Арыстанбекова Гүлшат Орынбасарқызы
№ 142 орта мектеп
Информатика пәнінің мұғалімі пәні
Менің жаңа форматтағы педагог ретінде қалыптасуым
Қытайдың дана ойшылы Конфуций айтқандай «Ескіден қол үзіп, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады» — деп , мұғалім өткен тәжірибесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызығушылығы жоғары, танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздықпен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек. Менің ойымша, қазіргі заман мұғалімі – рухани жағынан дамыған, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман болу керек.
Ал шығармашыл ұстаздың алдына қойған үлкен міндеті -оқушыларымызға заман талабына сай тәлім-тәрбие беру болып табылады. Қазіргі уақытта қызметті абыроймен атқару үшін және бізге аманат екен шәкірттерімізді білім шыңына шығару үшін, әрбір сәтімді берекелі түрде өткізуге тырысамын. Алдыма келіп отырған оқушыларды елбасымыздың қолдауымен жүргізіліп жатқан білім бастамасының мақсаты бойынша еркін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған сандық технологияларда құзырлық танытатын оқушы ретінде қалыптасуына өз үлесімді қосып жүрмін. Бұл білім бастамасының әдіс – тәсілдерін мен өз сабақтарымда ұтымды пайдаланып жүрмін. Күнделікті дәстүрлі сабақтарыма 7 модульді енгіземін. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, оқушылардың шығармашылық қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырамын. Мен үшін оқушылардың ойын дамыту, белсендігі мен дербестігін қалыптастыруда шығармашылық жұмыстарды тиімді жүргізе білудің маңызы ерекше. Оқу үрдісінде жаңа технологияның әдіс-тәсілдерін ұтымды қолдану – менің шеберлігімді шыңдау, біліктілігімді арттырудың бірден-бір жолы болып табылады. Оқытудың басты ерекшелігі – оқушылардың қарым-қатынасы арқылы тілін дамыту, оқушының дамуына жағдай жасау, оқушы оқушымен, топпен, ұжыммен, мұғаліммен қатынаста болуына жағдай тудыру. Сондықтан топтарды ұйымдастыру кезінде оқушылардың өзара қарым-қатынасын ескеріп, олардың бір-бірімен білім алмасуын, жеке тұлғасын дамытуға ықпал жасауына көңіл бөлемін. Сыныпты топтарға бөлмес бұрын, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін әр түрлі тренингтер өткіземін. Оқушылар сабақта тек тыңдаушы ғана болмай, әрекет үстінде болса, олардың алған білімдері нәтижелі болады, ал мен тек бағыттаушы боламын. Оған дәлел ретінде «Сыныптың компьютерлік желісі» бұл сабақтың мағынасы өте кең, айтар ойы тұщымды. Бұл сабақты балалардың желі туралы танымдық қабілеттерін қызықтыру мақсатында жоспарладым.
Мақсатым: Сыныптың компьютерлік желісімен танысады және оның қоғамдағы тиімділігіне талдау жасайды сонымен қатар компьютерлік желіде жұмыс жасауды үйренеді. Нәтижесінде оқушылар компьютерлік желімен жұмыс жасайды. Сыныпта оқушылар бірін-бірі тыңдауға, құрметтеуге, айтылған әрбір құнды пікірлерін сыйлауға, өз ойларын нақты жеткізе алуға, диалог құра білуге, топтық, өзара бағалау, дарындылық қабілеттерін аша білуге дағдыланады.
Сыныпқа кіріп амандасып, сынып журналы бойынша оқушыларды түгендеп, бүгінгі сабақты бастамас бұрын психологиялық ахуал қалыптастырдым.
Сабақ жоспарын төрт кезең бойынша:кіріспе, тұсаукесер, негізгі бөлім, қорытынды бөлім деп ала отырып жоспарлап жасадым.
Кіріспе бөлімінде шаттық шеңберін жасап болған соң жақсы көңіл-күймен сыныптан серпілген доп әдісі арқылы, техника қауіпсіздік ережесін диалог құрастыру мақсатында мына сұрақтарды оқушыларға беріп, жауабын тыңдадым.
Мысалы:допты «Е» есімді оқушы -ның қолына беріп,
— «Е» есімді оқушы сен қандай ТҚЕ -ін білесің?
— Кабельдердің қосылған орындарына тиюге болмайды
— «Г» есімді оқушы сен не айталасың?
— Жұмыс істеп тұрғанда экранға, монитор мен пернетақтаның сырт жағына тиюге болмайды.
— «М» есімді оқушы сенің қосарың бар ма?
— Кітап, дәптер және т.б. артық заттарды монитордың, пернетақтаның үстіне қоюға болмайды.
— Су киіммен, су қолмен компьютерде жұмыс істеуге қатал тиым салынады.
— Компьютер экранынан 60 — 70 см қашықтықта дұрыс, еңкеймей, жатып алмай отыру қажет, ал ұдайы көзілдірік тағатындар – көзілдірікпен отыру керек.
— Дисплей алдында 20 минут жұмыстан соң міндетті түрде 5 минут дем алу керек. Дұрыс айтасыңдар балалар деп оқушыларды мадақтау арқылы әрі қарай сабағамды жалғастырып кеттім.
Осы сабағымның қорытынды бөлімінде «Серпілген сауал» әдісі арқылы оқушыларға тапсырма бердім.
- “ «Г» есімді оқушы , сыныптың компьютерлік желісі туралы сен не ойлайсың ? ”
- Желі деп тізбектей жалғанған сымдарды айтамын
- “ «Е» есімді оқушы , Г- ның жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады ? ”
- Бір – бірімен байланысқан компьютерлік байланысты желі деп атаймыз
- “ «А» есімді оқушы , естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады ? ”
- Бір – бірімен байланысқан компьютерлік байланысты желі деп атаймыз . Желінің екі түрі бар. Ауқымды желі және жергілікті желі деп аталады. Біздің сыныбымызда компьютерлік желіге мысал келтіретін болсақ желілік принтерді айтуға болады.
Бұл мұғалімге арналған нұсқаулықтағы қайта бағыттау сұрақтарына келеді. Сұрақтың жауабы дұрыс болмаған жағдайда басқа оқушыларға сұрақты қайта бағыттау болып табылады.
Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім: оқушылардың сабаққа деген шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды. Білімге деген құштарлығы дамиды және зерттеуге ынталанады. Бұны мен сабағымда үлгірімі төмен оқушымның постер қорғаған тұсында байқадым. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына көмектеседі және қолдау көрсетеді. Сұрақ қою арқылы оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың иделарын құрметтеуіне , өз идеяларын толықтыруға және бағалауына ықпал етеді. Мұғалімге арналған нұсқаулықта көрсетілгендей әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді, іс-әрекеттерін тереңдетеді және жүзеге асырады. Білім берудегі қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтайды деп ойлаймын. Серпілген сауал әдісін орындауда «Г» есімді оқушының ойын толық жеткізе алмады ал «Е» есімді оқушы болса жауабын дұрыс таба білді бірақ бір нәрсе жетпегендей болды сондықтан мен «А» есімді оқушыдан сұрадым. «А» есімді оқушының ойын еркін жеткізе алады және де мысал келтіру арқылы сұрақтың толық нұсқасын берді. Сабақ соңында оқушылармен кері байланыс жүргізу барысында олардың ұсыныстарын ескеруге тырысып, келесі сабақтарымда оқушылардың көбірек ізденуіне, ғаламтормен орындалатын кеңейтілген тапсырмалар құру керек екендігін түсіндім.
Өнегелі ұстаздың ең басты қасиеті — әдіс-тәсілдерді жетік меңгеріп, орынды қолдана білуінде деп ойлаймын. Бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыз биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер :
1.Alexander, R., ( 2004 ). Towards dialogic teaching: rethinking classroom talk. [ Диалогтік сөйлесуді оқыту: сыныптағы әңгімелесулерді қайта түсіну. ] Cambridge: Dialogos UK.
- Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.Үшінші (негізгі) деңгей
- Дәріс материалдары
- Информатика 7 – сынып оқулығы, 2012 жыл