Некрасов атындағы №9
Мектеп- гимназия
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні
Мұғалімі Қалкөзова Айгул Оспанқызы
Түркістан қаласы
Апта | Күні | Сабақ: қазақ тілі |
Сабақ тақырыбы
|
Сын есімнің шырайлары Салыстырмалы шырай | |
Жалпы мақсаты
|
Шырайдың жасалу жолын түсіндіру ,салыстырмалы шырай тек сапалық сын есімдерден жасалатындығын , әр кез бір дәрежеде бола бермейтінін түсіндіру.Сапалық сынның белгілері бірде тым басым артық болса бірде бәсең болуы мүмкін екендігін айту. Сын есімнің шырайы салыстырмалы шырай туралы білімдерін өмірде қолдана білуге , білік дағдыларын қалыптастыру. | |
Күтілетін нәтижелер
|
1.Сын есімнің шырайларын , жасалу жолын біледі
2.Тапсырмалар орындауда олардың түрлерін ажырата біледі 3.Өмірде шығарма ,эссе жазуда қолдана алады. |
|
Сабақ түрі
|
Дәстүрден тыс, топтық жұмыс, жеке жұмыс.Пікірталас,түртіп алу,5 жолды өлең | |
Тапсырмалар | Топтастыру, өмірмен байланыстыру, мысалдар келтіру. | |
Керекті жабдықтар | Смайликтер, суреттер, кеспе қағаздар, интерактивті тақта |
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе
Жаңа сабақ
|
Стикерге жазылған сөздер арқылы төрт топқа бөлінеді
Психологиялық тренинг шаттық шеңберін құру бір-біріне сын есімді қатыстырып, жақсы тілектер айту Үй тапсырмасын сұрау
2.мысалдарды дұрыс келтіре білу, шатаспау 3.Сын есімнің шырайын білу Салыстырмалы шырайды түсіндіру 4.Өмірмен байланыстыра білу
|
Балалар 4 топқа бөлінеді
Тренингке қатысады Оқушылар өткен тақырып бойынша бір-бірлеп сұраққа жауап береді.
|
Тұсаукесер
|
Берілген сын есімдерден салыстырмалы шырайға сөйлем құрату
Шырайдың жасалуын сұрау.Түрлерін ажырату. Мысалдар келтірту
|
Назар аударады Сөйлемдерді оқып, ойланады. Мағынасын түсінеді. (сөздерді оқып салыстырма лы шырай жасайды)
Шырайдың жасалуына назар аударады Айырмашылығына назар аударады Шырайдың жасалуының екі түрлі ерекшелігі бар 1-сі сын есімнің шырайлары сапалық сын есімдерден жасалады. Қатыстық сын есімдерде ондай қасиет болмайтындығын айтады |
Негізгі
Бөлім
|
Топтық тапсырма беріледі.
Слайдта тапсырма слайдта берілген суреттерге қарап ,сөйлем құрату.Жұмыстарын тексеру. Сөйлемдерін талдау. Оқулықпен жұмыс 68-жаттығулар орындауды ұсындым. Оқушы ойларын тыңдадым. Жазба жұмыстарын тексердім. Дарынды оқушымен жұмыс Бірнеше сын есімдерді теріп ,олардың сапалық белгілерін көрсететін сөйлем құрап жаз. Мысалдар келтір. Оқушы жұмыстарын тыңдау. Салыстыру. Бағалау. С деңгейіндегі оқушылармен жұмыс Адасқан жұрнақтар ойынын ойнау,оларға сөйлем құрап айту КЕРІ БАЙЛАНЫС Сын есім тақырыбына оқушыларға постер қорғату |
Топпен жұмыстанады. Балалар сөздерді түрлендіріп жазады.
Оқиды.Шырай түрін ажыратады. Салыстырмалы шырай,күшейтпелі шырай
68-жаттығуды жазбаша орындайды.Мәтіннен салыстырмалы шырайды тауып,жұрнақтарды бөлек жазады. 4 оқушы тақтаға шығып сөйлемді көшіріп жазады , оқиды, түсіндіреді. Оқушы ойланады.Ізденеді. Есіне түсіреді. Жазады. Бір-бірімен салыстырады. Дәлелдейді.
Мысалдар келтіреді,түсіндіреді Оқушылар төрт топ болып постер қорғайды.сын есімнің жасалу жолын ,шырай түрлерін ,жалпы түсінгендерін айтады, дәлелдейді. |
Қорытынды
Бағалау
|
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңнен эссе жазыңдар.
Балаларды өздерін- өздері бағалау ұсынылады,қаншалықты шынайы бағалайтындарын сырттай бақылайды Үйге тапсырма бет, 69-жаттығу
|
Балалар сабақта алған әсерлерінен эссе жазады .
Оқушылар өздерін бағалайды. Себебін түсіндірді.
Балалар күнделіктерін ашып үй тапсырмаларын жазып алды.
|