Басы » Бастауыш сыныптар » 4 санын қосу кестесі. 76-сабақ

4 санын қосу кестесі. 76-сабақ

gulshatШығыс Қазақстан облысы   ы  Аягөз ауданы  Мәдениет ауыл

 Е. Рахмадиев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің

бастауыш сынып мұғалімі, 

Гүлшат Өмірғалиқызы Жақыпбаева

Сабақтың тақырыбы: 4 санын қосу кестесі. 76-сабақ

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:   4-ті қосу кестесін құрастырып және қосылғыштың  біреуі 4 болып   келген  жағдайдағы санның құрамы жайлы оқушының білімін бекітемін.

Дамытушылық:  Есептеу дағдысын, танымдық қабілетін арттырып, жеке, топпен жұмыс істей алуына жағдай жасаймын.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жылдамдыққа,  бірін-бірі сыйлап, құрметтеуіне үйрете отырып, тәрбиеленеді.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақтада слайд, таратпа материалдар, тақырыпқа байланысты ойындар, 4-ті қосу, азайту кестесі.

Оқыту әдісі: түсіндіру, топтау, іздендіру

Сабақтың түрі: жаңа сабақты бекіту сабағы

Оқыту нәтижесі:  оқушылар 4 санын қосып, азайта алады, ережелерді  сабақта қолдана алады, тақырыпты түсінеді.

 

Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Уақыты
І.Ұйымдастыру кезеңі — Суретте нені көріп тұрсыңдар?  Қардың астында келе жатқан қоянды. Ендеше сол қоянды қардан тазалап алайық. Әрқайсысың бір-бірден қарды алып, топқа бөлініңдер. (Оқушылар 1,2,3 деген топтарға бөлінеді.) Топқа бөлініп, топ ережесін жасау 2мин
ІІ. Үй тапсырмасын қайталау Өз беттерінше орындауға берілген есеп берілген, әр топтан екі оқушыдан сұраймын.

Өрік ағашы- 3

Шие ағашы- 4

Ш:3+4=7

Ж: 7 түп ағаш.

Шығарылған есебімізді тақтамен тексерейік. Өте жақсы, балалар!

 

Әр топтан 2 оқушы шығып, шығарған есептерін оқиды.

5мин
ІІІ.Жаңа тақырыпты меңгерту
  • Жаңа өздерің қазір қыс мезгілі екенін айттыңдар, осы қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?

Топ болып бөлініп отырдық, осы топтарыңмен ақылдасып, маған алдарыңдағы аққаланы құрап беріңдер.

4+4  =8 Құрадық па?Дұрыс. Оларда нелер берілген?Өрнектер. Қандай өрнектер?

 

5+4  =9

6+4  =10

Сандарға 4 санын қосып тұрмыз. Алдыңғы сабақтарда тағы қандай сандарға 4-ті қосып едік?

3+4=  7             4+3= 7

2+4 =6               4+2 =6

1+4 =5               4+1 =5

Не байқадық?  Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді. Санға 1,2,3 –ті қосқанда бұл туралы айтқанбыз.

5+4= 9

6+4 =10

Тақырыпты түсінеді.

 

 

 

 

Әр топқа жеке берілген аққаланы құрап, өрнектер туралы өз ойларын айтады.

 

 

 

 

 

Ережені қорытып шығарады.

8 мин
ІV.Тақтамен жұмыс . Тақтамен, дәптермен жұмыс жасаймыз.

Дәптерлеріңе әдемі жазу үшін 4 санын жазып аламыз.

Қосу, азайту  амалының компоненттерін есімізге түсірейік. №1. Тапсырманы тақтада орындаймыз. Кім тақтаға орындайды?

4+4 =8                 10-4= 6

5+4 =9                 9-4  =5

6+4 =10               8-4  =4

Тақтаға орындатып, дәптерлеріне жылдам жазғызу 5мин
  1. Сергіту сәті
Музыка қосу. «Көңілді күн» Музыка ырғағымен би қимылдарын жасайды 3 мин
VІ.Топтық тапсырма
  1. Топтық жұмыс. Топтарыңмен ақылдасып, кестені толтырайық.
4 5 6
    +4 8 9 10

Жұптық жұмыс. Жұптарыңмен ақылдасып шығарыңдар.

Сапар -10 дәптер

Ақан  — ?, 4 дәптер кем.

Ш: 10-4 =6

Ж: 6 дәптер.

Топтарында ақылдасып, толтырады. Бір оқушы қорғайды.

 

 

12мин
VІІ. Қорытынды  Бүгінгі тақырыпты қайталайық. Тақтада өрнектер шығады, сендер алдарыңда жатқан цифрлармен тек жауабын ғана көрсетесіңдер.

8,9,10.

Бүгінгі сабақта не білдім? Не үйрендім? Дұрыс жауапты цифрларды көтеріп отырып айтады. 5 мин
VІІІ.Үйге тапсырма 113бет, №3 Берілгенін оқып отырып шығарады 2 мин
ІХ.  Бағалау Смайликтерді санап, бағалаймын. Қолдарындағы смайликтерді санайды 2 мин
Х.Кері байланыс Стикер смайлик таратып беріледі Бүгінгі сабақ туралы өз рефлексиясын смайлик арқылы көрсетеді. 1 мин

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *