Басы » Тарих » Алаш партиясы

Алаш партиясы

Сарыарқа орта мектебінің

тарих пәні мұғалімі Матайбаева Жанар Сериковна

Сабақтың тақырыбы. Алаш партиясы

Сабақтың мақсаты.

        Білімділік: Оқушыларға  Ә.Бөкейханов бастаған Алаш қайраткерлерінің өнегелі өмір жолы, халқына, ұрпағына қалдырған мол мұрасы, халқын теңдікке жеткізу жолындағы атқарған қызметі, 1937-1938 ж. сталиндік зобалаң тұсында қуғындалғандығы жөнінде мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың өз ойын анық жеткізе білуге, өз беттерінше қорытынды жасап, құбылыстарды салыстыра, айырмашылығын ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжандылық, отаншылдық рухта тәрбиелей отырып, халық арасынан шыққан ұлы тұлғаларды қадірлей білуге үйрету.

 Сабақ типі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, миға шабуыл стратегиясы,  «тарихи тұлғалар» блиц-турнир, сәйкестендіру

Көрнекілігі: тірек-сызба, кесте, карта

Пәнаралық байланыс: әдебиет, алаштану

І Ұйымдастыру. Амандасу, түгендеу, оқушы назарын сабаққа аудару

ІІ Үй тапсырмасын сұрау. Қазақстан 1917ж ақпан, қазан төңкерісі аралығында

«Миға шабуыл» стратегиясы бойынша сұрақтар

1.Қазан төңкерісі қарсаңында Қазақстанда қандай саяси партиялар құрылды?

2.Қазан төңкерісіне қандай партия жетекшілік жасады?

3.Қазан төңкерісі қашан болды? Оның нәтижесі қандай?

4.Не себепті Қазақстанда Қазан төңкерісі қарсаңында көппартиялық жүйе қалыптасты?

Үй тапсырмасын қорытындылау үшін сызба көрсетіледі

ІІІ Жаңа сабақ. Алаш партиясы

Эпиграф. Ә.Бөкейхановтың сөзі: «Алыспаған , жұлыспаған бостандық атына мінбейді, бұғаудан босамайды.»

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Қазақ зиялылары Ақпан төңкерісін қуана қарсы алды. Себебі, уақытша үкімет демократиялық бостандықтар сөз, баспасөз, партиялар құруға ерік берді. Ә.Бөкейханов «қазақ халықтары үшін Туысқандық, Теңдік, Бостандық күні туды» деп жазды. Алаш зиялылары 1917ж. Орынборда бірінші жалпы қазақ съезін өткізді.

Саяси партиялар мен ұйымдар Құрылған уақыты Ұстанған бағыты Төрағалары
1 Алашорда 1917ж Қазақтар Ресей құрамында автономия алуы тиіс Ә.Бөкейханов
2 Үш жүз 1917ж Кеңес өкіметін жақтады  К.Төгісов
3 Большевиктер (КОКП) 1903ж Ресейде және ұлт аймақтарында Кеңес өкіметін орнату В.И.Ленин
4 Эсерлер (социалист-революционерлер 1900-1902ж Ұраны: Жер оны өңдейтіндерге берілсін В.М.Чернов
5 Кадеттер партиясы: (Конституцияшыл-демократиялық 1905ж Ресей конституциялық монархия болуға тиіс П.Н. Милюков
6 Түркістан Федералистер Партиясы (тұңғыш мұсылман партиясы) 1917ж Түркістан федерациялықПарламенттік республика болуға тиіс Зәки Валидов

 

 

1917жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен бірінші жалпықазақ съезінде қаралған мәселелер.

1.Мемлекетті басқару формасы. 2. Қазақ Ұлттық автономиясы. 3. Жер мәселесі. 4.Халықтық милиция ұйымдастыру. 5. Халыққа білім беру. 6.Соттар туралы. 7. Діни мәселе. 8. Әйел теңдігі.

  1. Азаматтардың құқықтары. 10 Алаш партиясын құру туралы.

Съезде Алаш партиясы құрылып, төраға болып Ә.Бөкейханов сайланды.

Ә.Бөкейхановтың өмірі мен қызметін сатылай кешенді талдау арқылы түсіндіру.

Қорытынды. Ә.Бөкейханов 1989 жылы 14.05. ақталды. Алаш ардақтысы, қазақ ұлтының ар-ұяты, әлемдік деңгейдегі саясаткер, жан-жақты ғалым.

1917жылы 5-13 желтоқсанда 2-жалпықазақ съезінде Алашорда автономиясы құрылды. Алашорда үкіметінің мүшелері:

 

 

Сөйтіп, тарихтың бетбұрысты кезеңінде Алаш партиясы қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды, бірақ билеуші партияға айналған большевиктер партиясы Алашордамен тіл табысу жолдарын қарастырмады. Кейін 1918 жылы БОАК қаулысында Алашорда өмір сүруін тоқтатты делінді.

Осыдан кейін Алаштықтар Кеңес өкіметімен келіссөз жүргізді. Осы ұлттық келісім тактикасын ұлы гуманист А.Байтұрсынұлы бастады.

    ІҮ Бекіту. Сәйкестендіру тесті.

1.Ібүкілқазақ съезі қашан болды?

2.Алашорда автономиясын құру жөнінде қашан айтылды?

  1. «Қазақ» газеті қай кезден бастап шығып тұрды?

4.БОАКтың қай жылғы қаулысымен алаштықтарға кешірім жарияланды?

5.Түркістан автономиясы қашан құрылды?

Ү.Қорытындылау.

Алаш қозғалысының тарихи маңызы.

1) Халықтың ұлттық сана сезімін оятты

2) Қазақ халқының дербес, қуатты, азат ел болуын қалады.

3) Жас ұрпақ бойында отаншылдық, елжандылық, ұлтжандылық қасиеттерді дарытты.

4) Өздерінің өнегелі өмірімен, биік  парасатымен асқан білімділігімен, халқына деген шексіз махаббатымен ел есінде, тарих тағылымында қалды.

ҮІ. Оқушыларды бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма. Тақырыпты оқу, Эссе жазу «Алаш қозғалысындағы отаншылдық сезім».

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *