Басы » Tәрбие сағаттары » Жаңа жыл жарылқа

Жаңа жыл жарылқа

Солтүстік Қазақстан облысы

Уәлиханов ауданы

Қайрат ауылы

Қайрат орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Тасбулатова Сандуғаш Олжатайқызы

Тақырыбы:  «Жаңа жыл жарылқа»

Мақсаты: 1. Жаңа жылдың мәні, сыйқыр, болашақ, сұлулық туралы түсініктерін кеңейту. Түрлі тапсырмалар арқылы ойын, есте сақтауын дамыту. Үлкенді сыйлауға, эстетикалық талғампаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Шырша, шарлар, қыс туралы түрлі суреттер, нақыл сөздер мен мақалдар.

Жүргізуші:

— Жаңа жылда алдағы

Көңіл өсіп кеңейсін

Ортақ ойы арманы

Жақсы дәстүр көбейсін

Жұмыр жердің үстінде

Бұзылмасын тыныштық

  • Ал, балалар, балалар

Ескі жылды ортаға ап,

Қош айтысып қалайық.

Қоштасу сөзін оқу.

«Аяулы да құрметті 2014 жыл Сен бізбен 364 күн, 364 түн бойы дос болдың, бірге жүрдің. Сен бізден қызығың мен қуанышыңды аяған жоқсын.Ақша қарлы қысыңды, көгілдір көктеміңмен жадыраған жазыңды көрдік, сары алтынға малынған жомарт күзіңде – алтын ұя мектебімізге қайтып оралдық. Енді, міне, сені тарих сапарына аттандырып салғалы тұрмыз. Біз саған дән ризамыз. Қош бол, аяулы 2014 жыл.

Ескі жыл:(Ескі жыл болып киінген оқушы қоштасады.)

Сау болыңдар. Қош болыңдар.

Жүргізуші:

  • Ескі жылмен қоштастық енді жаңа жылдан хабар бар ма?

Балалар:

  • Жаңа жыл келе жатыр.(хормен)

Жүргізуші:

  • Онда, балалар қарсы алайық жақсылап.

Келді міне жаңа жыл аппақ болып

Ән салып, жұмбақ болып,тақпақ болып

Ауламыздың тұсына қонып жатыр

Аяз болып, мұз болып, қатқақ болып.

2015 жыл болып киінген бір оқушы келеді.

-Сәлеметсіңдер ме балалар. Міне, мен де келдім. 2015 жыл молшылыққа, жақсылыққа толы жыл болады.

Жүргізуші:

-Жаңа жылдың басты кейіпкерлері кімдер еді? Білесіңдер ме, балалар?

Балалар:

— Аяз ата мен Ақшақар (хормен)

Жүргізуші:

-Ендеше оларды шақырайық (хормен)

Аяз ата сөзі:

  • Армысыңдар, балалар! Сендердің дауыстарыңды естіп, келдік. Бізді қарсы алуға дайындалған екенсіңдер. Бізде сендерді сағынып келдік. Алыс жолдан келсек те,шаршағанымызды ұмытып тұрмыз. Мына әсем шыршаны айналып ән салайық, көңіл көтерейік.

Жүргізуші:

  • Олай болса, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, әндетейік. Сендер дайынсыңдар ма, балалар?

Балалар:

  • Дайынбыз! (хормен)

Аяз ата:

-Мен шаршадым. Отырып дем алайын. Сендердің өнерлеріңді тамашалайын.

Жүргізуші:

— Ендеше, атамызға дайындаған шағын өлеңдерді оқып, қуанышымызды, көңілімізді  білдірейік. Ортаға ең алдымен арамыздағы кішкентай бүлдіршіндерді шақырайық.

Тақпақтар оқу. 0-1кл.

Ақшақар:

  • Өздерін өнерлі екенсіңдер. Өркендерің өссін. Мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр, ойнайсыңдар ма?

Балалар:

— Иә, ойнаймыз!

Осы кезде қарақшылар Аяз атаны ұрлайды.

  • Аяз ата ұрланды. Оны табу керек, онсыз жаңа жыл болмайды. Жаңа жылдың шырқын бұзған кім екен?

Жүргізуші:

  • Мына қағаз қайдан келген? Не жазылған екен? Бізге оқып берші, Ақшақар.

Қарақшылар хаты:

«Біз Аяз атаны ұрлап алдық. Сендер той тойлап жатырсыңдар, ал бізді шақырмадыңдар. Сондықтан Аяз атаны көргілерің келсе, біздің тапсырмаларды орындауларың керек.

1)Жұмбақ шешу.

Жүргізуші:

  • Жақсы ,балалар, жұмбақты шешіп бір қадам жақындадық.

Ақшақар:

  • Аяз атаны босатып алу үшін тағы бір тапсырманы орындау керек.

2) Үш оқушы қысқа байланысты, мәнерлеп өлең оқып берсін!

Мәнерлеп оқып беру. 3кл.

Ақшақар:

— Әлі үшінші тапсырма бар.

3) Жаңа жыл туралы ән шырқап беріңдер!

Ақшақар:

— «Шырша жырын» орындап берейік! (Оқушылар хормен әндетеді)

Қарақшылар:

  • Сендер Аяз атаны қалай жақсы көретіндеріңді білдік. Біз атаны босатамыз. Бізді кешіріңіз, Аяз ата!

Ақшақар:

— Сендер де бізбен бірге жаңа жылды қарсалыңдар!

Ақшақар:

-Ата, сізді көргеніме қуаныштымын.

Аяз ата:

Рахмет саған Ақшақар, рахмет сендерге балалар!

(ұрылар кешірім сұрайды)

Жүргізуші:

  • Аязата қуанышын білдіріп жатыр , сендер де қуаныштарыңды білдіріңдер.(4кл ән)

Ақшақар:

  • Біз сендердің өнерлеріңе тоймай жатырмыз. Тағы қандай өнерлерің бар?

Жүргізуші:

  • 4-сынып оқушылары түрік биін билейді.
  • 3-сыныптың оқушысы өзбек биін билейді.

Аяз ата:

  • Ал, ендеше жаңа жыл сыйлықсыз болмайды. Біз сендерге сыйлық әкелдік. Осы сыйлықтарды қабыл алыңдар.

Балалар:

— Рахмет, ата. Барлығымыз сыйлыққа разымыз.

Ақшақар:

  • Ал, балалар, сендерге көп рахмет. Аязата екеумізді жолға шығарып салыңдар. Келесі жаңа жылға дейін сау болыңдар. Сабақтарыңды жақсы оқыңдар, ата-аналарыңды қуанта беріңдер.

Балалар:

  • Келер жылы кездескенше, сау болыңыздар!

Жүргізуші:

  • Осымен біздің жаңа жылдық жиынымыз аяқталды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *