№39 «Қызылөзек» орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Коучинг жоспары:
Мерзімі | 17.09.2014 ж. |
Коуч | Тұрғанбаева Дина Әбсадыққызы |
Өткізілу уақыты | 60 минут |
Тақырыбы | Диалогтік оқыту дегеніміз не? |
Мақсаты | Диалогтің маңызын ашу, сабақ үдерісіндегі диалогтік оқытудың маңызын ажырату. Сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. « Мұғалім- оқушы», «Оқушы- оқушы» диалогындағы іс -қимылдарды жетілдіру. |
Түйінді идеялар | Тәлім алушылар диалогтық әңгіменің үш түрімен танысады. Оқу үдерісінде диалогтық оқытуды қолданудың маңызын түсінеді. Сұрақтарды нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады. |
Қолданылатын ресурстар | Видео «Екі тотықұстың сөйлесуі», «Егіздер диалогі», «Вот что значить лидер в команде», Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, қосымша материалдар, үлестірме материалдар. |
Нәтиже (мұғалім іс-әрекеті) | Мұғалімдер жаңа- әдіс тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді. |
Коучинг барысы | 1.Ұйымдастыру.
Мұғалімдерді ұстаным, көзқарас, шешім, іс- әрекет сөздеріне қарай топқа бөлу.
3.Бейнежазба көрсету. «Тотықұстардың диалогы» Диалогтік оқытуға байланысты слайд көрсету, түсіндіру.
4.Постер жасау. Тақырыбы: 1 топ: «Зерттеушілік әңгіме» 2 топ: «Әңгіме- дебат»3 топ: «Кумулятивтік әңгіме» 4 топ: Тәуелсіз сарапшылар тобы: құрылымдалған бақылау және құрылымдалмаған бақылау жүргізеді.
5.Постерді қорғау. Топ өзара бірін — бірі бағалайды. Тәуелсіз сарапшылар пікірін тыңдау.
6.Ойын ойнау: «Ұшақ жасау»,жіңішке, жуансұрақтар жазады, жауап алады.
-Бұл әңгімелесудің қай түріне жатады? -Олар қиындықты қалай жеңді?
8.Рефлексия. Кері байланыс парақтарын толтырады.
|