Басы » Cыныптан тыс » «Қазақ хандығына 550 жыл» викториналық сайысы

«Қазақ хандығына 550 жыл» викториналық сайысы

tarbieОңтүстік Қазақстан облысы,Мақтарал ауданы

«Тоқтар Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі»

тарих пәні мұғалімі Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы

 «Қазақ хандығына  550 жыл» викториналық сайысы.

(Викторина — әртүрлі білім саласы бойынша ауызша және жазбаша сұрақтарға жауап беретін негізгі ойын түрі, бұл ойын  білімдарларға арналған)

Мақсаты: Ертістен Еділге дейін созылған сайын даланы өзіне бағындырып,1465жылы Шу өзенінің бойында алғаш «қазақ» деген атаумен Керей мен Жәнібек хандар ірге тасын қалаған Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл болған осы хандықтың тарихына деген сүйіспеншілігін арттыру.

Күтілетін нәтижелер:

  1. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы туралы білім мен түсінік қалыптасады;
  2. Алған білімдерін сараптай, талдай отырып өзгерістерді анықтайды және болашақты бағдарлай алады;
  3. Сын тұрғысынан ойлай алуға дағдыланады;
  4. Өз бетінше шешім қабылдап, дәлелдемелер келтіреді, қорытынды жасай алады;

Көрнекілігі: Безендірілген сынып,нақыл сөздер, тапсырмалар, сандар, әр топқа

даярлаған үстел,слайд-шоу.

Түрі: Топтық сайыс.

Барысы:

І.Ұйымдастыру сәті: Армысыздар бүгінгі «Қазақ хандығының құрылғанына – 550жыл» атты викториналық сайысын тамашалауға келген қонақтар және оқушылар! 1465жылдары Керей мен Жәнібек Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымызбен ар – ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту – сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрметіміз деп қабыл алыңыздар.
Түріктің бір бұтағы қазақ еді,
Қайсар мінез, өр еді, ғажап еді.
Жәнібек, Керей хандар басын қосып,
Өмірге келген еді қазақ елі.
Алтай мен Атыраудың арасында
Жетісу, жеті өзеннің сағасында.
Бірігіп Ұлы, Орта, Кіші жүз боп,
Хандық құрды қазақ өз даласында.

Елбасы 2015 жыл — ұлттық тарихымыздың ұлықталатын жылы екенін еске салды. Мәселен, 2015 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз.

Осы тарихи оқиғаға байланысты мектебіміздің 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылған сайысымызды бастасақ :
І. «Сені көргеніме қуаныштымын…» жаттығуы .                                                           Мақсаты: Қатысушылардың жағымды жақтарын анықтау.
Жаттығу барысы :
Әрбір қатысушы өз көршісіне келесі сөздерді айтады: «Мен сені көргеніме қуаныштымын, себебі …». Бұл сөйлемді адамның сыртқы келбетіне байланысты сөзбен емес, мінез ерекшеліне байланысты сөзбен аяқтау керек.
Бұл жаттығуды орындау сізге қиын болды ма?
Көршіңіз «Мен сізді көруге қуаныштымын » деген сөзді айтқан кезде қандай сезімде болдыңыз?

ІІ. «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар»

  • Топ басшылар ортаға шығады;
  • Барлығы 10 сұрақ беріледі;
  • Жылдам жауап беріледі;

Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

  • Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар?
  • Керей мен Жәнібек сұлтандармен бірігіп көшкен алғашқы ру-тайпалардың атауы?
  • Қазақ хандығы қашан,қай жерде құрылды?
  • Керей мен Жәнібек сұлтандарға қоныс,жер бөліп берген Моғолстан ханы?
  • Керей мен Жәнібек сұлтандар бөлініп кеткен хандық?
  • Қазақ хандығының құрылуы туралы мәлімет беретін тарихи шығарма?
  • Қазақ хандығының алғашқы территориясы?
  • Қазақ хандығының Жәнібек ханнан кейінгі үшінші ханы?
  • Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының астанасы болған қала?
  • Қазақ хандығының құрылуы туралы жазылған “Тарихи Рашиди” еңбегінің авторы?

ІІІ. «Шөлқандырар»

  • Интерактивті тақтада торкөздер берілген;
  • Әр торкөздер ұпайлар көрсетілген;
  • Ұпай таңдай отырып, торкөздерде жасырылған тапсырмаларды орындайды;
  • Әр дұрыс жауап ұпай санымен байланысты.

 

Жылдар 20 30 40
Тұлғалар 20 30 40
Терминдер 20 30 40

Жылдар:»20″ Қазақ хандығы құрылған мерзім?

«30» Хақназар хан ел билеген жылдар?

«40» «Ордабасы» Ұлттық тарихи,мәдени және табиғи қорығы құрылған жыл?

«Тұлғалар». «20» Қазақ хандығы туралы дерек қалдырған тарихшы?

«30» Абылай ханның 7 – інші ұрпағы,биыл 100 жылдық мерейтойы атап өтілген тарихшы ғалым?

«40» Абылай ханның дүние жүзіне танылған атақты ұрпағы,қазақтан шыққан тұңғыш географ,саяхатшы,тарихшы,әдебиетші,ағартушы,ғалым?

«Терминдер». «20» Сұлтан?  «30» Ханталапай? «40» «Арыс»

 

ІҮ.»Тақымқысар».Есте сақтау қабілетін жақсарту үшін мозаиканы жинақтау.

Топтық жұмыс жүргізу арқылы сөздердің мағынасына қарай мәтін құрастырыңыздар:

 

Керей ұлы Қазақ екі негізін
хан — хандығының тарихи қалаушы тұлғаның
алғашқы ханы бірі, қазақ болатын.

Жауабы: Керей хан — Қазақ хандығының негізін қалаушы ұлы екі тарихи тұлғаның бірі, алғашқы қазақ ханы болатын.                                                                                                             Ү. “Нартәуекел”. 

Әр топқа тапсырмалар кеспе қағазға жазып беріледі.Кеспе қағаздарға тарихи тұлғалар есімдері жазылған.Әр топтан сайыскерлер ретімен келіп кеспе қағаздағы есімі жазылған тарихи тұлғаны қарсылас топқа жұмбақтап сұрайды.Мысалы: 1598-1628 жылдары ел билеген қазақ ханы? (Қасым).

«Жеті жарғы» заңдар ережесін негіздеген хан? (Тәуке).                                                Қазақтың соңғы ханы? (Кенесары),т.с.с.

  • Әр тапсырма 10 ұпаймен бағаланады;
  • Бір топ екінші топтан  “нартәуекел” сұрайды.
  • Екінші топқа нартәуекел беріліп, олар дұрыс жауап бере алмаса, ол ұпай бірінші топқа беріледі;
  • Егер нартәуекел берілмей, олар қате жауап берсе, олардың ұпайы шегеріледі.

ҮІ.Қорытынды.

Құрметті ұстаздар қауымы және оқушылар бүгінгі іс шараға қатысқандарыңызға үлкен рахмет.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деген. Сондықтан әр қайсымыз өз еліміз тарихын әрқашанда жадымызда сақтап, мақтан етейік.
Көк аспан түсіндей желбіреп байрағы,
Бір мүдде бір мақсат алдына қойғаны.
Көк түрік отаны бүгінгі қазақтың,
Тәуелсіз мәңгілік ел болу арманы,- деп сайысымызды аяқтаймыз. Келгендеріңізге рахмет.

Әділқазылар сайыста жеңімпаз топты анықтап, марапаттайды.

1 пікір

  1. тамаша екен!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *