Атырау қаласы
И.Тайманов атындағы №27 орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі
Умиргалиева Гулзада Калиоллиевна
Сабақтың тақырыбы: Жақшаларды ашу. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру.
Сабақтың мақсаты:
білімділігі: Алгебралық өрнектегі жақшаны ашуда көбейтудің
қосуға қатысты үлестірімділік қасиеті немесе рационал
сандарға амалдар қолдану ережелерін пайдалана білу
дамытушылығы: Алгебралық өрнектерді ондағы ұқсас қосылғыштарды
біріктіру арқылы ықшамдай білу дағдыларын
қалыптастыру, жүйелі ойлау қабілетін дамыту.
тәрбиелілігі: оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, тапқырлыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:жаңа білім беру, іздендіру сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі және практикалық, сұрақ – жауап, деңгейлеп
оқыту.
Сабақтың көрнекілігі: мультимедиа, таңбалар ережесі, парақшалар
Сабақтың жүру барысы:
- Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеп, сабаққа ынтасын арттыру.
- Үй тапсырмасын тексеру.
Оқулықтағы №736, 742 есептер.
- Жаңа сабақ
а) Жаңа сабақты бастамас бұрын өткен тақырыптарды еске түсіру мақсатында қайталау сұрақтары беріледі.
- Қандай өрнек алгебралық өрнек деп аталады?
- Қандай алгебралық өрнектер алгебралық қосынды деп аталады?
- Қандай өрнектер теңбе – тең өрнектер деп аталады?
- Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиетін пайдаланып,
алгебралық өрнектер қалай ықшамдалады?
- Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиетін
пайдаланып, алгебралық өрнектер қалай ықшамдалады?
- Таңбалар ережесі +(+)=…; +(-)=… ; -(+)=… ; -(-)=…
ә) Оқушыларға жаңа сабақты ұғындырмас бұрын алдын ала дайындық тапсырмалары беріліп, ойлары, өздерінің тұжырымдары сұралады.
- Көбейтудің қосуға қатысты үлестірімділік қасиетін пайдаланып
түрлендіріңдер: 3(2а+9b+10с);
-5(11х+7у-37).
- Таңбалар ережесін пайдаланып, жақшаларды ашыңдар:
4а+(+3b)+(-11с);
а-(+4b)-(+3с)-(-d)
Кім тұжырымдап айтады? (оқушылардың өз тұжырымдары сұралады)
б) Егер алгебралық өрнектегі жақшаның алдына «+» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың өз таңбалары сақталады.
Мысалы, 7+(-9а+4b-с)=7+(-9а)+4b+(-с)=7-9а+4b-с.
Қысқаша: 7+(-9а+4b-с)=7-9а+4b-с.
Әріптермен жазсақ: а+(-b+с-d)=a—b+c—d
Егер жақша алдында «-» таңбасы болса, жақшаны ашқанда жақша ішіндегі қосылғыштардың таңбалары қарама – қарсы таңбамен алмастырылады.
Мысалы, 4,6-(2а-3b+7с)=4,6+(-2а)+3b+(-7с)=4,6-2а+3b-7с.
Қысқаша: 4,6-(2а-3b+7с)= 4,6-2а+3b-7с.
Әріптермен жазсақ: а-(b-с+d)=а-b+с—d.
Ұқсас қосылғыштарды біріктіру үшін олардың коэффициенттерін қосып, алынған нәтижені ортақ әріп бөлікке көбейту керек.
Мысалы, 2,5х-3у+1,2z+7х-5z+1,8у=(2,5+7)х+(-3+1,8)у+(1,2-5)z=
=9,5х-1,2у-3,8z.
- Дамыту кезеңі
Есептер шығару (оқулықпен жұмыс)
№761 — ауызша
№762 1 қатарға – 1,2,3
2 қатарға – 4,5,6
3 қатарға – 7,8,9.
№765 – орындарында отырып шығарады.
№766 (1,3,5) – тақтаға шығарылады.
Дарынды оқушыларға №775 есеп.
- Деңгейлік тапсырма «Баспалдақ»
Үшінші баспалдақтың жоғарғы жағына ту ілініп қойылады. Қай оқушы қатесіз, әрі бұрын тапсырманы орындап болса, сол оқушы білім көкжиегіне шығады.
- Бекіту сұрақтары:
1) Жақша алдында «+» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
2) Жақша алдында «-» таңбасы болса, жақша қалай ашылады?
3) Қандай қосылғыштар ұқсас қосылғыштар деп аталады?
4) Ұқсас қосылғыштар қалай біріктіріледі?
- Қорытындылау.
- Үйге тапсырма: &23, №766,776
- Бағалау.