Сарыарқа орта мектебінің
тарих пәні мұғалімі Матайбаева Жанар Сериковна
Сабақтың тақырыбы: Ауыл шаруашылығының дамуы. Тың игеру.
Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Отан тарихының тың игеру жолдарына тереңірек, толығырақ талдау жасауға баулу. ХХ ғасырдың 50-жылдары жүргізілген кеңестік жоспарлы экономикалық саясаттың маңызын ашу.
- Дамытушылық: Оқушыларға тың игеру саясатының жалпы бағыттарын көрсете отырып, олардың өзіндік ойлау қабілеттерін дамыту, өз ой-пікірлерін жеткізе білуге бағыттау.
- Тәрбиелік: Тарихи терминдерді қолдана отырып, сабақты меңгерту. Халықтың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін құрметтейтін, өз Отанын сүйетін саналы патриот азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ізденіс сабағы
Әдісі: Баяндау, АКТ, жеке жұмыс
Көрнекілігі: Карта, «Тұлғалар» атты буклет, слайд, интерактивті тақта
Пәнаралық байланыс: география
І.Ұйымдастыру. Амандасу, түгендеу, оқушы назарын сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. «Хрущев жылымығы». Экономикалық реформаларға талпыныс.
«Иә» «жоқ» тесті.
1.1949 жылғы Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н.С.Хрущев сайланды.
2.1940-1950 жылдардың басында биология, медицина және геология ғылымдары салаларында жемісті еңбек етіп жүрген көптеген ғалымдарға «космополит» деген айдар тағылды.
3.Қазақ КСР Жоғарғы сотының қылмысты істер жөніндегі коллегиясының укімімен Е.Бекмаханов 20 жыл мерзімге бас еркіндігінен айырылып, алыс лагерьлердің біріне айдалды.
4.Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптаған партия БК(б)П болды.
5.«Хрущев жылымығы» Республика өнеркәсібін қайта құрудан және одан әрі дамытудан көрініс тапты.
Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:
- 1940 жылдардың екінші жартысында халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуда қандай ілгерілеушіліктер болды?
- Ол ілгерілеушіліктер халық тұрмысы жақсарғандығының белгісі бола алды ма?
- 1950 жылдардағы тұрмыстағы оңды бетбұрыстарды атаңдар.
ІІІ.Жаңа сабақ. Тың игеру.
Жоспар:
1.Тың игеру саясаты.
2.Тың игеруге жаппай кірісу.
3.Сандар сөйлейді.
4.Жетістіктер.
5.Кемшіліктер.
6.Терминдер.
- Тың игерудің тарихи маңызы.
Тұлғаларға сипаттама беру (буклет)
1)Саясаты
1954 жылдың көктемінде
Елімізде астық өндіруді арттыру туралы, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы қаулы.
2)Жерлер
КСРО Қазақстан
Қазақстан, Қостанай, Ақмола,
Сібір, Солтүстік Қазақстан,
Солтүстік Кавказ, Көкшетау, Торғай,
Орал, Павлодар
Еділ бойы.
3)Сырттан келушілерге жасалған материалдық ынталандыру шаралары:
- Дүние –мүлкі тегін көшірілді.
- Әр отбасы басшысына 500-1000 сом, отбасы мүшелеріне 150-200 сом бір реттік көмек көрсетілді.
- 10 жыл мерзімге үй салу үшін 10 мың сом несие берілді.
- Азық-түлік көмегі ретінде 1,5 центнер ұн берілді.
- 2-5 жылға дейін ауыл шаруашылық салығынан босатылды.
- 1954 жылы наурызда Қазақстанға 250 мың әскер қатарындағы солдаттар келді.
4)Сандар сөйлейді:
- 1954-59 жж. Тың жерлерді игеруге 20 млрд сом жұмсалды.
- 1954-62жж. Қазақстанға 2млн адам келді.
- Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн гектар жер жыртылды.
- 1956 жылы республика 16 млн т астық жинады
- 1940-1950жылдар ішінде Қазақстанда 15 жаңа қала, 86 қала тұрпатты поселке, жүздеген шағын елді мекенде пайда болды.
- 1959-1965жж. Республика бойынша жалпы өнім өндіруді 70%-ға арттыру көзделгенімен, іс жүзінде ол 15 %-ға ғана артты.
- Қала халқының үлесі 1939ж 28%-дан 1959 жылы 44%-ға дейін артты.
- 1959 жылы қазақтың саны 2млн 700 мың болды.
5)Жетістіктер:
- Қала саны өсті.
- Халықтың өсуі артты.
- Халықтар ынтымағы артты.
- Астық өндіру жолға қойылды.
- Совхоздар көбейді.
- Қазақстан КСРО-ның астықты аймағына айналды.
- Қазақстан көп ұлтты республика болды.
- Жаңа елді мекендер көбейді.
- Еңбекшілер еңбек ерлігінің үлгісін көрсетті.
6)Кемшіліктер:
- Ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді.
- Қазақ мектептері жабылды.
- Қазақ тілінде баспасөз жабылды.
- Демографиялық тілдік ахуал өзгерді.
- Жер-су аттары орысшаланды.
- Тың игеру экстенсивті тәсілмен жүргізілді.
- Экологиялық жағдай ауырлады.
- Мал шаруашылығы төмендеді.
- Қазақстан жерін бөлшектеуге тырысты.
ІҮ.Сабақты бекіту:
- Сөйлемдерді толықтыр.
1.Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім
_ _ _ _ _ _ _жылдың көктемінде қабылданды.
- Орталықтың нұсқауы бойынша Қазақстан КП Орталық
Комитетінің бірінші хатшысы болып _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ сайланды.
- Тың игеру жылдары Қызылорда обл Шиелі ауданы «Қызыл
ту» ұжымшарының звено жетекшісі Ыбырай Жақаев _ _ _ _ _ _ _
_ рекордты өнім алуға қол жеткізді.
- 1954-1962жж Қазақстанға сырттан _ _ _ _ _ _ _ _ адам келді.
- Сырттан келушілерге материалдық көмек ретінде әр отбасы
басшысына _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _бір реттік көмек көрсетілді.
- Терминдерге анықтама беру.
Демобилизация Шовинизм Экология Интенсивті даму
Авантюрист МобилизацияЭкстенсивті даму
Субъективтілік Волюнтаризм БюрократияДемография
Картамен жұмыс.Тың игеру жүргізілген аудандарды картадан көрсету
Ү. Сабақты қорытындылау.
- Тәуелсіз Қазақстанның ауыл шаруашылық реформасына сипаттама беру.
- «Жекешелендіру» реформасының нәтижелеріне сипаттама.
ҮІ.Үйге тапсырма :§ 36 Тың және тыңайған жерлерді игеру саясаты. 5 сұрақтан тұратын тест құрастыру.
sposibo