Ақмола облысы. Қорғалжын ауданы
Қараегін ауылы Ш.Уалиханов атындағы орта мектептің
биология , география пәнінің мұғалімі
Жанболатова Баркыт Магумуровна
Сабақтың тақырыбы: Сезім мүшелері — -Анализаторлар.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың сезім мүшелері туралы білімдерін жетілдіру.
- Дамытушылық: Рецепторлардың адам өміріндегі маңызына мән бергізу, олардың ролдерін өздеріне дәлелдету.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дамыту.
3.Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа, ұқыптылыққа тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнектілігі: Сезім мүшелерінің суреттері, интерактивті тақта.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс – тәсілдері: СТО технологиясының тәсілдері.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.(сәлемдесу, оқушыларды түгендеу).
2.Үй тапсырмасын тексеру.
Адамның миы қайда орналасқан?
- Салмағы қанша? (1300 – 1400 г)
- Адам миы қанша жасқа дейін өседі? (20 жасқа)
- Ми қанша бөлімнен тұрады? (5 аралық ми, ортаңғы ми, артқы ми, сопақша ми, мишық).
- Жұлын қайда орналасқан?(омыртқа жотасының өзегінде).
- Оның диаметрі (1 см).
- Рефлекс дегеніміз не? (орталық жүйке жүйесі мен іске асырылатын және бақыланатын, тітіркендіруге жауап реакциясы).
3.Қызығушылықты ояту.
«Кім сезгіш» ойыны. Оқушыдардың көздерін байлап, алдарына ащы құрт, қант, конфет, ерлер мен әйелдер иіс суы, лимон,алма т.б.заттар беріледі. Оқушылар қысқа уақыт ішінде, көздері жабулы күйінде заттарды сезім мүшелері арқылы табады.Осылайша кімнің сезгіш екендігін анықтаймыз және сезім мүшелері дегеніміз не екендігіне тоқталып өтеміз.
4.Мағынаны тану кезеңі.
-Сезім мүшелері – анализаторлар.
— Анализаторлар – рецепторлы мүшеден, жүике жолдары, үлкен ми сыңарлары мен қоса ми орталықтарынан тұрады.
— Кез келген анализатор негізгі үш буыннан тұрады.
Жүйке жолдарынан
(өткізгіш буын) |
ми орталығынан |
Рецепторлар
(қабылдаушы буын) |
— Анализатор жұмысына байланысты пайда болатын сезім қабылданатын
тітіркендіргіш әрекетінің сипаты, белгісі бойынша бөлінеді.
а) арақашықтыққа (көру, есту, иіс сезу);
ә)жанасқанда (тері, дәм сезу.);
б) химиялық (иіс,дәм);
в) механикалық (есту, сипап сезу);
г)жарық (көру);
Ой толғаныс кезеңі.
1.Биологиялық диктант.
………………… қоздырғыш әсердің тікелей әсерінен қозуға түседі.Қорек заттар белгілі бір қашықтықта тұрса сезім тумайды. Сондықтан ……………….. рецепторларын ……………… дейді. ……………. жүйеге иіс және дәм сезгіш рецепторлары жатады. Дәм сезу бүртіктері төрт дәмді сезеді: біріншісі — ………….., екіншісі — ……………, үшіншісі — …………….., төртіншісі — ………… дәмін сезеді.Кейбір қолайсыз иістер қорғаныш ………………. тудырады.Ауыз қуысында дәм сезу рецепторынан басқа жылусезу, заттың қаттылығын сезетін ……………….. бар.
- Топтастыру стратегиясы.
Анализаторлардың
түрлері. |
- Тест тапсырмалары:
1.
4.Insert — түртіп алу жүйесі.
Білемін.
|
Меңгердім | Не білуім тиіс | таңқалдырды |
Үйге тапсырма:&17 оқу және сәйкестігін анықтаңдар кестесін толтыру.
1.Биологиялық диктант.
………………… қоздырғыш әсердің тікелей Рецепторлар
әсерінен қозуға түседі.Қорек заттар белгілі Көру,есту,иіс сезу
бір қашықтықта тұрса сезім тумайды. Химиялық
Сондықтан ……………….. рецепторларын Тәтті
……………… дейді. ……………. жүйеге иіс Ащы
және дәм сезгіш рецепторлары жатады. Тұзды
Дәм сезу бүртіктері төрт дәмді сезеді: Қышқыл
біріншісі — ………….., екіншісі — ……………, Сезімін
үшіншісі — …………….., төртіншісі — ………… Рецепторлар
дәмін сезеді.Кейбір қолайсыз иістер
қорғаныш ………………. тудырады.Ауыз
қуысында дәм сезу рецепторынан басқа
жылусезу, заттың қаттылығын сезетін
……………….. бар.