ШҚО, Катонқарағай ауданы, «Топқайың орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Балгабаева Гульзана Ергазиновна
Бастауышым – балбұлағым.
Мақсаты:
- білімнің сара жолы мектептен басталатынын,білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сездіру.Білімге деген құштарлығын арттыру,оқуға, білімді болуға шақыру.
2.Ой-өрісін, өзін- өзін ұстау біліктерін,мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
3.Ата – анасын, ұстазын құрметтеуге,еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.Ата-анасының,Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу.
Мұғалім:
Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар!
Сіздер «Бастауышым- балбұлағым» атты қоштасу ертеңгілігіне жиналып отырсыздар.Алдарынызда осыдан төрт жыл бұрын мектеп табалдырығын аттаған кіп –кішкентай балдырғандар тұр.Енді бойлары да өсіп,ойлары да өсіп,бастауыш сыныпта білім алып,аяқтап,жоғары сыныпқа өткелі отыр.
1жүргізуші
Толқимыз толқып тұрмыз баршамызда,
Мұндай күй болған сірә баршанызда.
Қол соғып қошеметпен шақырайық,
4- сынып оқушыларын ортамызға.
Талаптарыңа нұр жаусын деп ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.Ертеңгілігімізді бастау үшін сөз мектеп директоры Бердібек ағайға беріледі. Келесі сөзді оқу ісінің меңгерушісі Альмира апайға береміз. Сөз кезегін тәрбие жұмысын ұйымдастырушы Назым апайға береміз.
1 Жүргізуші
Армысыздар,ұстаз қауым, ата-ана,
Құлақ түргін жақсы лебіз,батаға.
Келдік біздер 4 жыл бойы еркелеп,
Бастауыштың балалары,ата-ана.
2 жүргізуші
Би биленіп, ән айтылар аспандап,
Бірте-бірте көтерілді баспалдақ.
Алғаш ұстаз алғыс айтып өзіне,
Қоштасу сәт қимастықпен басталмақ.
1 жүргізуші
Риза болшы,ұстаз қауым ардақты,
Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты.
Жылдар жылжып айлар зулап өтсе де,
Бастауышты орта буын жалғапты.
2 жүргізуші
Барлық білім бастауыштан басталған,
Алғыс саған үлкендер менжастардан – дей келе оқушылардың дайындаған өлеңдеріне құлақ түрелік.
Асыл
Көз салып қаранызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ата-аналар,ұстаздар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
Шаттанамын мен бүгін шаттанамын,
Ғылым сырын түсіндім,мақтанамын.
Осы сырды үйреткен төртінші сыныбым,
Түстей болып бүгін міне артта қалды.
Жалғас
Ау,аман ба,жараңдар,
Алтын таңға қараңдар.
Ерте жайлап атты таң,
Естіліп тұр шаттық ән.
Жұрағатым қуанып,
Рақатын тапты жан.
Жанарлардан от шашып,
Мерекеге бопты асық.
Тұрмыз біздер мінеки,
Бастауышпен қоштасып.
Ақмарал
Бастауышым-балбұлағым,
Алдым сенен балдын дәмін.
Әріп танып,білім алып,
Рақметімді жаудырамын.
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым-балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймыз.
Асыл
Қадірлі ұстаздар,ата-аналар,оқушылар! Біз бүгін көзімізді ашып,көкірегімізді оятқан білім нәрімен сусындатып, білімнің іргетасын қалаған бастауыш сыныппен қоштасамыз.
Жалғас
Сондай ақ, біздің ыстымызға күйіп,суығымызға тоңа білген,оңымыз бен солымызды таңытқан,жақсыдан үйренуге,жаманнан жиренугебаулыған ұстазымызбен қоштасқалы отырмыз.
Ақмарал
Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай,ұстазымыз төрт жыл бойы білім нәрімен сусындатып көп нәрсені үйретті.Алғашқы ұстазымызға мың алғысымызды айтамыз.
Үшеуі бірге
Мың алғыс айтып өзіңе,
Басымызды иеміз.
Жарқырап білім көгінде,
Жасай бер,менің Ұстазым.
Ән Ұстазым
Асыл. Иә осыдан төрт жыл бұрын біз алты жастағы сәби балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.
Ақмарал. Енді міне, сауатымызды ашып білім негізін қалаған бастауыш сыныппен қоштасып,орта буын қатарына қосылғалы отырмыз.
Жалғас. Иә,міне сағымдай өте шыққан төрт жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты,өнегелі,тәрбиелі азамат етіп шығарды.Ендеше сыныптарымыздын жырларын тыңдайық.
Ерасыл
Өшірмейік балалар,
Ұстаздар жаққан шырақты.
Бәрін-бәрін білесің,
Оқи берсен кітапта.
Мөлдір
Білімнің нәрімен сусындаған,
Болашаққа келеміз,
Үлкендерден әр кезде үлгі алып,
Адал жолмен ереміз.
Оқу білім өнер кені,
Жанға жайлы шуақтардай.
Оқу білім-өнер кені,
Лаулап жанған шырақтардай.
Арманбек.
Мектебім білім бастауы,
Тәрбие беріп оқытқан.
Ұстаздың зор ғой еңбегі,
Оқытқандарын тоқытқан.
Ақылшым асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың.
Қасыма келіп қанша сен
Қамқор боп қалам ұштадың.
Арнұр
Білімнің қайнар бұлағы,
Өнердің жарық шырағы.
Тұрағы өзің мектебім,
Шәкірттің асыл қырағы.
Нәріңді беріп құрғатпай,
Сусаған шөлді қандырған.
Сәулеңді шашып жүрекке,
Жанымның отын жандырған.
Сезім
Жанымды менің жайнатып,
Баураған өзің мұғалім.
Өзіңмен бірге таң атып,
Өзіңмен бірге шығар күн.
Шәкіртің өткен іздерден,
Үмітің гүлдер,мұғалім.
Білеміз ертең бізден де,
Өмірдің талап сұрарын.
Сонда ардақты ұстазым,
Уәдемде берік тұрамын.
Альбина
Оқытты ұстаз анамыз,
Өсті білім санамыз.
Білгіш ер боп өсетін,
Біз бақытты баламыз.
Бойымызда бұла күш,
Еркін өскен ұланбыз.
Оқу білім үйреткен ұстаздарға мың алғыс.
Ән
Асыл
Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достасып,
Бастауышпен қоштаспақ.
Құрбыласпыз,
Тұрғыласпыз,
Үшеуіміз гүлдейміз,
Бір бақшаның гүліндейміз.
Талаптымыз,
Қанттымыз,
Жақсы оқимыз сабақты біз.
Жалғас
Өнеге ошақ тәрбиен,
Бір сенен қуат аламын.
Жарылқашы тәңір ием,
Таудай ғой менің талабым.
Мектебім – менің бапкерім,
Қарызбыз саған бәріміз.
Өзіңе деген парызды,
Ақтаймыз әлі талай біз.
Ақмарал
Бастауышым бастамам
Білім жолын бастаған.
Білім шыңы биікте,
Беліңді бу,жас данам.
Жалғас
Көлге айналған бұлақтын,
Том-том болған кітаптың.
Басы болған бастауыш.
Асыл
Бастауышта оқыдық,
Ойға білім тоқыдық.
Болар бізден жалындар,
Ертеңгі ірі ғалымдар.
Алдында ұзақ жолын бар,
Оқумен өсіп толындар.
Қиындыққа мойымай аман –есен болыңдар.
Көрініс «Пәндер айтысы»
Асыл
Ұстаз деген өмірінің шырағы,
Ұстаз деген өмірдің бал бұлағы.
Ұстаз деген шәкірттеріне ой берген,
Жас ғұмырдың тағдырының пырағы.
Сіздерсіздер қуанышым әнімде,
Жақсы көрем ұстаздардың бәрін де.
Жүргізуші
Біз барамыз артқа тастап төрт жылды,
Ұмытпаймыз ұстазымызды жаны ізгі.
Пана болған,дара болған біз үшін,
Жанымыздан артық дер едік біз сізді – деп ізгі тілегімізді алғашқы ұстазымызға береміз Тұрсын апайдың сөзі.
Орысшаны жалғайын,
Тақылдаса тандайым.
Айжамаштай ұстазым,
Еңбек еткен әрдайым – деп сөзді Айжамаш апайға береміз.
Асыл
Сайыс болса спорттан,
Шымырлылар жеңеді.
Хаджи Мураттай ағамыз,
Шынықтырған денені.
Ағылшынды үйреткен,
Жақсы көрген бар жанды.
Ардақтаймын ұстазымды,
Еңбегі нәр пайдалы.
Шәкәрттеріміз беріспес,
Ән мен жырды жөн деген.
Әлия апайдай ұстазым,
Даусымызды өндеген.
Орысша өлеңдер
Жүргізуші
Балалар қалай ойлайсыңдар, осы заманда білім артық па,әлде байлық артық па.
Жүргізуші
Әрине білім артық деп ойланбастан жауап берер едім,дегенмен байлық та артық болмас еді деген ой жетелейді.Олай болса балалардың пікірін тыңдап көрейік.
Асыл
Білім артық,өйткені ол пайғамбардан қалған мирас.Байлық бақылдардан қалған мирас.
Жалғас
Білім артық себебі ол сені бағады,ал байлықты сен бағасын.
Ақмарал
Білім әздей берсең көбейеді,оны жұмсағанымен азаймайды,байлық жұмсасан азаяды.
Жүргізуші
Иә,дұрыс айтасындар білімді адам орнымен сөйлейді,мәдениеті артады,байлығы көп адам оған мас болып мақтанады,астамшылық көрсетеді.Сондықтан да әрқашан білім артық.
Қазақ биі 3,4 –сынып қыздары.
Жүргізуші
Қазір ата –аналармен «Жүректен шыққан жылы сөз» деген ойын ойнайық.Ойынның шарты былай,ата-аналар жүрекшені алып,өзінің жүрегінің тұсына қойып, бір ауыз жылы лебізін білдіреді.
Ата- аналар сөйлейді.
Ән «Асыл ана» Сайранбекова Мөлдір.
Көрініс «Өнерлі бала».
Мұғалім
Құрметті оқушылар! Сендер бастауыш сыныпта оқып жүріп достыққа,табиғатты сүйіп аялауға үйрендіңдер.Сендердің жақсы істеріне қуандым,кейбір қателік кемшіліктеріне іштей ренжідім Сендер маған өз баламдай болып кеттіңдер.Алдағы уақытта сендерге тілерім сабақтарынды жақсы оқып,денсаулықтарын мықты болып,бастауышта алған білімдерінді шындай түсіндер.Жоғарғы сыныпта оқуларын сәтті болсын.
Аңғал ғана кішкентай бала едің,
Адам бол деп ақ бата алған едің.
Енді міне аяқтап бастауышты,
Қуаныш пен шаттық та бір қауышты.
Біліміңе білім қос үлкен болып,
Ақылына ақыл қос дана болып.
Орындалсын арман тілек талаптарын.
Самғандар биіктерге қанаттанып – жолдарын әрдайым ашық болып,тек ғана биіктерден көоіне беріңдер.
Би «Вальс»
Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар! Бастауыш буынмен қоштасу мерекесіне орай ұйымдастырылған дәстүрлі«Бастауышым-балбұлағым атты » ертеңгілігіміз аяқталды. Назарларыңызға рақмет.