Басы » Кембридж бағдарламасы » Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық

Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық

Коучинг тақырыбы: «Мұғалім мансабы: кәсібилік және көшбасшылық»

Дайындаған: Бейсенова М.Б., биология және анатомия    пәнінің

оқытушысы, I (ілгері) деңгей

Кайболдиева Н.Ж., директордың оқу- әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары,

педагогика пәнінің оқытушысы

Маңғыстау гуманитарлық колледжі, Ақтау қаласы

 

 

 «Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі

бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет.

 Ал сондай ұлтты алға жетелейтін білімді,

патриот, еңбекшіл, өз салт-дәстүрін,

мәдениетін, тілін, дінін,

ділін құрметтейтін азамат

  нағыз көшбасшы

болуға лайық»

Н.Ә.Назарбаев

 

Мақсаты: Оқуға бағытталған көшбасшылық пен басқару идеясы туралы мұғалімдердің көзқарастарын қалыптастырып, түсініктерін кеңейту, мұғалімдердің тәжірибесіндегі  мұғалім көшбасшылығы ұғымының  маңыздылығын ашу; көшбасшылық қызметіндегі кедергілерді жою жолдарын анықтау; кәсіби ақпаратпен алмасуларды жүзеге асыру.

Оқыту нәтижелері: Тoптaca жұмыc aтқaрa oтырып,  мұғалімдер әріптестері арасында  педагогтың ең маңызды кәсіби қасиетінің бірі – көшбасшылық ұғымы  жөнінде    ақпаратпен алмасып, оқытушы  көшбacшылығы турaлы түciнiк қaлыптacып,  өз тәжірибелерімен бөліседі.

Топқа бөлу:  Әр түрлі жемістер арқылы топқа бөлу

Топ ережесі: Уақытты тиімді пайдалану, тыныштық сақтау, сөзді бөлмеу, кезектесіп сөйлеу, әр топ  өзінің топ басшысын сайлау.

Тaпcырмaлaрдың түрлeрi: Тaпcырмaны oрындaу бaрыcындa қoлдaнылaтын тәciлдeр (пocтeр жacaу, пiкiрлecу, oй бөлicу)

Жүрісі:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Сергіту сәті. «Қызыл өрік» биі   (топқа бөліп отырғызу)

 

 

III. «Құмырсқаның әрекеті» туралы бейнебаян көрсету 

Бейнебаянда сіздер нeні бaйқaдыңыздaр?  т.б. (Әр тoп өз oйын oртaғa caлaды)

Бейнебаянда тамашалағаныңыздай бүгінгі коучингте қандай тақырып қарастырылады  деп ойлайсыздар?

Топқа бөліну бойынша тақырыптың маңызын ашу (постер қорғау)

Құрметті әріптестер,  міне біз бүгінгі тақырыбымызды тереңірек талдау үшін сіздерге арнайы сауалдар беріп, топтық жұмыс арқылы бірге талқылайтын боламыз. Енді әр топтың басшылары  ортаға келіп сұрақтарды таңдап,  алуыңызды сұраймыз. Осы сұрақтарды топта талқылап, постер дайындап, ортаға келіп қорғауыңыз қажет.

Сұрақтар:

1.Көшбасшы деген кім?

2.Көшбасшы болу үшін  қандай қасиеттерге ие болуы керек?

 

3.Көшбасшылық: бұл қасиет мұғалімге қаншалықты қажет және маңызы қандай?

4.Ең алдымен көшбасшының тұлғалық қасиетін, содан соң  оқытушының кәсіби қасиеттерін ретпенен жазыңыз?

5.Өзіңізді ұжымыңызда көшбасшымын  деп сезінесіз бе?

6.Егер сіз көшбасшы оқытушы  болсаңыз мұғалім мансабын қалай көтерер едіңіз?

7.Мұғалім  ұжымындағы көшбасшылық іс-әрекетінде кездесетін қандай кедергілер бар?

8.Педагогтың ең маңызды кәсіби қасиетінің бірі – көшбасшылық қабілетінде дегенді қалай түсінесіздер?

9.Оқу-тәрбие үдерісін жақсарту мақсатында сіздің көшбасшы ретінде ұсынысыңыз?…

10.Көшбасшы ретінде мұғалімнің мәртебесін  көтеру үшін не істер едіңіз?…

11.Көшбасшы оқытушыға ұжым тарапынан  қолдау қажет  деген  пікірге қалай қарайсыз?

12.Көшбасшы оқытушыға өз тарапыңыздан қандай көмек көрсетер  едіңіз?

koush'

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Түйін. Көшбасшы ұғымына анықтама беру (презентация слайд)

Құрметті әріптестер енді көшбасшы ұғымы бойынша сіздің пікірлеріңізді жинақтап түйін жасайық.  Сонымен көшбасшы — оқытушы  дегеніміз кім?

Көшбасшы (ағылшынша leader – басқарушы  деген мағына  білдіреді) — нақты формальды  және формальды емес ұйымдағы  бір адамның басқа адамға  немесе топқа  әсер ету  арқылы  басқарудың  көрінісі.

Көшбасшы жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне білетін, ауыртпалыққа төзе білетін тұлға.

Көшбасшы оқытушы — бұл идеялар генераторы, нағыз шебер, ол өзінің әріптестерін белсенділікпен жұмыс істеуге тарта біледі, сендіре біледі.

Көшбасшы өзінің жаңа идеясымен, алға қойған мақсат мүддесімен ерекшеленеді. Көшбасшылық адам бойында кездесетін ерекше қасиеттердің бірі. Бұл қасиет адам бойында біркелкі қалыптаспайды, себебі  әр тұлғаның өзіне тән даму ерекшеліктері бар.

Біздің Ғасырымыз жаңа технологиялардың дәуірі болуымен қатар, өзін-өзі тану мен бойындағы қасиеттерді дамыту Ғасыры болып табылады. Заманымыз секунд сайын өзгеріп отырғандықтан,  жемісті әрі бақытты өмір сүру үшін адам баласы өмір бойы түрлі дағдыларды үйреніп, заман талабына сай көшбасшы болуға ұмтылуы қажет.        Көшбасшылық – бұл талант. Оны дамытпасаң ол өшеді.

Көшбасшы оқытушыны қызмет орнына ресми түрде ешкім ұсынбайды. Ол басшылық позицияны топтың ашық немесе жабық келісімімен атқарады.

Көшбасшылық — бұл адамдарды жинап алға қойылған мақсатқа бағыттау.

Көшбасшы оқытушы  мен Басшы мағынасы бір емес.

Басшы – бұл  жұмысты беруші және сол жұмыстарға жауап беруші. Жақсы басшы  орындалған жұмысты реттеп қабылдап отырады.

Ал,  Көшбасшы оқытушы  адамдарды жандандырады, мақсатқа жетуде  болашақты көру қасиеті арқылы  адамдарды ортақ мақсатқа бағыттайды. Көшбасшы оқытушы болу үшін  сізге  өзіңіздің дамуыңызға, жұмыстағы құлшысыңызға көп көңіл бөлу керек.

Көшбасшы оқытушының кодексі

  • Өзіңнен жоғарыдағыларға қарапайым бол, бірақ өзіңді төмендетпе.
  • Өзіңмен теңдестерге қысқа, бірақ сыйластықта бол.
  • Өзіңнен төмендерге мейірімділік танытып, достық қарым- қатынаста бол.

Көшбасшының бойында көп қасиет бар десек те, ішінен ең негізгісін атап көрсетуге болады. Олар – табандылық, тәуекелге бару, ақыл, жылдамдық  және мінезі жақсы болуы тиіс.

Көшбасшының  оқытушының бойынан табылатын қасиеттер:

  1. Салмақтылық. Өзін ұстай алмайтын, тез ашуланатын көшбасшы соңынан ергендерді тығырыққа тіреуі мүмкін. Сондықтан ол әрдайым сабырлы болуы тиіс.
  2. Өзін көрсете білу. Алдына қойған мақсатына жетуге деген құштарлық. Ол алдына үлкен мақсаттар қойып, оған жетіп, өзгелерге үлгі бола білуі керек. Мысалы, мұғалім берген тапсырманы өзгелерден бұрын әрі дұрыс орындау.
  3. 3. Дұрыс шешім қабылдау. Ол ситуацияға жылдам баға беріп, қиын мәселенің шешімін дұрыс табады. Өзін де, сыныбын да табысқа жеткізетін мүмкіндіктерді қалт жібермейді.
  4. Ынта. Көшбасшы барлық іске ынталы келеді. Ол өзінің мінезімен өзгелерге үлгі бола алады.
  5. Табандылық. Көшбасшы үнемі қозғалыста болып, сұрақтың мәнін түсінеді. Сұрағына жауап алмайынша тынбайды. Ойға алған жоспарларын міндетті түрде жүзеге асырады.
  6. Өзіне деген сенімділік. Көшбасшы жүрегі мен ақылын қатар тыңдап, аяғында нық тұрады. Мұнымен қатар эмоционалдық тұрақтылығы бар.
  7. Психологиялық дайындық. Өзінің қасындағы әрбір адамның пікірімен санасады. Өзгелерді тыңдау арқылы жаңа ақпараттар жинайды. Мәселелерді ортаға салып талқылайды.
  8. Шынайы көзқарас. Оптимистер үнемі алға тартып, армандап жүрсе, пессимистер кейін жүреді. Ал реалистер барлығына дұрыс баға береді.
  9. Білімге деген құштарлық. Өз бетінше ізденіп, жаңа технологияларды толығымен меңгереді, басқаруда өзінің білімділігін пайдаланады.
  10. Әділеттілік. Әділетті болған жағдайда ғана өзгелердің сеніміне ие бола алады.
  11. Байсалды. Қандай жағдай болмасын байсалды. Ашу мен күлкінің тек уақытша эмоциялар екенін жақсы біледі.
  12. Мінсіздікке ұмтылу. Барлық жерде үздік болуға тырысады. Бір орында тұрмай, өз бетінше дамумен болады.
  13. Өзгеше ойлау. Ойын да, жоспарларын да ситуацияға сәйкес өзгертіп, жаңашылдықты тез қабылдайды. Барлығының да ерекше болғанын қалайды.

Джон Максвеллдің «Көшбасшының 21 міндетті қасиеті»  (үлестірмелі материалдар)

 

  1. Рөлдiк oйын. «Жағдаяттарға байланысты мен көшбасшы бола аламын ба?»

Әр тoп өзiнe бeрiлгeн тaпcырмaдaғы көшбacшының рөлiн coмдaу кeрeк.  Яғни, әр топ  жағдаятты көрініс ретінде қойып, мәселелерді шешу қажет.

  • Сіздің ұжымдағы әріптестеріңіздің арасында ауызбіршілік жоқ. Осы жағдайды қалпына келтіру үшін көшбасшы ретінде сіз не істер едіңіз?…
  • Ұжым мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін көшбасшы ретінде не істер едіңіз?…
  • Әріптестеріңізбен демалысқа шығып, қайықпен серуендеген кезде қайықтың ішіне су кіріп жатқанын көрдіңіз көшбасшы ретінде не істер едіңіз?…
  • Сіздің тобыңыздың студенттері Әсетті группаласы ретінде қабылдамай жүр. Сіздің көшбасшы оқытушы ретінде не істер едіңіз?…

VIII. Рeфлeкcия – кері байланыс.                           

1.Бүгiнгi кoучинг cізге ұнaды мa, ұнаса қандай жаңалығымен?
3.Коучинг өткізу барысында сізде жаңа ойлар пайда болды ма?
4.Коучингтің өткізілуіне  тілегіңіз? (2 жұлдыз, бiр тiлeк)

Пайдаланған әдебиеттер және сілтемелер:

1.Коуч мұғалімінің жұмыс кітабы, Орақова А.Ш..Корнилова Т.Б.,Жартынова Ж.А. ,2014

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық,  2012

  1. http://ustaz.kz/
  2. trener.orleuzko.kz
  3. spm.kz

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *