Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті
Б. К. Мергенбаев атындағы №226 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі
Имбетова Айжамал Құдайбергенқызы
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Дарындылар додасы»
Мақсаты:оқушылардың ой-өрісін тереңдете отырып, білім-білік дағдыларын қалыптастыру.Логикалық ойлау , пәнге деген қызығушылықтарын арттыру,зеректігін қалыптастыру
Құрал-жабдығы: интерактивті тақта,1-дәрежелі медаль, жетондар, сыйлықтар
Көрнекілігі: түрлі-түсті медальондар
Түрі: интеллектуалды сайыс
Жұмыс барысы:
І Кіріспе бөлімі:
Мұғалім: Өмір деген көк мұхиттың толқыны
Бір-бірімен жатқан шулап , жалғасып
Бір-бірімен жатқан тулап арбасып
О, толқындар , арпалысып , алға шық
Өмір деген мәңгі гүл деп жататын
Құштарлықтың толғағы мен толқыны-деп А.Айбергенов ағамыз айтқандай өмірдің өзі сайыс , өмірдің өзі ойын .
Олай болса ойнымызды бастайық:
Шақырамыз , келіңдер , жарысуға
Күш , өнер , білімменен алысуға.
Бар өнерді салайық ортамызға
Қанекей , кім шығады, сайысуға?
Сайыскерлер ортаға шығады.
Әділқазы алқасына сәлем
Әділқазы , ақ қазыға бір сәлем
Әділдікке бас иеді күллі әлем
Жүйрік озар сайыстарда неше бір.
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!
ІІ Негізгі бөлімі:
Ойнымыз 4 турдан тұрады:
І тур Іріктеу туры «Кім білімді ?» 12 оқушының білімі сарапқа салынады
ІІтур «Бес саусақ» «Кім жылдам?»5 оқушы
ІІІтур «Ғажайып үштік» «Кім күшті?» 3 оқушы
ІҮтур «Талантыңмен таныл» « Кім жеңімпаз?» 2 оқушы
Түзу жолмен жүрейін,
Тізбектерді көрейін.
Білімге біз сенейік.
Кедергіні жеңейік!
І Іріктеу туры Кім білімді?
матем | 10
сұры |
40
қызыл |
10
жасыл |
10
сары |
40
ақ |
30
көк |
20
қара |
20
көгілдір |
10
Қанық жасыл |
30
Қыз ғыш |
20қанық
сары |
40күлгін |
Ана тілі | 10
қызғыш |
20
сұры |
20
қызыл |
40
жасыл |
40
сары |
30
Қанық жасыл |
10
ақ |
30
қара |
20
көк |
40
Қанық сары |
30
күлгін |
40
көгілдір |
дүние | 10
көгілдір |
20
қызғыш |
40
қара |
30
қызыл |
20
сары |
30
жасыл |
30
сұры |
20
ақ |
10
күлгін |
40
Қанық жасыл |
10
көк |
30
Қанық сары |
Қазақ тілі | 30
сары |
10
қызыл |
20
күлгін |
10
қара |
20
жасыл |
40
көк |
10
Қанық сары |
40
сұры |
30
ақ |
30
көгілдір |
40
қызғыш |
20
Қанық жасыл |
Осы кесте бойынша оқушылар өз қалауынша түстерді таңдай отырып , сұраққа дұрыс жауап берсе , сол түс пен сол ұпайға ие болады
Математика——12сұрақ
Ана тілі—-12 сұрақ
Дүниетану—12 сұрақ
Қазақ тілі—12 сұрақ
ІІ тур « Бес саусақ» Күм жылдам?
Ең көп ұпай жинаған —Бас бармақ —-50ұпай
2-шісі—Балан үйрек —50ұпай
3-шісі —ортаңғы терек —50ұпай
4-шісі—Шілдір шүмек —-50ұпай
5-шісі—Кішкентай бөбек —50ұпай
Барлықтарың бірігіп , алдарыңдағы тапсырмаларды орындап, келесі турға жеңіспен жетуге тілектеспін
Бас бармақ Бұл кім? (слайдта адам портреті жасырылады, бала аты-жөнін табу қажет)
Балан үйрек Қазақтың қара есебі ( ауылдас біреу мынадай әңгімесін айтады:түн ортасында бір атты адам үй тұсына келіп,кім бар –ау , құдайы қонақпыз –деді. Нешеусің деп едім, Ушеуміз деді. Үшеу болсаң басқа үйге барып қон-дедім. Кетіп қалды. Ертеңіне білдім, ит ерткен бір –ак адам екен . Сұрақ: Үшеуміз дегені несі?)
Ортаңғы терек Өлеңнің мәтінін толықтыр
Сурет өлеңі
Суретін салдым аспанның
Суретін салдым құстардың
Суретін салдым ананың…………………………
Шілдір шүмек Ребус
Қазақша киінген адам суреті, ұстаз суреті , нан суреті
Кішкентай бөбек Бұл не?
Сиқырлы жіңішкелік белгісі
1вальс 1лагерь
2 альбом 2 рояль
3 фильм 3 циркуль т с с
(3 оқушы қалады)
Күшті болсаң –арттағыны жеткізбе
Күшті болсаң- шоқалаққа сүрінбе
Күшті болсаң- тайғанама көк мұзға
Күшті болсаң- бөгеттерді бұзып өт
Күшті болсаң –заманыңды көктеп өт –деп келесі турға аяқ басайық
ІІІ тур Ғажайып үштік Кім күшті?
(тез сұраққа тез жауап)
1 ҚР-ның ханымы
2 33-ті 3 рет қос
3 ҮІІ Азиада ойыны қайда өтті?
4 Қай кезде сағат екіні көріп тұрып, 14 дейміз?
5 Жүзім, алма қайда өседі?
6 Кереге ненің бөлігі?
7 Каспийдің тірі алтыны?
8 Қылқаламмен жұмыс істейтін адам?
9 Бес қару?
10 Күн мен түннің теңелетін күні? Осылайша тағы 20 сұрақ беріледі
Осы турдан кейін 2 оқушы қалады
Ойла –ойла тереңнен
Жақсы емес көп білген
Заңдылықты білмесең
Өте алмайсың көпірден –деп соңғы ойнымызға келейік
ІҮ тур Талантыңмен таныл Кім жеңімпаз?
Бұл сайыста оқушының шешендік қабілеттері анықталады
Дұрыс жауап—-30ұпай
Билердің , шешендердің сөздері ( слайдта көрсетіледі)
ІІІ Қорытынды бөлімі:
Жарыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер бір өнерді аяп қалды.
Әділқазы сіздерге сөз береміз
Жеңімпаздар кім болып сарапталды?
Әділқазы алқасына сөз беріледі
( барлық сайыскерлер ортаға шығады)
ІІІорын—
ІІорын—
Іорын—
Медальон « Дарындылар додасының жеңімпазы»