Басы » Биология » Биология пәнін оқытудағы құзыреттілікті әдіс-тәсілдер

Биология пәнін оқытудағы құзыреттілікті әдіс-тәсілдер

Қостанай қаласы, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, биология пәнінің мұғалімі

Иманкулова Алмагуль Маратовна

Биология пәнін оқытудағы құзыреттілікті әдіс-тәсілдер

«Қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде
саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын,
ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты,
мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру – біздің басты мақсатымыз»
Н.Назарбаев
Білім саласын жаңартудың басты стратегияларының бірі — оның мазмұнын жаңарту болып саналады. Білім мазмұнының жаңарту үшін интеллектуалдық, азаматтық-құқықтық, коммуникативтік және акпараттық салалардың құзыреттіліктерін толықтырылуы қажет.
Психологияда баланың дамуы оған жақын адамдармен қарым-қатынас жасауынан басталады деп қалыптасқан. Әрине, баланың эмоционалдық дамуы, ең алдымен, анасымен қарым-қатынас жасауынан басталады, содан кейін ғана баланың дамуы адамдардың арасындағы қарым-қатынас жүйесінде қандай орын алатынына байланысты.
Басқа адамдармен қарым-қатынас жасау үрдісінде ғана бала жалпы адамзаттық тәжірибе жинақтайды, белгілі бір дағдыларға ие болады, өзінің түсінігін қалыптастырады, сонымен қатар өсіп келе жатқан ұрпақтың оқу және тәрбиелеу қызметтерін де қарым-қатынас арқылы жүзеге асыруға болады. Педагогикалық қарым-қатынастың субъектілері болып мұғалімдер мен оқушылар саналады. Барлық зерттеушілер коммуникативтік қабілеттерді педагогикалық қабілеттерге жатқызады. Оқу үрдісіндегі қабілеттерді шартты түрде түсіністік, қызметтік және коммуникатив�
�ік деп бөлуге болады. Оқыту үрдісін ұйымдастыруда оқушы өзінің мүмкіндіктерін толық пайдалана алатындай, сонымен қатар, жаңа құзыреттіліктерге ие болу мақсатында оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері қолданылады.
Төмендегідей коммуникативтік қабілеттерді атап кетуге болады:
-басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу, яғни ортақ нәтиже алу үшін жұппен және топпен диалог құру;
-қарым-қатынас құралы ретінде тілді игеру, ғылым, математика мәдениет және шет тілдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырата білу;
-кестелер, карталар, жоспарлардық тілін түсіну, табиғи және әлеуметтік кеңістікті түсініп, тиімді қолдана білу;
-өзінің «мен» деген тұжырымын қалыптастырып, біреудің пікіріне сыни тұрғыдан қарай біліп, өзін-өзі және қасындағы сыныптастарын нақты бағалай білу.
Дарынды балаларымыз жаңа ақпараттық қоғамның жаңа ұрпақ адамдары. Сондықтан оларға ақпаратпен жұмыс жасай алатындай дағдыларды қалыптастыру қажет. Мектеп түлектерін мектептен кейінгі өмірге, яғни олардың алдында туындайтын мәселелерді шеше білетіндей дағдыларға, қабілеттерге және қасиеттерге ие болатындай етіп даййындауымыз керек.
Осыған орай, оқушы бойында қандай тұлғалық қасиеттерді дамытуға болады?
Басқа адамдармен, қоршаған орта объектілерімен қарым-қатынас жасай алатындай коммуникативтік қасиеттер; ақпаратты іздестіріп, оны талдап және тасымалдай білу; топ пен ұжымда әр түрлі әлеуметтік рөлдерді атқара білу; қазіргі заманғы телекоммуникациялық технологияларды қолдана білу (интернет желісі, элетрондық пошта, т.б.)
Компьютерді қолдану оқушылардың жаңа ақпаратты қабылдау, сабақтарда алған білімдерін білімді бекітуге, практикалық және зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру үшін септігін тигізеді.
Жоғарыда аталған құралдарды оқыту үрдісінде тиімді қолдану:
— ақпаратпен жұмыс жасау үшін коммуникативтік және ұйымдастырушылық дағдыларды дамытуға;
— ақпаратты талдаудың логико-семантикалық тәсілдерін, алгоритмдік үдерістерге;
— тұлғаның ойлау қабілетін жаттықтырып, дамытуға;
— ақпаратты қабылдауға тұрақты бағдар беруге көмектеседі.
Білім стандарттарында әрбір пән үшін қалыптастырылатын құзыреттіліктер беріледі. Соның ішінде әлеуметтік құзыреттіліктер қоршаған ортамен, қоғам өмірімен, қоғамның әлеуметтік қызметімен тығыз байланысты. Биология сабақтарында мұғалім ақпараттық-коммуникативтік құзыреттіліпен қатар, жаңаша оқыту технологияларын қолдана алады. Мысалы, проблемалық оқыту, перспективті алдын-ала оқыту, сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, деңгейлік тапсырмаларды қолдану, оқытудың топтық және интербелсенді түрлерін қолдану.
Биология сабақтарында Кембридж бағдарламасына сәйкес жеті модульді оқыту тиімді қолданылады. Атап кететін болсақ, мысалы, 7 сыныпта биология пәнінен «Омыртқалы жануарлар» тарауына тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау барысында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында әрбір сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып «Оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер» модулінің «Диалогтік оқыту» стратегиясының топтық жұмыс, жұппен жұмыс тәсілдерін; «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулінің «Ассоциация», «�
�кі жақты күнделік», «Синквейн», «Кубизм» стратегиялары; «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулінің өзін-өзі, жұпты, топты бағалау, критериалды бағалау, формативті бағалау стратегиялары тиімді қолданылып, әрбір сабақтың соңында рефлексивтік есеп жасалып, дарынды балалармен жан-жақты жұмыс жасалып, әрбір сыныпта көшбасшы оқушы анықталуда.
Биология пәнінен сабақтарды жоспарлау барысында жеті модульді тиімді қолдану нәтижесінде оқушылардың бойында жоғарыда аталған құзыреттіліктер қалыптасуда.
Елбасымыздың «Қазақстан – 2050» стратериясында: «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады» деген болатын.
Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты Назарбаев интеллектуалдық мектептері тәжірибесін алмастырушы мектеп болғандықтан, мектебімізде 6-7 сынып оқушылары үшін биология пәнінен «Science» бағдарламасына сәйкес сыныптан тыс ағылшын тіліндегі курсы жүзеге асырылады. Бұл бағдарлама бойынша оқушылар тек биологиялық қана емес, басқа да жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден ағылшын тілінде білімдерін толықтырады. Соған сәйкес тақырыптық-терминологиялық сөздіктермен жұмыс жасап, тә�
�ірибе жүзінде қолдануда. Мысалы, «Cellular organization» тақырыбында оқушылар «Review questions», «True or false», «Matching», «Fill in the blank», «Multiple choice» тапсырмаларын орындап, шығармашылық топ құрып, ізденіс жұмыс жасап, баяндама қорғады. Сәйкес тақырыптары бойынша жасалған жұмыс нәтижелерін оқушылар мұғалім «В контакте» интернет сайтында құрған «Biology in English» тобына тіркейді. Осы бағдарламаны жүзеге асыруда оқушылардың биология және ағылшын тілі пәндеріне қызығушылықтары артып, шығармашылық, ұйымдастырушылық, зерттеушілік, шешендік және т.б. білімдері мен қабілет
терін анықтауға мүмкіндік береді.
Сыныптан тыс уақытта жасалатын жұмыстың басты бағыттары:
-пәндік олимпиадаларға дайындық және оларға қатысу;
-пәндік апталықтарды өткізу;
-ғылыми-жоба жұмысы;
-жоғары сыныптарда үйірмелер мен модульдік;
— жазғы экологиялық жұмыстар.
Ғылыми жобамен оқушы жекелей және мұғалімнің бағыттауымен, сонымен қатар, топпен жұмыс жасай алады. Әр түрлі жастағы оқушылардың өзара әрекет жасауы оларға өздерінің қабілеттерін толықтай ашуға мүмкіндік береді.
Мұғалімнің төмендегідей құзыреттілік компоненттерін атап кетуге болады:
-оқушыларды ынталандыру;
-пәннің мазмұнын толық білу;
-сыныппен кері байланыс;
-пәнаралық және пәнішілік байланысты құра білу.
Мұғалімнің оқыту үрдісіндегі соңғы нәтижесі болып оқушылардың бойында төмендегідей коммуникативтік қасиеттерді дамыту болып саналады:
-әрекет жасай білу қабілеттері;
-әр түрлі өмірлік жағдайларда мәселелерді шеше білу;
-өзара түсіністік дағдылары, әлеуметтік және қоғамдық құндылықтар;
— коммуникативтік дағдылар;
-әр түрлі әлеуметтік жағдайда жан-жақты болу.
Тұлғаны дамытуға бағытталған жұмыс барысында педагогикалық әрекеттердің әр түрлі болатынын ұмытпау қажет. Коммуникативтік қабілеттерді атап кететін болсақ, әрбір тұлға жекелей дамитындығын есте сақтаған жөн: әрбір тұлғаның жетістігі тек пәндік білімге ғана емес,сонымен қатар ойлау қабілеттерінің ерекшеліктеріне және жеке тұлғалық қабілеттеріне тәуелді.
Пайдаланылған әдебиет тізімі
1. И.А. Зимняя. Ключевые компетентности как результативно-целевая основа компетентностного подхода в образовании. — М., 2004.
2. Н.Л. Галеева, Сто приемов успеха ученика на уроках биологии: Методическое пособие для учителя. – М.: «5 за знания», 2006.
3. http://monit.ucoz.ru/
4. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *