Батыс Қазақстан обылысы
Жаңақала ауданы
Сарыкөл ауылы
Бактыгалиева Улболсын Бактыгалиевна
Абай атындағы негізгі орта білім беретін мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Тақырыбы: Математикалық марафон
Мақсаты: Оқушылардың ой-өрістерін , ойлау логикасын білім дағдыларын қалыптастыру, топпен жұмыс істей отырып шапшаңдыққа , зеректікке , ұқыптылыққа тәрбиелеу , қызығушылығын арттыру. Сайыс толқын айналған қатты ағысқа . Табылғандай тыным да , жат дауыс та Біреу озып келеді қатарынан Біреу кейін жатады аптығыста Сайыс толқын жатқандай асып-тасып Біреу мығым , біреулер шалыс басып Бұл сайыста байқалар тек шапшаңдық Жеңсең де , жеңілсеңде қалма жасып Бүгінгі шәкірт – ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады. «Білімді азамат ел ертеңі» «Білікті бірді білімді мыңды жығар » деген халықтық даналық сөзі бар Білімнің маңызын Елбасымыз Н.Назарбаев « Біз өмір бойына жететін білім алып өту моделіне көшуге тиіспіз. Болашаққа біліммен қадам басып лайықты қолтаңбамызды қалдырайық » деп айтып отыр. Білімді адам еш нәрседен қорықпайды , мазасызданбайды. Әр уақытта батыл болады.
Өмірде ойлап тұрсаң бәріде есеп Ауырсақ ішетұғын дәріде есеп Есепсіз өмір сүрген мазмұнсыз –ау Дүниенің бір тұлғасы есеп десек –дей келе марафонымызды бастамас бұрын 6-сынып оқушыларын «Алғырлар » «Тапқырлар » тобына бөліп алайық. Сайыскерлерімізді әділ бағалайтын әділ-қазыларымызды сайлап алайық
жоспары: таныстыру
І.тур Танымдық сайыс ІІ.тур Біліктілік сайыс ІІІ. тур. Кім жылдам? ІҮ. тур «Бой сергіту жарысы» , « Сурет салу» Ү. тур Ұшқыр қиял
І тур Алғырлар Тапқырлар
- 5 тақ санды ата
- 6 көбейт кестесі
- Ең кіші үштаңба сан
- 1 тоннада неше кг бар?
- Бір үйде әжесі баласымен және атасы немересімен отыр. Осы үйде неше адам отыр?
- 12-ні 10 есе арттыр
- Екі қатынастың теңдігі
- Қандай өрнек әріпті өрнек
- Қара ағаш басында 5 алма өсіп тұр 1-еуі жерге түсіп қалды нешеуі ағаш басында қалды?
- 2 ғасырда неше жыл бар?
Тапқырлар
- 5 жұп сан ата?
- 8-көбейт кес
- Ең үлкене үш таңбалы сан
- 1 км неше метр бар ?
- Бөлмеде үш май шам жанып тұр. Сен біреуін өшірдің қаншасы қалды ?
- 7-ні 9 есе арттыр
- Екі санның бөліндісі
- Қандай өрнек санды өрнек
- Үш түйе құс ұшып келе жатты. Аңшы оның 1-ін атып алды нешеуі қалды?
- Шеңбердің радиусы 6 см болса диаметрі неше см?
9-ды қос |
8-ді қос |
ІІ.тур «біліктілік сайысы »
49-ды бөл |
7 |
56-ны бөл |
13 тен азайт |
54-ті бөл |
48-ге бөл |
6 |
19-дан азайт |
11-ге көбейт |
15-тен азайт |
16-дан азайт |
9-ды көбейт |
ІІІ.тур Кім жылдам?
=9 8= =49:7 35:7= =6 7 6 8= =30:5 25:5= =4 4 4 6 = =15:3 18:3= =2 6 2 7 =
ІҮ.тур. Бой сергіту жарысы
Қапшықпен секіріп барып сұрақтарға жауап беру (сұрақтар әр сала бойынша)
- Республика күні қашан?
- Ешкі түлегінің тірі?
- Қазақстанның тұңғыш президенті
- Жүз жылдық басқаша атауы
- Тұңғыш қазақ ғарышкері?
- Мұсылманның қасиетті айы?
- Ең кіші натурал сан?
- оңынан да солынан да жазғанда өзгермейтін сандар
- Шеңбердің кез келген екі нүктесін қосатын кесінді
- Бөлудің нәтижесі не?
Сурет салу
Екі топтан екі оқушы шығып , екі қолына екі бар ұстау арқылы бір мезетте бір бормен үшбұрыш бір бормен шеңбер сызу керек. Қай топ мүшесі геометриялық фигураны жақсы , ұқсатып сала алғаны ескеріледі.
Ү.тур Ұшқыр қиял Оқушылардың ақындық талантын сынап көрейік Мына жолға өлең ұйқасын тап
- 5 жерге бесім 25 Математика мен тарих бір емес ……………………
- Шәкіртім , жарқын сенің келешегің . Алдында қарызың көп берешегің? ……………..
- Шеңбер бойымен әңгімелеу
Тұрақты тіркес Мағынасы
- Тайға таңба басқандай анық
- Тілді үйіреді тәтті
- Көз шырымен алу ұйықтау
Шын жүйрік шабысынан танылды. Нақты білім , терең ой саналады.Баға берер әділқазы ортамызда сіздерге құрметпен қол соғылады . Әділқазылар сайыс қорытындысын айтады.
Көңіл бөліп бұл кешке Келгендерге көп рахмет Шын сезінген көрерменге Мың Рахмет , Мың Рахмет! Жақсы қатысқан оқушыларға сыйлықтар табыс етіледі.