Семиглавый Мар орта жалпы білім беретін мектебі
Алмагуль Орынтаевна
Сабақтың тақырыбы: Христиан дінінің ағымдары (православие, католицизм, протестантизм)
Сабақтың мақсаты: Білімділік оқушыларға әлемдік және дәстүрлі діндердің тарихымен, олардың қазіргі қоғамдағы алар ролімен таныстыру
Тәрбиелік Ойлы – пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азаматты тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушылардың білімге, ғылымға деген ынтасын дамыту
Сабақтың түрі. Проблемалық.
Әдіс – тәсілдері. СТО тірек сөздер стратегиясы ,инсерт , үш жақты түсіндірмелі күнделік.
ҚПәнаралық байланыс .Дүние жүзі, Қазақстан тарихы.
Сабақтын барысы. І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
А) Фронтальды сұрау.
Б)Үш жақты түсіндірмелі күнделік стратегиясы бойынша оқушылар. Ойланады, жазады, айтады, сұрақ қояды.
Не таңқалдырды?
|
Неліктен? | Сұрақ. |
Исаның (Иисус) өмірі жөніндегі алғашқы християндардың әңгімелері. Исаның тау етегіндегі өсиеттері. (Матфейдің інжілінен) | Тарихы жағынан басқа діндерге ұқсамайтындығынан,
аралығынан. |
Христиан діндері неліктен бөлінді. |
ІІІ.Жаңа сабақ. А)Қызығушылықты ояту.
Тірек сөздер стратегиясы бойынша оқушыларға интерактивті тақтаға мынадай сөздер жазылады. Православие, католицизм, протестантизм.Тірек сөздер стратегиясы бойынша оұушылар.1.Ойланады, айтады, жазады.
Сабақтың түсіндіру барысы.
- Православиенің негізгі орталығы Шығыс Рим империясы (Византия) болды, ол Балкан мен Кіші Азияда негіз алды. ХІ ғасырдан кейін Византияны және христиандықты византиялық миссионерлер арқылы қабылдаған шекаралас елдерді (соның ішінде Русьті), сондай-ақ жеті Жержүзілік соборларда бекітілген діни ілімді сақтайтын барлық шіркеулерді Православие әлемі деп атай бастады. Көне Русь Константинополь патриархатынан шоқынуды ресми түрде 988 жылы қабылдады. Орыс халқында православие қазіргі кезге дейін сақталып отыр. Христиан діні әуел бастан Христостың уағыздарымен бірге өзін аскеттік дін ретінде айқындады: “Кімде-кім менің артымнан ергісі келсе, өзінен бұрылып, өз кресін алып, менің артымнан жүрсін” (Мф.16,24). “Еру” сөзінің мағынасы біреуге ұқсауды білдіреді. Мұнда апостол болып күнәлардан арылған, Құдайды сүйген, жақындармен жақсы байланыстағылар және еш жыныстық қатынас жасамағандар болды.
Қиыншылық көру көне христиандардың күнделікті өмір салтына айналды. Бірақ тыйым салынған нәрселердің алдыңғы сатысында өмірінде ешбір жыныстық қатынас жасамау тұрды. Апостол Павелдің негіздеген уағыздарына Августин Философ, Тертулиан, Киприан Карфагенский, Климент Александрийский, Ориен және Лактанций өз еңбектерін арнаған. Монахтықтың басынан бастап-ақ руханилық (оқыту, басқару) секілді маңызды қағидат қалыптасты. ІV ғасыр көптеген басшылардың есімдерін мәлім етті: Аммун Нитрийский, Макари Египетский, Макарий Александрийский, Пимен және т.б. Скиттік шөлдің негіздеушісі Ұлы Пахомий болды. Яғни ІV ғасыр монахтығы тақуалық, жартылай тақуалық (келиоттық, скит) және жалпы тұрғындық өзіндік формаларын қалыптастырды. Православие монахтық ерекше рухани дәстүрді қалыптастырды. Ережелерді орнықтыра отырып, монахтардың өмірі туралы жарғылар жазылды. Монахтық әкейлер күнәмен күресудің аскеттік жүйесін жасады. Әсіресе монахтық, жалпы православиелік мәдениетті қалыптастырды.
Адамның мінез-құлқы христиандық әдет-ғұрыптың мазмұны болып табылады. Христиандық ахлақ (мінез-құлық) Тәңірлік ақиқатқа негізделеді. Ол адамды құдайлық қасиеттерге бейімдейді. Адам өз еркімен киеліліктің жоғары сатысына көтеріле алады, сонымен қатар күнә мен жамандықтың шыңырауына да құлап жатады. Соған орай, оның алдында екі жол бар: өмір жолы және өлім жолы. Тура жолды табуда ахлақ заңдары, ахлақ сезімі және санасы маңызды рөл атқарады. Ахлақ заңы – бұл адам рухындағы ұят деп аталатын Құдайдың дауысы. Ұяттық сезім адамзат ахлағының негізі болып есептеледі. Бірақ, бұл ұяттық сезімнің өзі жеткілікті емес, сыртқы бір жол көрсетушіге мұқтаждық бар. Мұндай жол көрсету заңы адамзатқа екі түрде берілді. Олар: дайындық түріндегі Мұсалық заң, екіншісі толық Евангелдік заң.
Христиандық сүйіспеншілік – бұл, адамды Құдайға жақындататын сезім. Иса пайғамбар мынадай өсиет қалдырған: “Мен сендерді қалай сүйсем, сендер де бір-біріңді солай сүйіңдер”. Бұл өсиет тек достарды ғана емес, дұшпандарды да сүюді уағыздайды. Жақынға деген сүйіспеншілік адамның өзін-өзі сүюден басталады, ал ол адамның тәңірге деген сүйіспеншілігінен бастау алады. Христианның Құдайға деген сүйіспеншілігі тек ахлақтық жағынан шыңға жетуді емес, сонымен қатар оның рухани болмысының негізі болып табылады.
Христиандық бойынша Құдай адамдарға шіркеулік өмірде ашылады. Құбыжық әлем мен адамның өзі де Құдайдың бір жаратылысы. Құдай баласының қалауы бойынша Құдайды тану дарыны болуы мүмкін. Көне Өсиетте Құдайдың көрінуі туралы Иаков былай дейді: “Мен Құдайды бетпе-бет көрдім, содан менің рухым сақталды” (Болмыс.32,24-30). “Бетпе-бет” Құдай Мұсамен сөйлескен (Исх.33, 11; Втор.34,10). Жаңа Өсиетте Құдай адамдармен өзінің баласы арқылы сөйлеседі. Евангелде былай делінеді: кімнің жүрегі таза болса, ол Құдайды көреді (Мф.б,8). Құдайдың қасиеттері: Даналық, Мейірімділік, Күштілік және т.б. адам ақылына сыйымды болып келеді. Құдайға деген сенім адамға тек ақылмен ғана емес, жүрекпен де Құдайды қабылдауды негіздейді.
2.Католицизм ұғымы грекшеден аударғанда “жалпы, жалпыға ортақ” деген мағынаны білдіреді. Римдік шіркеуден бөлініп, өзіне тән доктрина мен литургияны (шіркеу құлшылықтарын) қалыптастырды. Католиктердің православтардан айырмашылығы адам жер бетінде мұқтаждық көріп, Құдайдың өсиеттерін орындай білсе, о дүниеде үлкен бақытқа жетеді деген сенімдері бар. Бұған керісінше батыс христиандары бұл дүние мен о дүниелік жаза үйлесімді деп санайды. Орта ғасырда католиктер қатаң тәртіптегі шіркеу ұйымын құрды. Онда наным бостандығы мүлдем жоқ етіліп, салт-жоралғышылдық, клерикализм және шіркеу иерархиясының үстемдігі басым болды. Католикшілдік бірте-бірте ақсүйектік мемлекетке ұқсай бастады. Оның ішкі монархиялық құрылымы шіркеудің өзін нақты адамға бағытталған бюрократиялық тетікке айналдырды.
Католиктер Құдай мен адам қатынасын заңдық тараптан қарастырады; христиан жазадан құтылу үшін жақсы амалдар жасау керек. Адам өзінің күнәсінен тазаланудан гөрі одан құтылу жолының құралын ойлайды. Католиктік доктринаға сай Құдайға тән нәрселердің бәрін өзіне қайтару керек. Католикшілдікте күнәдан арылу идеясы индульгенция – күнәдан және дүниелік азаптан құтылу, крест жорығына қатысу, белгілі уақыттарда құрбандық шалу, құлшылықтар, қасиетті жерлерді зиярат жасау формасында болады. Индульгенция рәсімі папаның бекітуімен іске асады. Бұл үдерісте күнәдан арылу мен азап шегу белгілі мерзімге (40 күн) созылады. Оның ең ұзақ мерзімі 150 жылды қамтиды.
Римдік христиандық шіркеу – бұл римдік папаның басқаруындағы күрделі иерархиялық институт. Оның негізгі жиналысы – конклавта рухани кемелденген 150-ге жуық кардинал сайланады. Католиктік шіркеу құрылым жағынан православтық шіркеумен ұқсас келеді. Онда митрополиттер, архиепископ және епископтар, қасиеттілік жүйесі монахтық өмір т.б. бар. Монахтар ортақтаса отырып, басшыға бағынады, олардың ішінен ең көне бенедиктік орденді, белгілі августиндік, францизкандық және доминикандық, сондай-ақ жақсы мақсат құралды ақтайды деген ұранмен әлеуметтік саяси қатынастары әсерлі болған иезуит орденін айтуға болады. Римдік топ пен папаның басты қасиеттерін білу католиктік доктринаның негізгі өзегі. Мұндай көзқарастың қалыптасуына папаның билігін қабылдау ықпал еткен. Олар шіркеудің қасиеттілігі мен Құдайдың белгісі болып табылады. Иисус пен папаның өзара қатынасы шіркеудің шынайы болмысының мәнін католиктік ұстанымда айқындай түседі.
Папа жайлы ілім шіркеудің табиғатына сай келеді. Ол рухани құпиялық және адамдық мәнде қарастырылуымен қатар заңды тұрғыда әспеттелуде. Ватикан соборында (1962-1965) шіркеу ілімі Құдайды түсіндіру бағытында жүріп, жалпы жердегі түсінікті Құдаймен бауырластық қоғамы деген ұғымда болды.
Ескі дәуірде батыс діндарлары мен схоластары түйіндеген римдік-католиктік шіркеуінің ресми көзқарасы бойынша аян және сенім басты ілімге айналды. Бұл істі дамытып, қорытындылаған ортағасырлық әулие Фома Аквинский болды (1225-1274). Ф.Аквинскийдің аян жайындағы ілімін бірінші Ватикан соборында католиктік шіркеу ресми түрде қабылдады. Бұл жайлы былай делінеді: Құдай жаратушы, өз сөзін қорғаушы, Құдай барлық нәрсенің бастауы мен аяғы, адам санасында жаратылған заттар арқылы сәулелене алады.
Сондай-ақ Ф.Аквинский былай дейді: жаратылыста аян адам ақыл-ойына сай келетін Құдайдың Исамен сөздерінде көрінеді. Мұны сенім ретінде қабылдау және орындау адам баласына берілген сый деп танылды. Католиктік шіркеуде екінші Ватикан соборынан соң (1962-1965) өзгерістер ене бастады. Бұл собор ескі римдік тілден ұлттық тілге ауысуымен ерекшеленеді. Католикшілдіктің адамгершілік негіздері батыста топтық сипатқа ие болған, христиандыққа қарама-қарсы келетін әрекеттер мен құндылықтарды сынауға мүмкіндік тудырады. Оларға: неке бұзу, соғыстар, аборт жасату, клондау, сексуалдық революция және т.б. жатады. Бұл мәселеде Папа Иоанн Павелдің орны ерекше.
- Қазіргі католицизмнің православие шіркеуіне қатынасын қайта атап өткен жөн, оның догматтық дұрыстығы, литургиялық өмірінің толықтығы, апостолдық және қасиетті әкелікке берілуі мойындалады. 1996 жылы Папа Иоанн ІІ қол қойған циркулярға сәйкес триадология қасиетті рух туралы оқумен қатар көне шығыс әкейлерінің ілімдеріне сәйкес түсіндірілуі керек.
Христиандықта екінші ірі бөліну ХVІ ғасырда болды, ол М.Лютердің атымен байланысты. Протестантизмнің басы – өткен христиандық дәстүрді мойындамау, мирасқорлық және католиктік шіркеудің теріс сипаты, сонымен қатар барлық шіркеулік өсиеттен, үздіксіз шіркеулік тарихи болмыстан бас тарту. Шіркеу І ғасырда пайда болған, енді ол апостолдық білімнің діни оқуының тазалығына қайтып келуі арқылы қайта дамуға тиіс. Әсіресе Киелі Жазбаның тікелей және терең мағынасына назар аударылады. Шіркеу – тек діндарлардың жиылысы, оның іші көз жеткізгісіз және құпия, ал көз көрерлігі тек көз жеткізгісіздің нышанын көрсетеді. Протестантизмде шіркеудің көзге көрінетіні мен көрінбейтіні арасындағы шынайы байланысты түсіндіру, Құдаймен жеке сұхбаттасу – сенімнің жалғыз негізі болады. Шіркеудің көмегінсіз сенімнің негізін табу мүмкін емес. Протестантизм салтсыз құбылыс, сондықтан Киелі Жазбадағы “жеке-ақыл-парасат” жылдам көбейеді. ХІХ-ХХ ғасырларда протестантизмнің шеңберінде көптеген секталар пайда болды. Олардың ішінде “Исаның шәкірттері”, “7-ші күннің адвентистері”, “Иегова куәгерлері”, “Христиандық ғылым” және т.б. айтуға болады.
Қазақстандағы христиандықтың жағдайына келер болсақ, православтықтар саны жағынан мұсылмандардан кейін екінші орында. Бүгінде республика аумағында приходтар мен шіркеулер баршылық. Қазақстанда алғашқы католиктер 1246 жылы пайда болды. Олар римдік алғашқы шіркеу қызметшілерінің тапсырмасымен ұлы хандарға католиктік миссионерлердің келуімен байланысты. Қазақ жерінде алғашқы католиктік және протестанттық қоғамдық бірлестіктердің пайда болуына поляктардың Сібірге айдалуы және неміс-католиктері мен Ресейдің еуропалық бөлігінен жер аударылуы септігін тигізді. Қазіргі таңда Қазақстанда католиктік шіркеулер жаңаруда, әсіресе республикамыздың солтүстік облыстарында бұл айқын байқалады, сенушілердің саны 150 мыңға жуық. Республикамызда протестантизм әртүрлі бағытта таралған.
Оқушылар Инсерт стратегиясы бойынша кестені толтырады.
Ү | + | ? |
Християн дінінің таралуы, алғашқы христиан шіркеуі Рим епископы. 395ж.империя Батыс және Шығыс болып бөлініп кет- кедігі,католиктік православия- лық бөлінгендігін, Қазақстанда оған қолдау көрсетіліп отырғанын білемін. | Қазақстанда правословтық тар дың саны жағынан мұсылмандардан кейін екінші орында екенін бүгінде респуб.аумағында приходтар мен шіркеулер бар екенін, қазіргі таңда котоликтік шіркеулер жаңарғаның солтүстік облыстарда көп екенің. Протестантизм әр түрлі секта бағытында тарағанын білдім | Протестантизм бағытындағы әр түрлі діни ағымдар туралы білгім келеді?
«Иегова куәгерлері», «Исаның шәкірттері», «7-ші күннің адвентистері» |
«V» бұрыннан білемін «+» мен үшін жаңалық «?» тереңірек білгім келеді
Сабақты бекіту