Басы » Бастауыш сыныптар » Төрт тентек

Төрт тентек

Сүндетбаева Гүлден Бисенбекқызы

Ақтөбе облысы Шалқар қаласы

№8 жалпы орта білім беретін мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Пәні:  Әдебиеттік оқу    4 сынып

 Сабақтың тақырыбы:     «Төрт тентек»

Сабақтың мақсаты:

1 .Білімділігі: Мөңке би және басқа билер туралы түсінік беру.  Мөңке би және оның өмірі туралы,

шешендік өнері, тапқырлығы туралы мағлұматтар беру.

2 .Дамытушылығы:  Сын тұрғысынан ойлау арқылы сөйлеу тілдерін дамыту. Көркем мәтінмен жұмыс     істей алу дағдыларын  жетілдіру.

3 Тәрбиелігі: Тарихта болған тұлғаларға тағзым жасауға, оларды естен шығармауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Сұрақ – жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, талдау-жинақтау, пікірталас.

Көрнекілігі: Слайд, суреттер, кеспе қағаздар т.б.  Мөңке бидің  портреті  (Мөңке бидің  өмірбаяны, шығармашылығы)

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І     Ұйымдастыру кезеңі

  1. Сәлемдесу
  2. Қ.Р.Мемлекеттік Әнұранын орындау
  3. Оқушыларды тексеру. Жұмыстың жүргізілуіне қарай балаларды ауыз әдебиеті түрлеріне бөліп, топтастырып отырғызу. ( І топ: «Батырлар жыры»  ІІ топ: «Шешендік сөздер»     ІІІ топ:  «Аңыз әңгімелер»)
  4. Оқушылардың назарын, көңілін, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
  5. Ойға шақыру. Психологиялық даярлық жүргізу)

Психологиялық даярлықта  «Ат-ердің қанаты»деген сөзді басты назарға ала отырып және ауыз әдебиетінің қай түрінде болмасын жылқы малы кездесетіндіктен балалар жұмсақ ойыншық құлынды бір – біріне беру арқылы жылқыға қатысты тілектер айтады. Мысалы: Жылқыдай жүйрік бол; Құлындай сүйкімді бол; Бәйгеде жеңімпаз атан т.б.

 

      ІІ. Өткен сабақты еске түсіру./ Жалпылау:

  1. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау. ( «Тоқсан жастағы тарлан» мәтіні. Кенен Әзірбаев туралы). Оқушыларды топ бойынша бағалау. Тақтаға плакат ілінеді. ( Үй тапсырмасын және жаңа сабақты бағалау)

 

 

Тотардың  атауы «Нар түйеден жүк қалмас» үй тап.маз/у «Сан сұрақ сыры» үй тап. бекіту. Топтар бір – біріне сұрақ қояды. «Бәрің бірге ойлап көр» жаңа сабақ б/ша тақ. маз/у. «Тобықтай түйін» жаңа сабақты бекіту.
І топ: «Батырлар жыры»
ІІ топ: «Шешендік сөздер»
ІІІ топ:  «Аңыз әңгімелер» 

 

Үй тапсырмасын бекітудегі топтардың  бір – біріне қойған сұрақтары:

1 топ 2 топқа: Сонымен, Кенен Әзірбаев кім?

2 топ 3 топқа: Кенен ақынның балалық өмірін жазушы қалай суреттеген?

3 топ 1 топқа: Кенен ақынның балаларға айтқан тілек сөзін жатқа айт.

(Үй тапсырмасын мазмұндау мен бекітуде топтар және жеке оқушылар бағаланады.)

ІІІ. Жаңа сабақ: 

Сабақтың тақырыбы: Төрт тентек

Қазақ халқының арасында  өнер адамдары көп болған. Өнердің түрлері де сан алуан. Кешегі сабағымыз күй өнерін халыққа жеткізген атақты композитор К. Әзірбаев болса, бүгінгі өтетін сабағымыз шешендік өнердің майталманы Мөңке би туралы болмақ.

Дәптермен жұмыс. ( күннің жады, тақырып жазылады.)

 

 

І V. Мағынаны ашу. 

Сөздік қор дәптермен жұмыс. ( қазір мәтінде кездесетін бұрын таныс емес сөздердің мағынасын ашамыз)

Байтал- бір жастан екі жасқа дейінгі жылқы.

Мөңку – аттың секіріп, тулауы.

Құн – кінәлі кісі төлейтін айып (мал)

Билік айту – шешімін табу, кесімін айту.

 

Жаңа сабақты ашпастан бұрын топтарға   ББҮ ( Білемін. Білгім келеді. Үйрендім.)

сызбасы таратылады.

Білемін Білгім келеді Үйрендім

Бұл сызба былай толтырылады. Топтар бірден екі бағанды толтырады. 1-нші бағанға Мөңке би туралы не біледі, 2 – нші бағанға Мөңке би туралы не білгілері келеді соны жазады. 3-нші бағанды жаңа сабақ өтіп болғаннан кейін толтырады.

Топтар  алғашқы екі бағанды толтырады.  Слайд арқылы жаңа сабаққа шолу жасалады.

Мөңке би Тілеуұлы шамамен, 1675 жылы Ақтөбе облысының Шалқар ауданы өңірінде дүниеге келген. Мөңке би Тілеуұлы – белгілі би, жырау, күйші және емші болған. Мөңкенің күйлері: “Өттің, жалған-ай!”, “Шалқыма”, “Қиқу дәурен”, “Жиын, алқа, кеңес”,

Мөңке жайында сөз қозғап, өлең арнағандар:

Нұржан Наушабаев, Балқы Базар, Нұрпейіс Байғанин, т,б.

Мөңке бидің көркем бейнесі Ж. Аймауытовтың “Ақбілек” романы мен “Ел қорғаны”пьесасында, Ә. Кекілбаевтвң “Үркер” романында да көрініс тапты. Мөңке бидің өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы әр жылдары А. Жұбанов, Т. Кәкішев, С. Негимов, Б. Адамбаев, Қ. Сыдиықұлы, М. Тілеужанов, С. Байменше, Б. Омарұлы, Ж. Асанов, К. Төлеубайұлы, М. Құл-Мұхаммед. т.б. ғалымдар ғылыми – зерттеу еңбектерін жазды.

Қара қылды қақ жарған, мың жылдығын болжаған дала кемеңгері Мөңке бидің ұрпақтары Ақтөбе облысының көптеген аудандарында тұрады. Ақтөбе облысының Шалқар ауданындағы Қайыр аулына Мөңке бидің есімі берілген. Республикаға танымал мүсінші Құрақбай Егізбаевтың граниттен ойып жасаған Мөңке би мүсіні Ақтөбе қаласында орнатылған. Әзірге қайтыс болған жылы белгісіз.

  1. Ойтолғау. 

    Ары қарай мәтінді толық оқып шығуға топтарға 3 минут уақыт беріледі. Яғни оқушылар мәтінді

өздері ашады. Уақыт тоқтатылады.

І топ: «Батырлар жыры»  — мәтінді мазмұндайды.

ІІ топ: «Шешендік сөздер» — рольдерге бөліп оқиды.

ІІ топ: «Шешендік сөздер» — мәтінді сахналайды. ( топтар бағаланады)

 

Осы жерде ББҮ сызбасы әр топтан бір оқушыдан оқытылады.

Білемін Білгім келеді Үйрендім
Сөз шебері екенін, Шалқар өңірінде туғанын білеиін. Қай жылы қайтыс болғанын білгім келеді. Емші болып қария мен қызды айықпас дерттен құтқарғанын

 

VІ. Сабақты қорытындылау:

«Толықтыр»  ойыны:

Бірінші тентек————————

Екінші тентек————————-

Үшінші тентек————————

Төртінші тентек————————

 

Бүгін сабақта кім туралы оқып білдік?

Мөңке балаға мінездеме бер.

Бүгінгі сабақтан қандай тәлім – тәрбие алдың деп ойлайсың?

VІІ. Үй тапсырмасы:  53-54 бет. Мәтінді түсініп оқып, қосымша мәліметтер әкелу.

VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды  топпен мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *