Басы » Математика » «Математика еліне саяхат» өткенді пысықтау

«Математика еліне саяхат» өткенді пысықтау

«Ақжар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын ортаолығы бар»  мемлекеттік мекемесі

Бакуашева Ш.Б

Тақырыбы: «Математика еліне саяхат»  өткенді  пысықтау

Мақсаты: 1.Көп таңбалы сандарды екі таңбалы сандарға көбейту және бөлуді, есеп шығару, теңдеуді шешуді пысықтау

2.Ақыл- ойын, ой –өрісін, шығармашылық қабілетін, пәнге қызығушылығын артыру.

3.Оқушыларды ойын дұрыс жеткізуге білуге, тапқырлыққа, жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу. Достық қарым –қатынас,  ұжымдық іс –әрекет тәрбиесін беру.

Сабақтың түрі: Саяхат сабағы

Әдіс –тәсілі: саяхат, сұрақ – жауап, есептеу, ізденіс, топтық, деңгейлік.

Көрнекілігі: «Ғарыш әлемі» картасы, сиқырлы баспалдақ, жұлдызшалар, математикалық лото, сөзжұмбақ

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Сабаққа даярлық

  1. Психологиялық треннинг. Мектеп психологі жүргізеді.
  2. Балалар, біз бүгінгі сабағымызда «Ғарыш әлемінде» зымыранмен ұша отырып, саяхат жасаймыз. Олай болса, саяхатқа дайындалайық.

ІІ. Ой қозғау. Сиқырлы баспалдақпен көтеріліп, тапсырмаларды орындай отырып ғарыш кемесіне отырайық. Деңгейлік тапсырмалар беріледі.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

  1. Ой ашар. Сұрақтар қою.
  2. Жаңа сабақ. 1. Дәптерге күннің ретін жазу.
  3. кКіріспе сөз. «Ғарыш әлемі» картасымен өтіп отырып бірнеше планеталарға кездесеміз. Олардың тапсырмаларын орындаймыз. Ал, балалар, олай болса бәріміз ұранымызды айтайық.

 

Біз ақылды баламыз,

Есеп, жұмбақ, ойынның

Жауабын тез табамыз.

Туын ұстап білімнің

Саяхатқа шығамыз

 

  • Жарайсыңдар!Барлығымыз көзімізді жұмып, өзімізді ғарыш кемесінде отырмыз деп сезінейік. Күй ойнап тұрады.
  • Мұғалім: Оқушылар, біз ғарыш кемесімен аспанда келеміз. Аспан ашық, көк көнбек, ақша бұлттар көрінеді, күн нұрын шашып тұр. Міне алғашқы планеталар да көріне бастады. Алғашқы планетаға тоқтайық. Балалар көздерін ашады. Тақтадағы «Ғарыш әлемі» картасын көреді.Кеме қонған планета туралы мәліметті оқушы оқиды.
  1. «Уран» — бұл планета жерден құралсыз көзбен қарағанда көрінетін планета.Бұл планета сендерге «Жетпей тұрған сандар» ойынын беріп тұр екен. Олай болса, тапсырманы орындайық. Оқушылар тапсырманы орындайды. Бәрекелді, өте жақсы!
  2. Ғарыш кемесімен келесі планетаға аттанайық. Бұл планетамыз қалай аталады екен? Оқушы оқиды. «Күн» — жерге ең жақын жұлдыз. Күн сәулесі жерге 8,5 минутта жетеді екен . Толық күн тұтылудың ұзақтығы 7,5 минуттан аспайды. Бұл планетаның тапсырмасы.Оқулықпен  жұмыс №2,24 бет.
  3. Кішкентай жұлдызыдың тапсырмасы. Сергіту сәті. «Көңілді санамақтар», сөзжұмбақты шеш.

М:Көңілді санамақта қандай құс туралы айтылады?

-Кекілік.

— Мұғалім: Балалар, құстар да балалары жаман баға алса ренжиді екен ғой, сендер де нашар баға алсаңдар аналарың ренжиді емес пе? Сондықтан жақсы баға алып, аналарды қуантайық.

Мұғалім: Келесі планетаға жол тартайық.

  1. Бұл планета қалай аталады екен? Оқушы оқиды. «Меркурий» — бұл күнге ең жақын планета. Айдан сәл ғана үлкен. Меркурийдегі  12 сағат жердегі бір жылдан 2 есе ұзақ. Бұл планетада бізді теңдеулер күтіп тұр екен.

Жарайсыңдар, балалар! Сендер теңдеулерді де дұрыс шеше алдындар. Рахмет сендерге.

Мұғалім: Ұшып келе жатырмыз, алдымызда жарық жұлдыз көрінеді.Бұл қандай планета екен?

Оқушы оқиды. «Шолпан» — күн жүйесіндегі ең ыстық планета. Шолпанда күн батыстан шығып, шығыс жаққа батады. Шолпандағы тәулік жердегі жылдан ұзақтау.

Топтық жұмыс

1-ші топқа.

  • Адамның қадамы 70 см делік, егер ол 10000 қадам жасаса, онда қанша км жол жүреді?

2-ші топқа . Гүлнар жерге түскен жаңғақтарды жинап алды. Ол 25 жаңғақты

інісіне, ал қалғанының  жартысын сіңілісіне берді. Содан кейін онда өзінде 20 жаңғақ  қалды. Гүлнар неше жаңғақ жинады?

1-ші топқа. Тік төртбұрыштың Р-?. Егер оның ұзындығы 12 см, ал ені 8 см –ге тең болса

2-ші топқа. Шаршының ауданын тап, егер оның ұзындығы 12 см, ал ені 8 см-ге тең болса.

 

V: Сабақты бекіту. Оқушылар сендер «Ғарыш әлеміне» саяхат жасай отырып, білімдеріңді шындап дамыта түстіндер. Планеталардың тапсырмаларын орындап, ғарыш әлемінің жұлдыздарына ие болыңдар. Енді сыныпқа  қайтар кезде келді. Мына математикалық лотоны шешсек, алдымызда не күтіп тұрғанын білеміз. Қане , балалар, бізді не күтіп тұр екен?

Шешуі : «Алдымызда жер».

VІ.Қорытындылау. Инсерт әдісін қолданамын. Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?

VІІ.Үйге тапсырма: №6,24 – 25 бет

VІІІ.Бағалау. Оқушылар орындарынан тұрып:

«5» болсын алар бағамыз,

Біліммен бақыт табамыз,

Өнер, білім көп оқып,

Өсе берсін санамыз.

Мұғалім : Бәрекелді. Балалар!

Бәріңе  бестік баға бар.

Азамат боп өсіңдер

Ел қадірін бағалар.

Міне, оқушым қаншаға,

Кеңейді өріс –өреміз!

Інжу – маржан көреміз.

Келесіде қалғанын

Тағы да айтып береміз.

Ал, қазірге қош бала.

Күнделікке баға қойып береміз,- деп жинаған жұлдыздарын санап , білімдерін бағалаймын.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *