Басы » Бастауыш сыныптар » Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

Б.Соқпақбаев «Менің атым Қожа»

№139 Ахмет Байтұрсынов атындағы

мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі

Алматы қаласы

Сабақтың тақырыбы: Б.Соқпақбаев   «Менің атым Қожа»

Сабақтың мақсаты: Б.Соқпақбаевтың шығармашылығымен таныстыру:

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже: Мәтін мазмұны мен идеясы арқылы баланың шындыққа көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік беру;Сыни ойлау дағдысын дамыту.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: Мәтін мазмұны  бойынша талдау арқылы шығармашылық  қабілеттерін ұштау;

Тұлғалық нәтиже:

1.Мәтіннің көңіл-күйін, автордың көзқарасын танып білу қабілеттерін жетілдіру;

  1. Көркем сөйлеу тілін, ойын, шығармашылық қиялын ұштай түсу;

3.Қоршаған ортасына мейірімділікпен қарауға тәрбиелеу;

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, әңгімелеу, түсіндіру; Сабақтың құрал-жабдықтары: «Менің атым Қожа» фильмінен үзінділер,мәтін желісі бойынша салынған суреттер, автордың суреті.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды тынышталдырып, зейіндерін сабаққа аудару

Сабаққа дайындықтарын тексеру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

1) Үй жұмысының жоспар бойынша мазмұнын айтқызу

2) Ә.Марғұлан туралы мәліметті сұрау

3) «Менің кітапханам», «Біздің сыныптағы кітапқұмар бала» деген тақырыптардың біріне шағын шығарма жазуды тапсырғанмын, оқытамын.

ІІІ.Жаңа сабақты меңгерту

1.Қызығушылықты ояту

-Келесі атпада мектебімізге шетелдік қонақтар келмекші. Оларға өзіміздің , көшелерімізді оқып жүрген мектебіміз, тағы басқа көркем жерлерімізді көрсетіп шығуымыз керек.

-Сендер қандай шет тілдерін білесіңдер?

«Таныстыр» атты ойынды ойнап көрелік.Тақтаға бір оқушы қазақстандық болып, екіншісі  шетел азаматы болып, берілген нұсқаулық бойынша диалог құрап көрелік.

-Диалог дегеніміз не? (екі немесе бірнеше адамның сөйлесуі)

-Бүгін біз диалог арқылы сөйлессек, бүгінгі басты кейіпкеріміз  бізге қарсы шығып,монолог арқылы сөйлесем дейді.

-Ал, қане тыңдап көреміз бе?

2.Мағынаны тану

1) Монолог деген не? Оқушыға ережені оқыту

(Бір адамның өзіне-өзі немесе тыңдаушыларға арнап сөйлеуі)Мұнда кітаптағы түсініктемені оқу

2) Мәтін тақырыбымен таныстыру.

Автор туралы мәліметті экранннан тыңдату

3) Мәтінді оқыту Мәтінді өзім бастап оқып, жалғасын оқушыларға оқытамын.

Қожаның монологын фильмнен үзіндісін көре отырып жалғастырамын.

Сөздік жұмыс

Қаулы-жиналыстың шешімі

4) Сергіту жаттығуы

5)  Сандықтың тапсырмасы.Әр топ сандықтан тапсырма алады.

Мәтін бойынша төрт топ төрт қаулыны оқып  айтып береді.

6) «Адасқан оқиғалар» тапсырмасы бойынша әр топ мәтіннің адасқан бөліктерін құрастырады.Мен мәтіннің құралуын оқулықпен салыстырамын.

7)  «Бұл қай сәт»

Әр топқа суреттер таратып беремін.Топ мүшелері ақылдасып, қай сәт екенін анықтап айтып береді.Суретті тақтаға апарып іледі.

8)  Фильмге шолу “Бұл кім”

Мәтін мен фильмді қаншалықты меңгергендігімізді тексеру үшін менің сұрақтарыма жауап беріп көрелік.

А) Біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу, сабақ үстінде сыбырлап – сыпсыңдағыш кім?
ә) Мен оқулық емес, қант аламын. Сіздің не шаруаңыз бар, қоя беріңіз.
б) “Шыбыным,әйтеуір ешкімге  тимей,ұрынбай,жайыңа жүр.  Сенің тентектігіңді менен басқа ешкім де көтермейді.Біреудің ала жібін аттаушы болма.”
в) Мен сенің әкеңе қарыздар адаммын. Менің мойнымда оның тиыны емес, теңге емес, бақандай бір қарасы жүр.

Г) “Сен оқуды тастасаң, маған ілесіп тастады деп екеуімізді бірдей қудалап пәле қылады. Оқи бер. Оқудың түбіне сен-ақ жет. Мүмкін кейін дырдай бастықтың бірі болып шығарсың.Сонда маған шапағатың тиер.”
ғ)    “Есікті аша бергенімде,тынысым мүлде бітіп,жүрегімнің соғуы тоқтап қалғандай болды.Сол кездегі келбетім көлденең көзге тірі аруақ тәрізді қыбырлаған бірдеңеге ұқсар деймін.”

9) Дәптермен жұмыс

«Қожаны  қорғау» сөзін  жаздыру

Қожаның жағымды, жағымсыз қасиеттерін жазу

3.Ойтолғаныс

Қожаның әдепті жолға түсуіне не себеп болды?

ІҮ.Сабақты қорытындылау

Экраннан қорытынды ойды тыңдау

Ү.Үйге тапсырма беру

Мәтінді оқу, мазмұндау.

ҮІ.Бағалау

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *