Басы » Физика » Жылулық құбылыстар (Презентация)

Жылулық құбылыстар (Презентация)

fffМаңғыстау облысы.

Жаңаөзен қаласы.

№21 орта мектептің

Физика пәнінің мұғалімі.

Исабекова Бибинур

 

Сабақтың тақырыбы:  «Жылу құбылыстары» тарауын қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың «Жылулық құбылыстар» тақырыбындағы алған білімдерін табиғаттағы жылулық құбылыстардың құпиясы мен сырын аша білуге үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың іскерлік, ептілік, қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді дарыта отырып, достық қарым-қатынастарын дамыта отырып, оларды шыншылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қайталау – пысықтау сабағы

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, үлестірме материалдар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен амандасу.
  2. Оқушыларды түгендеу.
  3. Оқушыларды сабаққа дайындау.

Класта үш қатар болғандықтан класты 3топқа бөлеміз және оларды «Жылуөткізгіштік», «Конвекция» және «Сәуле шығару» деп атаймыз

ІІ. «Кім жылдам»  3топқа сұрақтар беріледі. Дұрыс жауапқа 1 жұлдызшадан беріледі.

І топ сұрақтары

  1. Судың қайнау температурасы? (1000С)
  2. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері? (Жұмыс, жылу беру)
  3. Жылу берілу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы? (Жылу мөлшері)
  4. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі? (Джоуль)
  5. Кішкене кесек мысты балғамен өңдеген кезде мыс қызады. Бұл ішкі энергияның қандай тәсілі? (Мехникалық жұмыс)
  6. Суйықтың немесе газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасы процесі қалай аталады? (конвекция)
  7. Тамақ пісіріп жатқан кездегі ас бөлмесінің  жоғары бөлігі  төменгі жағына  қарағанда әлдеқайда  жылы болады, неліктен?   (Себебі,  жылы  ауа  салқын  ауаға  қарағанда  жеңіл  болады да салқын ауамен  араласа  отырып жоғары  қарай қозғалады, конвекция  құбылысы  деген осы,  желдеткішті бөлме терезелерінің жоғары жағынан  ашатыны  да  осыған  байланысты)

ІІ топ сұрақтары

  1. Денені құрайтын бөлшектердің қозғалыс энергиясы мен олардың өзара әсерлесу энергиясы? (ішкі энергия)
  2. Жылу берілудің неше түрі бар? (жылуөткізгіштік, конвекция, сәулелену)
  3. Молекулалардың ретсіз жылулық қозғалыс салдарынан жылу берілу процесі қалай аталады? (жылуөткізгіштік)
  4. Молекулалардың ретсіз қозғалысы дегеніміз не? (жылулық қозғалыс)
  5. Дені сау адам денесінің абсолют температурасы неге тең? (370С)
  6. Заттың меншікті жылусыйымдылығының өлшем бірлігі? (1Дж/кг*0С)
  7. Шайға шекер салғанда  қандай  физикалық  құбылыс  болады?  (Шайға  шекер салғанда, диффузия  құбылысы  болады, яғни шекер молекулалары  су  молекулаларымен  араласып кетеді, балқу  құбылысы  болады: шекердің кристалдары шайда  еріп кетеді.)

ІІІ топ сұрақтары

  1. Бір зат молекулаларының басқа бір зат молекулаларына ену құбылысы дегеніміз не? (диффузия)
  2. Дененің температурасын өлшейтін құрал? (термометр)
  3. Электромагниттік толқындар көмегімен бір денеден екінші денеге энергияның берілу процесі қалай аталады? (сәуле шығару)
  4. Шайнекті ыстық пешке қойғанда, су молекуларының кинетикалық энергиясы артады, яғни су ысиды. Бұл ішкі энергияны өзгертудің қандай тәсілі? (жылу берілу)
  5. Массаның өлшем бірлігі… (килограмм)
  6. Энергияның неше түрі бар? (2, потенциялдық, кинетикалық)
  7. Мыс пен шойын  ыдыстың  қайсысында  пісірілген  тамақ  тез  күйеді?  (Мыстан  жасалған  ыдыста  тез  күйеді, себебі  мыстың жылу сыйымдылығы (400Дж/кг*°С) шойынның (540Дж/кг*°С) жылу  сыйымдылығына қарағанда аз.)

 

ІІІ. «Алдар Көсе бізде қонақта»

 

1 – сұрақ: Бір күні аты әлемге айгілі Алдар Көсе Шықбермес Шығайбайдың үйіне қонаққа келеді. Ол келгенде байдың бәйбішесі сыртта бауырсақ пісіріп жатады. Алдар Көсе әңгіме айтып ұзақ отырып алғаннан сон, бай оны шайға шақырады. Шайға байдың қызы Бикеш темірден өріліп жасалған бауырсақты салып әкеліп, дастарханға қойып былай дейді:

— Бауырсақты ыстық кезінде жеген дәмді, сондықтан бауырсақ суып калмасын үшін, оны мына темірден өріп жасалған ыдысқа адейі салып әкелдім. Сонда көп білетін қу Алдар Көсе былай дейді:

— Жоқ, қарындасым, қателесесіз. Оданда бауырсақты ағаштан өріп жасалған ыдысқа салсаныз болғаны, бауырсағыңыз ұзақ уақыт ыстық қалпында сақталады.

Сұрақ : Алдардың берген кеңесі дұрыс па?

Жауабы: Дұрыс, ағаштан жасалған ыдыста бауырсақ баяу суйды, өйткені ағаштың жылу өткізгіштігі металдыкінен – темірдікінен аз.

2 – сұрақ: Үйде Алдар Көсе баймен сөйлесіп көп отырып алады. Ал байдың бәйбішесі сырттағы самаурындағы шай қайнаса да, отын бәсеңдетіп, шәйді үйге алып кірмей отыра береді. Біраз уақыттан кейін Алдар:

-Бәйбіше, сырттағы самаурындағы шай қайнап жатыр, — деген екен. Сонда асып – сасқан бәйбіше: -Оны қайдан көріп отырсың, қу Алдар? – деген екен.

Сұрақ : Алдар, шынында да, шайдың қайнағанын қайдан білді?

Жауабы: Шәй қайнағанда, судың ауа көпіршіктері су бетіне көтеріледі де, су бетіне жеткенде жоғарыдағы атмосфералық қысымның әсерінен жарылады, өзіне тән дыбыстар шығарады да ыдыс қақпағын көтеруі де мүмкін.

3 – сұрақ: Алдар шайға қанып  алып, орнынан тұрып кетуге ыңғайланады. Үй иесі есікті ашқаны сол еді, үйге бір мысық кіре кетті. Алдардың көзі кірген мысыққа түсті, мысықтың жүні үрпиген, мысыққа қарады да, құлақшынын алып жатып былай деді:

— Құлақшынымды кие шығайын далада суық екен – деді.

Сұрақ : Далада күннің суық екенін Алдар қайдан білді?

Жауабы: Үйге кірген мысықтың жүніне қарап Алдар далада күннің суық екенін білді. Күн суықта барлық жануарлар, соның ішінде мысықта жүнін үрпитіп, торсыйтады жүнның арасына көбірек ауа жинайды. Ауа жылуды нашар өткізеді.

 

 

ІV.«Біз есеп шығарамыз»

  1. Абсолюттік шкала бойынша дене температурасы 30 К. Цельсий шкаласы бойынша дене температурасы неге тең? Ж: -2430С
  2. Массасы 200 г ыстық шай 80 0С бөлме температурасына 20 0С дейін суығанда, қанша жылу мөлшерін жоғалтады? Ж: Q = 50,4кДж
  3. 168кДж жылу мөлшерін алған 4л судың температурасы неше градусқа көтеріледі? (ρсу=1000кг/м3) Ж: t=100С
  4. Цельсий шкаласы бойынша температурасы 200С. Абсолюттік шкала бойынша осы температурасы неге тең? Ж: 293K
  5. Массасы 1,5 т кірпіштен жасалған пешті 100С-тан 200С-қа дейін жылыту үшін қанша жылу мөлшері жұмсалған. Кірпіштің меншікті жылу сыйымдылығы 880 Дж/кг0С. Ж: Q=13200 кДж
  6. Термос көлемі 3 л қайнаған сумен толтырылған. Бір тәуліктен кейін судың температурасы 77 0С – қа дейін төмендеген. Судың жылу мөлшері қаншаға өзгереді? (ρсу=1000кг/м3) Ж: Q = -289,8 кДж
  7. Абсолюттік шкала бойынша дене температурасы 50 К. Цельсий шкаласы бойынша дене температурасы неге тең? Ж: -2430С
  8. 250г суды 50С-қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері кетеді?

Ж: 5250

  1. Стақан 250 см3 қайнаған су 14 0С – қа дейін суығанда қандай жылу мөлшерін береді. (ρсу=1000кг/м3)                 Ж: 90,3кДж

 

Есептерді шығарып, тақтадағы жауаптарымен сәйкестендіргенде төмендегідей Қазақстан Республикасының туы шығады.

 

  1. «Ғажайып ұяшық» бөлімінде ұяшықтарды таңдай отырып, сұрақтарына жауап беру. Дұрыс жауап берсе, таңдаған ұяшықтың ұпайы қосылады.

 

5 5 5
10 10 10
15 15 15

5 ұпай: Жаздыгүні қандай көйлек киген дұрыс: ақ түсті немесе қара түсті? (ақ   түсті, себебі:ол күн сәулесін нашар жұтады.)

Дененің температурасы артқан сайын оның  ішкі энергиясы қалай өзгереді?                                                    (ішкі энергиясы артады)

Денені көтергенде және оның жерге құлауы кезінде энергия қалай түрленеді? (Денені көтергенде потенциялдық энергиясы артады, жерге құлауы кезінде кинетикалық энергиялық кемиді)

10 ұпай: Ылғал үстелге қойылған қант біраздан кейін суды өзіне тартып алады. Себебін түсіндір? (Диффузия)

Егер қыстың аязды күндері металлға саусағыңды тигізсең, оған жабысып қалады, ал ағашқа тигізсең жабыспайды. Неліктен? (Өйткені металдың жылуөткізгіштігі жоғары болады, сондықтан жылы саусақты металға тигізген кезде жылу тезірек жүріп, саусақтың температурасы тез төмендейді. Тері қабаты дымқыл болғандықтан, саусақ металға қатып қалады. Ағаштың жылуөткізгіштігі төмен болғандықтан, саусақ температурасы баяу төмендейді, сондықтан саусақтың ағашқа жабысу құбылысы болмайды.)

Желдеткішті ашып қойғанда, бөлмедегі ауа қандай тәсілмен салқындайды.

15 ұпай: Суретті сұақтар. Болып жатырған құбылысты түсіндіріңіз?

 

 

Конвекция                         Сәуле шығару                   Механикалық жұмыс

 

 

VІ. «Топтастыру әдісі»

ІШКІ ЭНЕРГИЯ
Механикалық жұмыс
Жылу берілу
ЖЫЛУ БЕРІЛУ
Жылуөткізгіштік
Конвекция
Сәуле шығару

 

 

 

 

 

 

VІІ. Қорытынды

VІІІ. Үйге тапсырма:   Жылу құбылыстары тарауын қайталау

 ІХ. Бағалау

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *