, үйден оқыту мәселесін қатаң қадағалау қолға алынып отыр.
Еліміздің Білім заңында барлық бала жалпы орта біліммен қамтылуы жазылса да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе болып отыр.
Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуын жағдай жасау енді-енді қолға алына бастады.
Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшеліктерінен тыс сапалы білім беру болып табылады.
Баланың шындықты тануға ақыл — ой сезімі ең алдымен таңданудан басталады . Таңдану баланың әрбір нәрсенің, құбылыстың, оқиғаның мән — жайын танып, оларды тереңірек түсінуіне жетелейді, оның ізденімпаздық әрекетін тудырады. Ақыл — ой сезімі адамның кез келген әрекеттегі рухтандырушылық маңызы зор көңіл — күй болып табы-лады. Ал сондай ақыл — ой сезімі кейбір балада жетілмей артта қалып қояды. Оның себебі негізіне тұқым қуалаушылық, ортаның экологиялық әсері , отбасының әлеуметтік жағдайы.
Мұндай ауруларға ұшырау салдарынан жапа шеккен балалар, дене кемістіктеріне ақыл — ой кемшілігі қосылып, ақыл — есі тоқырап қалған балалар, тағы да басқа себептермен кеміс болып қалғандар жатады. Сонымен бұл топқа дені сау, бірақ тұрмыс жағдайының ауыр болу себептерінен бір қалыпты дамымай қалған балаларды да қосамыз.
Мұндай жәйттер негізінен әлеуметтік жағдайларға байланысты
Ақыл — ойы кем болған балаларға әлеуметтік көмек көрсету барысында медициналық бейімдеудің маңызы зор . Осындай ақыл — ойы кем балалармен жігерлі терапия жүргізе отырып, оларға дәрілік емдеу, физио, психотерапия , емдік дене шынықтыру жаттығулары , жалпы денсаулыққа пайдалы емдеу шаралары қолданылады.
Ақыл ойы — кем балаларды оқытудың негізгі әдісі — біріктіру болып табылады . Біріктіре оқыту арқылы бала дамуының ерекшеліктерін анықтап , білім беру стандартына сай қалыпты дамуын қадағалап , зейін тұрақтылықтарын дамыта отырып оқыту, тәрбиелеу — басты мақсат болып отыр.
Біріктіру әдісі — білімді түзетудің, дамытудың заңдылығы болып табылады.
Кез келген бала бірінші кезекте қамқорлықпен көмекке ие болуы тиіс. Балалар құқығы (1959ж) Декларациясында былай делінген, «Барлық балалар нәсіліне, ақ-қаралығына, жынысына,тіліне,дініне,саяси және басқада түсінігіне ,туған жеріне жағдайына қарамастан өзіне тиісті мүмкіншіліктердің бәріне құқылы.
Жыл санап мүмкіншілігі шектеулі балаларға деген көзқарас өзгеріп келеді, яғни, орта оларды қоғамның белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын жеке тұлға ретінде қабылдауда. Осы орайда педагог қызметкерлердің ең басты міндеті болып, қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың ерекшеліктерін анықтап, олардың отбасындағы қарым-қатынасын дамытып,дені сау балалармен аралас-құралас жағдай туғызу, қоғам мен жеке адамдардың түсінігінде жарымжан балаларға әркез жәрдем беруге әзірлік сезімін туғызуды қамтамасыз ету табылады.
Мүмкіндігі шектеулі балалар отбасының әлеуметтік-педагогикалық проблемаларын зерттеп білу және оларды шешуге әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, отандық төл мамандарды тарту бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе болып табылады.
Мүмкіншілігі шектеулі баланың тәрбиесі-дефектологияның негізгі ұғымдарының бірі. Бұл процестің мақсаты мен міндеті жалпы педогогикалық принциптерімен анықталған, яғни, оларды қоғамдық пайдалы өмірге бейім-
деу,азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, бұлардың бәрі дефектіге сәйкес деңгейде, соған тән әдістемелермен жеткізілуі және түзетілуі тиіс.Тәрбиенің бұл түрі тек қана педагогтармен ғана емес,арнайы мамандардың көмегімен жүзеге асырылады.
Мүмкіншілігі шектеулі балалардың тәрбиесі бір-біріне қарама-қарсы екі ұғымнан тұрады.
Олардың бірі — ата-анасы баланы жан-жақты,материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді. Бірақ ,оның ішкі әлеміне үңіліп, рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді.Тіпті кейде баланы жазалайды. Мұндай от басындағы балалар іштей күйзеліске түседі. Олардың көңіл күйі түсіп сенімсіздік пайда болады.Ал, психологиялық шеттету баланың зиятына кері әсерін тигізіп, білім деңгейін тежейді.
Екінші бір жағдай,ол- баланы шектен тыс қамқорлыққа алу.Ата-аналар бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, өздерін кінәлі сезініп,оны тым бос ұстап еркелетеді.Мұндай атмосферада өскен бала бұйығы келеді, өз-өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі.
Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады.
Отбасы баланың тұлға ретінде қалыптасуына, қоғамда алғашқы қадам жасауына жәрдемдесуі тиіс. Мүмкіншілігі шектеулі бала дүниеге келгеннен кейін оның тәрбиесіне отбасының әр бір мүшесі жауапты. Өйткені мұндай балалар отбасына көптеген проблемаларды өзімен бірге ала келеді. Ата- ана балаға қойылған аңғарымды алғаш естіген кезде үрейленіп, қорқыныш сезіміне беріле бастайды. Одан кейін өздерін кінәлі санау басталады.
Сондықтан, мұндай отбасылар арнайы педагог мамандардың, соның ішінде дефектолог,психолог,әлеуметтік-педагогтардың көмектеріне зәру.
Өйткені мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді, арнайы тәрбиелеу мен оқытуды талап етеді.
Мүмкіншілігі шектеулі баланың отбасындағы қарым-қатынасын және өзі қатарлас балалармен қарым-қатынасын анықтау,олармен бірдей деңгейде араласуына мүмкіндік туғызу, білім деңгейіне сай оқыту және қоғамның болашақ өз-өзіне сенімді азамат етіп тәрбиелеу үшін педагог мамандар ата-аналармен, әлеуметтік сала қызметкерлерімен тығыз байланыста болуы керек. Тек осы жағдайда ғана, мүмкіндігі шектелген балалардың өздерін қоғамның толыққанды азаматы ретінде қабылдауына жағдай туатын еді.