«Топқайың орта мектебі» КММ
Топқайың ауылы
Қотонқарағай ауданы
Рухани адамгершілікке тәрбиелеу.
«Адамгершілікке тәрбиелеу құралы- еңбек пен ата-ана үлгісі »
Ы.Алтынсарин
Қазіргі таңда ,халақтық тәрбие тағлымын игерген, рухани бай, өресі жоғары,білімді,ел болашағын ойлайтын тұлға қалыптастыру –деген мәселемен жұмыс істеліп жатыр. Педагогикалық ұжым білім берумен қатар тәрбиеге ерекше көңіл бөледі. Жас ұрпақты тәрбиелеуде халқымыздың сан ғасырлық тәжірибесі бар , сол мол тәжірибені пайдалануға тырысып,ең бірінші жаны таза,адамгершілі мол, парасатты,халқына пайдасын тигізетін адам тәрбиелеуді мақсат етіп жүрміз.
Рухани –адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа – қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. Балаларға рухани – адамгершілік тәрбие беру қазіргі заманның ең маңызды міндеттерінің бірі.
Отбасы адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады , оның бірі-дүниеге ұрпақ әкелу,екіншісі-дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп ,өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп,оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Баланың отбасындағы тұлғалық қасиетін жетілдіретін жағдайдын бірі-отбасы, ішкіліжәне отбасынан тысқары атқарылатын еңбек.
Ғасырлар бойы қазақ отбасында сақталған тәлімдік дәстүрлер мол. Сол дәстүрлер сабақтастығыбүгінгі бала тәрбиесінде жалғасын табуда. Отбасында халықтың рухани –интелектуалды мұраларын,мәдени құндылықтарын жандандырып, рухани ұлттық сипаттағы мінезді қалыптастыруды көздеу өмірдің талабынан туындап отыр.
Дегенмен де ересектер мен балалардың өмірі тек өнегелі іс қылықтардан тұрмайтыны белгілі , кейде олар шалыс басады, ол кезде тіпті кейбіреулері қылмысқа барады . Сондықтан да есею жолындағы басты нәрсе баланы парасатты іске,адал қылыққа үйрету,жақсы іс атқару,одан қуану сезіміне бөлену, өзгені де, ата-ананы да,мұғалімді де, достары мен таныстырып , бейтаныс адамдарды қуанта білу.
Өмір тәжірибесі көрсеткендей екі түрлі отбасына назар аударуға болады.
Біріншісі материалдық игілікті алға қойып ,соған жетуді мақсат еткендіктен, рухани құлдырауға соғуда. Екіншісі- материалды игілігі жеткілікті отбасында бала мен ата-ананың арасында эмоционалдық, мейірімділік қарым-қатынастың орнықпағандығы байқалады. Осы жағдайлар отбасында жасөспірімдерді тәрбиелеуде ескерілуі қажет.
Кішіпейілділік отбасынан дамиды, оған ата-ананың берген тәрбиесі, тұрмыс тіршілігі көп әсер етеді.